Еңбекті қорғау



бет11/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62
Байланысты:
treatise36891

2.2. ТЕРМИЯЛЫҚ КҮЮЛЕР

Қолдың І және ІІ дәрежелі термиялық күюлері – көп кездесетін зақым. Дегенмен өрт кезінде және әсіресе, адам үстіндегі киім жанғанда күюдің одан да ауыр түрлері болуы мүмкін.


Ауыртпалық дәрежесіне қарай күю – шартты түрде төрт топқа бөлінеді:
I дәреже – тері эритемасы (қызару), II дәреже – күлбіреудің пайда болуы, III дәреже – терінің жекеленген бөліктерінің жаны кетуі, IV дәреже – терең жатқан ұлпалардың жаны кетуі. Дененің 50% бөлігі I дәрежелі күюмен зақымданғанда қауіпті, 25-30 % беттік II дәрежелі күюмен және 25% -дан аз беттік (адам алақаны шамамен оның денесінің 1% -ын құрайды) III дәрежелі күюмен зақымданғанда, адам естен тануға ұшырайды.
Ауыр термиялық күю кезінде жасалатын алғашқы көмек мақсаты – күйген бөлікті ауыртпауға тырысу және былғанудан, тітіркенуден, жарақаттан сақтау.
Тері термиялық күюге (I дәрежелі шамалы күюден басқа) ұшыраған кезде дәрігер шақыру немесе зақымданған адамды тез арада жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізу керек.
Медициналық көмекке дейін абайлап, жарақаттандырып алмай, күйген жерді жалаңаштандырып, оны құрғақ асептикалық баумен жауып қою керек. Күйген жерден жабысып қалған киім қалдықтарын жұлуға немесе қалайда болса оны тазалауға болмайды. Күйген жерді маймен өңдеуді немесе оған компрессор салуды, тек маманданған медицина қызметшісі ғана жүргізе алады.
Күйгеннен кейін алғашқы бір сағатта қатты ащып ауыратындықтан, зақымданған адамның жалпы халі төмендейді. Сондықтан қолда бар кез-келген ауырғанды басатын дәрі: амидопирин (0,5г), анальгин (0,5-1г), ацетилсалицил қышқылын беруге болады. Димедрол (0,5г) немесе супрастин (0,025г) қабылдауға да болады. Ауырғанды басатын құрал ретінде құрғақ суық заттарды (мұз, қар, бөтелкеге немесе полиэтилен мөшегіне құйылған суық су) таңылған асептикалық баудың үстінен ұстап қолдануға болады. Суыту, сонымен қатар күйген ұлпалардың қабынуын басып, ісіп қызару процесін тежейді.
I дәрежелі күюден басқа кезде, зақымданған жерді суық суға салуға болмайды. Алғашқы көмек көрсету кезінде күйген жерді этил спиртімен, сутегінің асқын тотығымен немесе басқа да заттармен жууға, майлар жағуға, ас содасы, крахмал т.с.с. себуге тиым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет