Микромеркуриализм. Бұл созылмалы улану адамға 5-10 жыл бойы сынап буының өте аз концентрациясы әсер еткенде пайда болады.
Микромеркуриализмнің алғашқа клиникалық белгісінің анықталуынан көп уақыт бұрын, арнайы тест арқылы анықтауға болатын, әртүрлі заттардың иісіне сезгіштік шегінің тез ауытқуы басталады. Тексерілу үшін негіз болып саналатын белгілер: тез шаршағыштық, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, аса қозғыштық, ашуланшақтық, бас аурулары, есте сақтау қабілетінң әлсіреуі. Сынаппен жұмыс істемеу - онымен уланудың мүмкін еместігінің дәлелі бола алмайды, өйткені микромеркуриализм ең күтпеген кездейсоқ жағдайда – мысалы көрші бөлмедегі бұрын сынған термометрдан дұрыс жиналмай қалған сынап буының диффузиясы да жеткілікті әсер етеді.
Егер ағзаға сынап буының әсер етуі жалғаса берсе, онда микромеркуриализм сынаппен уланудың созылмалы түріне, оған тән барлық белгілерімен ауысады.
12.3. СЫНАП БУЫНЫҢ ИНДИКАЦИЯСЫ
Ауадағы сынап буының құрамын және аймақта жиналған металл сынапты сандық түрде анықтау үшін өндірісте сынап буының анализаторы «Меркурий» шығарылады. Прибордың жұмысы - 253,7 мкм толқын ұзындығындағы сынап шамының сәлеленуінің сынып буымен жұтылуына негізделген. Өлшеу шектері – 0-ден 0,005 мг/м3 дейін және 0-ден 0,25 мг/м3 дейін.
Шамалы түрде ауадағы сынап буының құрамын, мыс иодиді немесе селен сульфиді суспензияларымен сіңдірілген индикатор қағазы арқылы анықтауға болады.
Индикатор жолақтарын ауаға сынап буының түсуі мүмкін жерлерге адам бойының мөлшеріндегі биіктікте орналастырады. Егер бір күндік жұмыс мерзімінде (7-8 сағ.) қағаз күлгін түске боялмаса, онда ауадағы сынап буының құрамы ЖШК-нан төмен болғанын көрсетеді.
12.4. СЫНАП БУЫНЫҢ ЖҰТЫЛУЫ
Сынаппен жұмыс жасауға арнайы қамдалмаған зертханаларда, ережеден тыс сынаптың аз мөлшерімен эпизодты жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұндай жұмыс жүргізу үшін міндетті түрдегі талаптардың біріншісі –жұмыс нұсқамасын зертхана меңгерушісімен талқылау, екіншісі – сынаптың ашық беттін жұтқыш сұғындырма арқылы мұқият қорғау болып табылады. Сынаппен іс-әрекеттің барлығы сорғыш шкаф ішінде, эмальданған немесе майлы сырмен боялған табақтардың үстінде жасалуы тиіс. Сынап металдармен амальгамдар түзетін болғандықтан, қаңылтыр табақтар қолдануға тиым салынады.
Жұтқыш сұғындырма ретінде хлоркальций түтігін пайдалануға болады, мұнда мақта қабаттарының ортасына ұнтақ немесе түйіршік түріндегі жұтқышты, ал оның үстінен бір қабат индикатор ұнтағын салады (24 сурет).
Сурет – 24. Жұтқыш құбыр.
1 – бу жұтқыш
2 – индикаторлы ұнтақ
3 - мақта
Сынапы бар приборларды вакуумдау кезінде майлы насос алдында кептіргіш калонкаларға қосымша ретінде жұтқыш склянка, мысалы жұтқыш ұнтақпен толтырылған қатты заттарға арналған Тищенко склянкасын орналастырады.
Жұтқыш ұнтақ ретінде активті марганец диоксидін, иодталған көмір немесе силикагельге қондырылған калий перманганатын пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |