Еңбекті қорғау


ОҢАЙ ТҰТАНҒЫШ СҰЙЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ



бет31/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62
8.2. ОҢАЙ ТҰТАНҒЫШ СҰЙЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

ОТС-мен жұмыс барысында келесідей негізгі үш принциптерді ұстау керек.



  1. атмосфераға жанғыш булардың жайылуын болдырмау қажет;

  2. тосқыннан пайда болған будың өрт, қопарылыс қауіптілігі бар концентрациясының тұтанып кетуіне жол бермеу керек (от көзінің жануын болдырмау);

  3. апат болған жағдайда оның салдары минимальды болу үшін алдын-ала барлық мүмкін болатын шараларды қолдану қажет.

ОТС буының өрт, қопарылыс қауіптілігін тудыратын концентрациясын болдырмаудың алдын-алу шаралары. Атмосфераға ОТС буының және өрт, қопарылыс қауіптілігін тудыратын концентрациясының түсуі зертханалық операциялардың дұрыс жүргізілмегендігінен немесе апат жағдайларында болады.
Вентиляция - жанғыш булардың өрт, қопарылыс қауіптілігін тудыратын концентрациясының атмосфераға түсуін болдырмаудың тиімді құралы. Сорғыш шкафтан тыс жерде ОТС – мен қандай да бір жұмыс жасауға тиым салынады. Вентиляция дұрыс істемеген кезде төменгі температурада қайнайтын органикалық еріткіштердің булары атмосфераның төменгі қабатына жайылуға бейімді болып, горизантальды беттікке мысалы, жұмыс стөлінің бетіне таралады. Бұл жағдайда өрт, қопарылыс қауіптілігін тудыратын концентрация ОТС-мен жұмыс жасалынып жатқан жерден салыстырмалы түрде алысырақ – 3-5 м қашықтықта - пайда болады. Бұл қасиет көп дәрежеде диэтил эфир және күкіртті көміртек буларында байқалады және осы еріткіштермен жұмыс жасауда қосымша қауіптілік туады.
ОТС-тарын қыздырумен байланысты процестерді (айдау, қайта кристаллизациялау, қайнап жатқан органикалық еріткіштерде реакцияластыру) өткізген кезде су мұздатқыштарын пайдалану қажет.
Қайта кристаллизациялау үшін затарды ерітуде еріткіш ретінде ОТС-тарын пайдаланғанда, процесті кері мұздатқышпен және қажет болған жағдайда механикалық араластырғышпен қамтамасыз етілген колбаны қолданады.
Сонымен қатар ОТС буларының өрт, қопарылғыш қаупін төндіретін концентрациясы көп мөлшердегі органикалық еріткіштердегі заттарды қайта кристаллизациялағаннан кейін ауада немесе кептіргіш шкафтарда кептірген кезде де пайда бола алады. Сондықтан кептіру процесін эксикаторда немесе вакуумды-кептіргіш шкафында өткізу – қауіптілік тудырмайды. Осы жоғарыдағы себептен органикалық еріткіштерді ашық ыдыста буландыруға тиым салынады. Мідетті түрде будың коденсациялануы жүретін заттарды айдауға арналған вакуумды қондырғыда немесе ротациялы буландырғышта еріткіштерді буландыру тек қауіпсіз ғана емес, сонымен қатар үнемді де болады. (7 сурет)
Сақтау температурасының режимі сақталмаған және сақтау кезінде ыдыс дұрыс жабылмаған жағдайларда атмосфераға ОТС булары түсуі мүмкін. Ыдыстың жоғары жағындағы ауа кеңістігінде бу концентрациясы әрқашан да тұтанудың жоғары концентрациялық шегінен (ТЖКШ)  разрядтағы сұйықтарда артық, ал  разрядты сұйықтарда артық немесе оған жақын болады. Дұрыс жабылмаған ыдыстардан шыққан булармен ауа араласып, ыдыс жанында біршама көлемде қопарылыс қаупі бар аймақ пайда болады. Бұл сұйықтардың булары ауадан ауыр болғандықтан, вентиляция жоқ кезде олар қойма бөлмесінің төменгі бөлігіне жиналып, ұзақ мезгілде сақтауда қауіпті жағдай туғызады. Сондықтан да ОТС-ды сақтаудың режимі мен нормасын қатаң сақтап, ауа алмастырғышы жоқ бөлмеде олардың артық қорларын жинауға жол бермеу керек.
Зертхана бөлмелерінде қайнау температуралары 50С – тан төмен ОТС-тарының (пентан, күкіртті көміртек, диэтил эфирі) аз мөлшерін де сақтауға тиым салынады. Кәсіпорынның басшылығымен бекітілген нормаға сәйкес басқа ОТС –тарды көлемі 1 л герметикалық тығынмен қамтамасыз етілген қалың бөтелкелерде сақтауға болады. ОТС қалдықтарын канализацияға құюға тиым салынады.
