Химиялық заттардың ауыз арқылы ағзаға түсуі. Мұндай улану мүлде болмауы қажет. Жұмыс орнында тамақтануға, азық-түлік сақтауға болмайды. Азық-түлікті, соның ішінде өндірісте берілетін сүттерді де, химиялық заттарды суытуға арналған тоңазытқышта сақтауға тиым салынады. Олар жұмыс орнынан бөлек жерде тұратын тоңазытқышта сақталуы қажет.
Пипеткаға сұйықты ауызбен соруға тиым салынады. Бұл мақсатта резеңкеден жасалған сорғыш немесе медициналық шприц қолданған ыңғайлы.
1.3. РЕАКТИВТЕРДІ САҚТАУ ЖӘНЕ ӨЛШЕП ОРАУ
Реактивтерді сақтау. Реактивтердің артығы арнайы жабдықталған, жақсы ауа алмастырғышпен қамтамасыз етілген құрғақ бөлмелерде қатаң тәртіппен сақталуы қажет. Реактивтерді сақтаудың нормасы мен ережелері әр мекеменің жұмыс ерекшеліктеріне, реактивтер мөлшеріне, сақтау қоймаларына қарай жасалып және бекітіледі.
Бір-бірімен жылу, жанғыш газ бен бу бөле реакцияға ұшырай алатын реактивтерді бірге сақтауға болмайды.
Келесі топтағы реактивтерді жеке сақтау керек.
1. Жанғыш заттармен өрт және жарылғыш қоспаларын түзетін қатты тотықтырғыштар – металдардың гипохлориттері, перхлораттары, хлораттары, перманганаттары, нитраттары, хроматтары, дихроматтары, пероксидтері т.с.с..
2. Сұйық тотықтырғыштар, бейорганикалық қышқылдар және қышқыл сипаттас түтіндейтін бейорганикалық заттар – күкірт, тұз, азот, хлор қышқылдары, олеум, 30%-дық сутегінің асқын тотығы, бром, тионилхлориді, сульфурилхлориді т.с.с.. Түтіндейтін заттарды ауа алмастырғышы бар сақтау орнында сорғыш шкафта сақтау қажет.
3. Сығылған, сұйылтылған және ерітілген газдар. Ацетилен, сутек, прпан, бутан сияқты жанғыш және қопарылғыш қауіптілігі бар газдарды жануды қолдайтын оттек, ауа, хлорр газдарынан бөлек сақтау керек. Жанғыш газдарды инертті және жануды қолдамайтын газдармен – аргон, гелий, азот, көміртегінің қостотығымен бірге сақтауға болады.
4. Ауа немесе сумен қосылған кезде, немесе шамалы қызған кезде оңай тұтатын заттар – сілтілік және сілтілікжер металдары, пирофорлы металдары (мысалы, Реней никелі), карбидтер, сілтілік және сілтілікжер металдарының силицидтері, гидридтері, ақ фосфор, металлорганикалық қосылыстардан басқалары (МОҚ); соңғысы өрт жағдайында өшіруі ерекше болуына байланысты жеке сақтау тобын құрайды.
5. Сұйытылған ерітінділер және дербес МОҚ-тар – триэтилалюминий, диэтилалюминийхлориді бутиллитий және басқалар.
6. Оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар (ОТС және ЖС). Қайнау температурасы 50˚- төмен ОТС-тарды (диэтил эфирі, пентан, күкіртті көмірсутек, метилформиат т.с.с.) жаз уақытында ыдыс ішіндегі қысымның көтерілуінен қорғану үшін салқын жерлерде немесе тоңазытқышта сақтау керек.
7. Оңай тұтанатын қатты заттар - қызыл фосфор, күкірт, нитроцеллюлоза және басқа да нитроқосылыстар, циклогексаноноксим және т.б.
8. Аса қауіпті улар – цианидтер, мышьяк қосылыстары, метанол – арнайы нұсқауға сәйкес жеке сақталады.