Құрғақ құм. Өртке қарсы қауіпсіздік нормаларына сай әрбір зертхана бөлмелерінде құм міндетті түрде болуы тиіс. Аз мөлшерде жанған ЖС немесе ОЖС және қатты заттарды, соның ішінде сумен өшіруге болмайтындарын сөндіру кезінде құм пайдалану ұсынылады. Құмның басқа өрт сөндіргіш құралдарға қарағанда, тиімділігі біршама аз. Бірақ ол арзандығымен ерекшелінеді.
Төгілген ЖС-ды жинау мен сөндіруде құмның орнына, табиғи қышқылдық жанар тау жыныстарынан термиялық өңдеу арқылы алынған фильтроперлитті ұнтақтарды қолдануға болады. Фильтроперлитті ұнтақтарды жабық бидон немесе коетейнерлерде сақтайды.
Төгілген ЖС-ды жинауда құмды пайдаланған жөн. Бірақ органикалық сұйықтарды аз сіңдіретін болғандықтан, басқа ағаш қиқымы, тарқатылған асбест матасы, лигнин, фильтроперлит сияқты, сіңдіргіштігі құмнан жоғары затарды қолдану ұсынылады. Бұл заттарды төгілген сұйық үстіне, оны әбден сіңдіргенше сеуіп қояды, одан кейін қалақпен жинайды. ЖС сіңген массаны жағып жіберген дұрыс.
Сұрақтар:
1. Өрт сөндіруші бастапқы құралдарға не жатады?
2. Көбікті өрт сөндіргіштердің зертханадағы қолданылуында қандай шектері бар?
2. Арнайы өрт сөндіргіш құралдардың өзіндік пайдалану салалары қандай ?
3. Басқа да қандай өрт сөндіргіш құралдарын білесің және оларды қандай жағдайда қолданады?
4. ШЫНЫ ЫДЫС ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
4.1. ҚАУІПТІЛІК КӨЗДЕРІ
Қазіргі заманға сай зертханаларда жұмыстың басым жағы шыны ыдыстар, жабдықтар мен аппаратураларды пайдаланумен байланысты. Шыны ыдстардың көпшілігін қолайлы басқа материалдармен алмастырғанымен, зертханалық негізгі ыдыстар дегенмен шыныдан жасалады. Қауіпсіздік техникасы көз қарасынан қарағанда, шынының ең негізгі кемшілігі - оның сынғыштығында. Шамамен санағанда, жалпы апат пен оқысқа ұшыраудың 80 -ы осы шынылармен жұмыс істеудегі немқұрайлықтың салдарынан болады.
Шынымен жұмыс кезіндегі ережелерді бұзуда оқыс жағдайдың көбі микрожарақат (ары қарай жұмысты жалғастыруға болатын) және жеңіл жарақат (жұмысқа қабілетсіздігі бір немесе бірнеше күнге жарамсыз болғанда) категорияларына жатады. Бірінші орында – шыны ыдыс, жабдықтардың детальдары сынғандағы қолды кесу, сонымен қатар жоғары температураға дейін қызған ыстық шынылармен жұмыста немқұрайлық салдарынан болатын қолдың күюі. Әсіресе қауіптілік тудыратын - химиялық қосылыстармен былғанған ыдыстардың сынығымен қолды кесу, мұнда улы зат тікелей қанға түсуі мүмкін.
Шынылармен жұмыс істеу ережелерін өрескел бұзған кезде, ұзақ уақыт еңбекке жарамсыздыққа ұшырататын және орта дәрежелі жарақат категориясына жататын қол білезігінің, сонымен қатар сіңірдің қатерлі жарақаты болуы мүмкін.
Ауыр жарақаттар (ұзақ уақыт емделуді қажет ететін) және кемтарлыққа соқтыратын жарақаттар шыны сынықтарының көзге түсуінен болуы мүмкін. Мұндай қауіптіліктер жеке қарғаныш құралдарының (көзілдірік, маска) және шыныны механикалық өңдеу кезінде, вакуумды жабдықтармен жұмыста және жалпы барлық жарылу қаупі бар шынылы аппаратуралармен жұмыс жасағанда пайдаланатын қауіптілік құралдарының жоқтығынан болады.
Шынылы аппаратуралар сынған кезде жарақат алудан басқа - өрт, жарылыс, улану және химиялық күю сияқты оқыс жағдайлар да болуы мүмкін.
Шынылармен байланысты жұмыста қауіпсіздік техникасына ерекше көңіл бөліп, машықтанбаған және бастауыш жұмысшыларды үйрету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |