Химиялық реактивтердің, органикалық еріткіштердің, химиялық заттардың сулы ерітінділерінің қалдықтарын су құбырына құюға тиым салынады. Мұндай қалдықтар жұмыс уақытының соңында, оларды орталықтандырып жою мақсатындағы, қалдықтарға бөлінген арнайы орындарға апарылуы тиіс.
Зертханадағы барлық қызметкерлер оқыс жағдайда алғашқы көмек көрсету амалдарын - қан тоқтатуға арналған дәкені байлауды, жасанды дем алғызуды, жүрекке массаж жасауды білуге міндетті. Әрбір жұмыс орнында көрнекті жерде алғашқы көмек көрсетудің толық жиынтықталған дәрі-дәрмектер қорабы болуы қажет.
Апат болған жағдайда көмек көрсетуге мүмкіншілік жоқ жерде жұмыс жасауға тиым салынады: жұмыс сипатына қарамастан кешкі және түнгі уақытта, сонымен қатар қауіптілігі жоғары операцияларды орындауда тәуліктің кез-келген мезгілінде жұмыс орнында адам саны екіден аз болмауы қажет.
Жұмыс істеп тұрған қондырғыларды, ток көзіне қосулы тұрған элекрлік қыздырғыш жабдықтарды, жанып тұрған газ көздерін қараусыз қалдыруға тиым салынады.Мұндай кезде жұмыс орнын аз уақытқа қалдыру үшін маманданған қызметкерге тапсыру қажет.
Зертханадан шығар алдында әрбір жұмыс үстелінде және әрбір сорғыш шкафта судың, электр жабдықтарының, газ жүйелерінің өшірілгендігіне және қондырғыларда химиялық үрдістердің аяқталғандығына, ағынды су тоңазытқыштарынан судың төгілгендігіне көз жеткізу керек.
ӨНДІРІСТІК САНИТАРИЯ
Химиялық зертхана жұмысы барысында барлық химиялық заттар әртүрлі дәрежеде улы екендігін естен шығармау қажет.(3 прилож) Тек улы емес - таза су ғана. Химиялық заттармен жұмыс кезіндегі қауіптіліктің алдын алу шаралары - олардың ағзаға өкпе, тері және ауыз арқылы өтіп кетпеуіне жол бермеуге бағытталуы керек.
Улану мүмкіншілігін азайтудың тиімді бір жолы – аса улы реактивтер мен еріткіштерді улылығы аздауға ауыстыру болып табылады. Мысалы, толуолмен жұмыс істеген кезде ауаға жайылатын буының мөлшері бензолдікімен салыстырғанда үш есе кем, сонымен қатар толуол ағзаға түскен кезде тез бензой қышқылына дейін тотығып кетеді (бензол үшін ЖКШ (жіберілу концентрация шегі) 5мг/м3, ал толдуол үшін ЖКШ - 50мг/м3) және иісі тез сезіледі (бензол үшін ИСБ (иісті сезу бастамасы) 5мг/м3, ал толдуол үшін ИСБ – 1,8мг/м3).
Өндірістік санитария көзқарасынан метил спиртін этанолға, төртхлорлы көмірсутекті пен хлороформды 1,1,1-үшхлорэтанға, диоксанды этиленглюкольдың диметил немесе диэтил эфирлеріне ауыстырған тиімді болып табылады.