Зертхана бөлмесінде ОТС-ын төгіп алу – аса қауіптілік тудырады. Сондықтан апттың алдын алу үшін сұйық мөлшерін минимальды пайдаланып, барынша абайлық пен ұқыптылықты сақтаған жөн.
Үлкен бөтелкелерден ОТС-тарын құйып алу жұмысы арнайы жабдықталған бөлмеде жүргізілуі керек. 0,5 л мөлшерде ОТС-тары бар жабдықтардың астына, кездейсоқ апат кезінде төгілген сұйықтардың кең аймаққа жайылып кетпесі үшін, кювета қойылуы қажет. ОТС-тар толтырылған қалың бөтелкелерді (ампулалар, Шленк сосуды) қажетіне қарай 4-5 см құм немесе асбест қиқымдары салынған металды контейнерлерге не үлкен форфор стақандарына орналастырады.
Шыны ыдыстың сынуының бірден-бір себебі сыртқы орта температурасының ауысуынан болады. Сондықтан ОТС құйылған ыдыстарды қыздырғыш приборлардың қасына және тікелей күн сәулесі түсетін жерге қоюға қатаң тиым салынады. 58С температурада пентаны бар дұрыс жабылған ыдыс ішіндегі қысым атмосфералық қысымнан 2 есе артық болады және механикалық олқысы бар шыны ыдысты сындырып жіберуі мүмкін. Мұндай қысым этил эфирі үшін 56, метилформиат үшін – 51,9С, үшхлорметан үшін – 44,1С, этиламин үшін – 35,7С температурада пайда болады.
Органикалық еріткішпен ауа кеңістігі қалтырылмай ыдыс толық толтырылған жағдайда, температура көтерілген кезде жоғарыды көрсетілгеннен де артық аса қауіпті қысым пайда болады. Есептеулер бойынша мұндай жағдайда температураның 5-10˚С көтерілуі жарығы жоқ бөтелкені сындырады. Мұндай апаттың алдын-алу үшін ыдысты шамамен 10%-ға толтырмау керек.
Көп мөлшерде (1л артық) ОТС төгілген кезде еріткіш буының тұтануын тудыратын от көзін болдырмауға тырысу керек. Мұнда ең бірінші электр жабдықтарын ток көзінен жалпы сөндіргішпен ажыратып, газ және спирт жанғыштарын өшіру қажет. Өрт қаупін төндіретін бу концентрациясы бар аймақта электр жабдықтарын ток көзінен оның айыр сымын жұлу арқылы ажыратуға болмайды, өйткені мұндай кезде пайда болған жалыннан ОТС булары тұтанады.
Органикалық еріткіш буларының улы екенін әрқашан естен шығармаған жөн. Олар төгілген жағдайда адам денсаулығына тіпті өміріне қауіп төндіретін үлкен бу концентрациясы, буланы аймағының кеңдігіне байланысты тез арада пайда болады. Кейбір жағдайда осы атмосферада 5-10 минут тұрып қалғанда, тіпті бірнеше рет осы уланған ауамен жұтынғанның өзінде де жедел улану болады. Сондықтан апаттың артын жинау үшін противогаз құралын пайдалану қажет.
Тұтанудың жүзеге асуына жол бермеу. Бу-ауа қосылыстарының жану көздері болып тек ашық от пен қатты қызған жабдықтар болып қана саналмайды. ОТС булары бұзылмаған электржабдықтарымен, соның ішінде электрмоторларымен релемен жұмыс істеген кезде шығатын ұшқындардан да тұтана алады. Белгілі бір жағдайда статикалық электр қуатының жинақталуынан пайда болатын ұшқын да тұтану көзі болып табылады. Сондықтан қоршаған ортаға жанғыш булар бөлінетін, ОТС-ын қыздыруға қатысты емес кез-келген жұмыста жанарғыларды, электр жабдықтарын және потенциалды жану көздерін сөндіру қажет. Кездейсоқ электр көзін пайдалануды немесе от жағуды болдырмас үшін, ОТС-мен жұмыс бастамас бұрын бөлмедегі барлық қызметкерлерді өрт қауіптілі бар заттармен жұмыс істейтіні туралы хабардар ету керек.
Атмосфераға жанғыш булардың бөлінуі мүмкін жұмыстардың мысалына бөлгіш воронка арқылы айырып алу, жұқа қабатты және қағазды хроматография, ОТС-тарын құю қажеттілігіне байланысты жұмыстар жатады.
ОТС-тарын қыздыруды тек, түзілетін булардың конденсациясын толық қамтамасыз ететін жабдықтар мен қондырғыларда ғана жүргізуге болады. Қыздырғыш жабдық ретінде ашық спиралі бар плиталар мен ашық от жалынын пайдалануға болмайды.  разрядқа жататын ОТС-тарын, әсіресе диэтил эфирі мен күкірттісутекті қыздыру қажет болғанда алдын ала басқа жерде қыздырылған сұйықты моншаны немесе ішіне батырылған қыздырғыш элементі бар моншаны пайдалану керек (7-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет