Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/31
Дата06.03.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

 
Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. 
Құдиярова А. М. 
 
 
 
 
 
 
 
  Педагогика
 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы  
2006 
      

МАЗМҰНЫ
 
 
 
КIРIСПЕ
 
 
 
1 ТАРАУ
 ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ МƏСЕЛЕЛЕРI
 
1.1 Педагогиканың ғылымдық мəнi. Оның ерекше бiлiм саласына бөлiнуi жəне зерттеу аймағы
 
1.2 Педагогиканың əдiснамалық негiздерi. Оның басқа ғылымдармен  байланысы жəне зерттеу 
əдiстерi
 
1.3 Тəрбие аясы жеке адам жəне оның дамуының iшкi, сыртқы факторлары
 
1.4 Педагогикалық қызмет ретiнде тəрбиенiң мəнi жəне оның жалпы заңдылықтары мен 
принциптерi
 
1.5 Педагогикада мақсат болжау проблемасы
 
1.6 Тəрбие процесi түсiнiгi мен мазмұны Тəрбие принциптерi Тұлғаны ұжымда тəрбиелеу
 
1.7 Жалпы тəрбие əдiстерi Тəрбие технологиясы
 
1.8 Қоғамдық жəне отбасы тəрбиесi
 
  
  
2 ТАРАУ
 ДИДАКТИКА - БIЛIМ БЕРУ ЖƏНЕ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ
 
2.1 Оқыту заңдылықтары
 
2.2 Оқыту принциптерi мен ережелерi
 
2.3 Мектептегi бiлiмнiң мазмұны
 
2.4 Оқыту əдiстерi
 
2.5 Оқытуды ұйымдастыру формалары
 
2.6 Оқушылар оқу-танымдық əрекетiн тексеру жəне бағалау
 
 
 
  
3 ТАРАУ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДI БАСҚАРУДЫҢ МƏНI МЕН НЕГIЗГI ПРИНЦИПТЕРI 
 
3.1 Бiлiм жүйесiн басқарудың қоғамдық-мемлекеттiк сипаты
 
3.2 Мектептi басқару негiзгi функциялары 
 
3.3 Педагогикалық  процестi  басқарудағы  əлеуметтiк институттардың  өзара  
əрекеттестiгi
 
 
 
  
4 ТАРАУ
 БIЛIМ БЕРУДЕГI ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР МҰҒАЛIМДЕРДIҢ БIЛIКТIЛIГIН 
АРТТЫРУ 
 
4.1 Педагогикалық қызметтiң инновациялық бағыттылығы. Мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн 
арттыру жəне оларды аттестациялау 
 
 
 
  
5 ТАРАУ 
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ
 
5.1 Көне грек ойшылдарының ғылыми жəне ағартушылық ой пiкiрлерi 
 
5.2 Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрiнiң  пайда болуы мен қалыптасуы
 

5.3 XVII-XVIII ғасырлардағы революциялар кезеңiндегi демократиялық педагогиканың дамуы
 
5.4 Орыс жəне кеңес педагогикасының көзқарастары
 
5.5 Қазақстан педагогтарының  еңбектерi мен ой-пiкiрлерiнiң қалыптасуы жəне дамуы
 

КIРIСПЕ
 
 
             Қазақстан  Республикасының  тəуелсiздiгiне  орай  елiмiзде  жүрiп  жатқан  реформалау
процесi,  оның  тек  экономикалық  саласын  ғана  қамтып  қоймай,  сонымен  бiрге  əлеуметтiк-
гуманитарлық  салада  да  зор  өзгерiстер  жасалуда.  Қоғамдағы  бiлiм  беру  жүйесiн  реформалау  -
соның айқын айғағы. Соған орай жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқу-тəрбие жұмысын нəтижелi 
iске асыру педагогикалық оқу орындарында бiлiм алып жатқан болашақ жас мамандардың бiлiм, 
бiлiк жəне дағды сапаларының дайындық дəрежесiне байланысты болатындығы бəрiмiзге  мəлiм. 
Осы қоғамдық аса маңызды мiндеттi шешуде ''Педагогика'' курсының атқаратын қызметi айрықша.
 
             ''Педагогика''  курсы  педагогикалық  оқу  орындары  студенттерiн  мұғалiм  мамандығына 
дайындау  жүйесiнiң  негiзгi  бiр  саласы.  Оның  мақсаты  болашақ  мамандарды  педагогика
ғылымдарының  теориялық  негiздерiмен  қаруландырып,  тəрбие  мен  оқыту  процесiн  нəтижелi 
ұйымдастыруға қажеттi педагогикалық бiлiм, бiлiк жəне дағды қалыптастыру.
 
             Педагогика  пəнi  оқулығы  негiзiнен 5 бөлiмнен  құралған.  өрбiр  бөлiмде  қарастырылған 
педагогикалық  мəселелердiң  негiзгi  идеялары  мен  мазмұны  тыңғылықты  айқындалып,  ғылыми 
дəрежесi көтерiлген, педагогикалық ойлауды дамытуға сай негiзгi ұғымдар жеке қарастырылған.
 
             Сонымен  бiрге  əрбiр  тақырып  соңында  студенттердiң  ойлау  белсендiлiгi  мен  өзiндiк 
жұмыстарын жақсартуға арналған бақылау сұрақтары берiлдi.
 
             Пəнде  қарастырылған  бөлiмдер  негiзiнен  дəстүрлi  түрде  оқу  стандартына  сай  құрылған. 
Атап  айтсақ, ''Педагогика  курсының  теориялық  жəне  əдiснамалық  негiздерi'', ''Тəрбие  теориясы 
мен  əдiстемесi'', ''Дидактика:  Бiлiм  беру  жəне  оқыту  теориясы'', ''Қазақстан  Республика-сында 
халыққа  бiлiм  беру  жүйесi,  мектептердi  басқару  жəне  оған  басшылық  жасаудың  педагогикалық 
негiздерi'' секiлдi тақырыптар қарастырылған.
 
            Тəрбие – педагогикалық процесте өте маңызды, əрi күрделi де ұзақ мерзiмдi қажет ететiн 
құрамдас бөлiгi екендiгi мəлiм.
 
             Олай  болса,  оқушылардың  сабақтан  тыс  уақытын  тиiмдi  ұйымдастыру,  тəрбиелiк 
шаралардың нəтижесiн арттыру одан да күрделi мəселе. Мектеп жайында бұл жауапты мəселенi 
жүзеге  асыру  сынып  жетекшiлерiне  жүктеледi.  Оның  нəтижелi  ұйымдастырылуы,  сынып 
жетекшiлерiнiң  педагогикалық  бiлiм  дəрежесiнiң  сапасы  мен  педагогтiк  шеберлiгiне  байланысты 
болып  келедi.  Оған  мектептiң  педагогикалық  ұжымы  мен  балалардың  ата-аналарын,  тiптi 
жұртшылықты  тарта  бiлу  қабiлеттерiн  игерудiң  де  маңызы  ерекше.  А.  С.  Макаренко  ұстаздарға 
қажеттi  мұндай қасиеттердi - өнер деп бағалаған.  Сондық-танда осы пəнде тəрбие теориясының 
мақсат-мiндеттерiне  сай  оның  мазмұнын  жүзеге  асыруға  бағытталған  сынып  жетекшiсiнiң  тəрбие 
жұмысының ұйымдастыру форма-лары мен əдiстерi топтамасы қатар қарастырылған.
 
            Бұл курстың тағы бiр ерекшелiгi - мұнда 5 - тарауда педагогика тарихымен байланысты оқу
материалдары  берiлген.  Авторлардың  ондағы  көздеген  мақсаты  бұрын  ешбiр  педагогикалық 
оқулыққа енгiзiлмеген орта ғасыр ғұламаларының оқу-ағарту, тəрбие жəне бiлiм беру саласындағы 
еңбектерiнiң  тарихи  маңызы жəне  ой-пiкiрлерiмен  бүгiнгi  жас  мамандарды  таныстырып,  алдыңғы 
тарауларда алған бiлiмдерiн тереңдетiп, ұштастыра оқытуды көздейдi.
 
Қорыта айтқанда осы пəннiң негiзгi көздеген мақсаты – ''Педагогика'' курсы бойынша бiлiм 
жүйесiнiң бiрыңғай тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.

ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ МƏСЕЛЕЛЕРI
 
 
1.1 
Педагогиканың ғылымдық мəнi. Оның ерекше бiлiм саласына бөлiнуi жəне зерттеу 
аймағы
 
 
 
1. Тəрбие қажеттiлiгi мен педагогикалық теория дамуының əлеуметтiк-экономикалық 
факторлары
 
             Əр  саладағы  ғылымды  меңгеру,  əдетте,  сол   ғылымның  пайда  болуы  мен  дамуы,  оның 
зерттейтiн  проблемаларын  анықтап,  түсiнуден  басталады.  Шыныныда  да,  əр  ғылым  саласы  өз 
тарихына,  зерттелуi  тиiс  жəне  сол  ғылымның  теориялық  негiзiн  түсiнуге  жəрдемдесетiн  табиғи 
немесе қоғамдық құбылыстардың нақты аймағына ие.
 
             Бұл  тұрғыдан  көпке  мəлiм ''Барша  заттың  бастауын  тапсаң,  көп  нəрсе   түсiнерсiң''-деген 
қанатты  сөзде терең мағына бар. Осыдан педагогика пəнiмен танысуды да оның қысқаша болса 
да  туындау  жəне  даму  тарихымен,  ол  зерттейтiн  проблемаларды  анықтап,  түсiнуден  бастаған 
жөн.
 
             Ескеретiн  жəйт,  аталған  мəселелердi   қарастыруда  əрдайым  екi  тұжырымды  жадтан 
шығармау лазым:
 
1. Үлкен даму жолы  қаншалықты шырғалаң жəне дəуiр  тозаңымен көмескеленсе де, қай ғылым 
болмасын  қоғам  қажеттiлiгiнен дамып, қалыптасады.
 
2.  Адамзат  бiлiмiнiң  қай  саласы  болмасын  ғылымдық  дəрежеге  көтерiлуi  үшiн  тек  ерекше,  соған 
ғана  тəн зерттеу аймағы бөлiнiп, нақтылануы қажет.
 
             Осы  тұрғыдан  алып  қарасақ,  педагогиканың  жайы  қалай?  Оның  ғылым  ретiнде  пайда 
болып, дамуының себептерi неде? Оның жалпы заттық дүние мен бiлiм жүйесiндегi орны қандай?
 
            Адамзат дамуының барысында бiлiмдiк педагогика-ның саласы ең ежелгiлерден, əрi қоғам 
дамуынан ажырап көрген емес. Бұл тұжырым түсiнiктi болу үшiн мəндi де маңызды жағдайға назар 
аударған  жөн.  Педагогикалық  бiлiм  өсiп  келе  жатқан  əулеттi  тұрмысқа  дайындауға  немесе 
тəрбиеге  бағышталған  адамзат  iс-əрекетiнiң  ерекше  бiр  саласына  кiредi.  Шынында  да, 
педагогика  жөнiнде  сөз  болғанда,  əдетте,  бұл  термин  оқу-тəрбие,  адамды  қалып-тастыру 
түсiнiктерiмен баламалас қолданылады. Ал, тəрбиенiң өзi жас əулеттi тұрмысқа дайындау құралы 
ретiнде, адамзат қоғамының iргетасы қалануымен бiрге пайда болады. Еңбек құралдарын жасау, 
табиғат   өнiмдерiн  меншiктеуге  байланысты  өндiрiстiк  жəне  бiрлiктi iс-əрекет  пен  қызметтiк 
тəжiрибелердi  жинақтай  келе,  адамдар  оларды  келер  ұрпаққа  өткiзудi  мақсат-мүддесiне 
айналдырды.  Қоғамдық  iлгерiлеудiң  өзi  осы  өмiрге  жаңадан  енген  əрбiр  əулеттiң  өз  ата  -
бабаларының  өндiрiстiк,   əлеуметтiк  жəне  рухани  құндылықтарын  игерумен  бiрге,  оларды  жаңа, 
жоғары деңгейде байытып, өзiнен соңғыларға жеткiзiп беруi  арқылы iске асып отырады жəне əрi 
қарай дамиды. Сонымен жинақталған өндiрiстiк, əлеуметтiк жəне рухани тəжiрибенi келесi əулетке 
жеткiзiп  отыру,   адамзат  қоғамының  жасалуы  мен  дамуының  алғы-шарттары  жəне  маңызды 
қызметiне айналады. Мiне, сондықтан да тəрбие адамзат қоғамының дамуынан ажырамайды жəне
оған ежелден-ақ тəн құбылыс, демек, тəрбие жастарды тұрмысқа дайындауға бағытталған ерекше
iс-əрекет ретiнде қоғам дамуының барлық кезеңдерiнде де өз маңыздылығын жоймаған.
 
             Ал  əрқандай  қоғамдық  құбылыс  ретiнде   тəрбиелiк  қызмет  пен  оның  сипаты  бiр  қалыпта 
тұрып  қалған  емес,  қоғамдық  жағдайлардың  ықпалымен  ол  үздiксiз  жетiлiп  дамуда  болды. 
Мысалға,  ұзақ  уақыт  балалар  өндiрiстiк  жəне  адамгершiлiк  тəжiрибенi,  бiрлiктi  еңбек  əрекетiнде, 
үлкендермен  араласа  жүрiп  игерiп  отырды.  Осылайша  жағдай  тайпалық  қауымға  дейiн  де, 
тайпалық қауым кезiнде де күнделiктi iс-əрекеттiң қарапайымдылығанан болған едi. Сондықтан да 
бұл  дəуiрде  тəрбие   адамдардың  арнайы  кəсiби  қызметi  бола  алмады,  яғни  арнайы  тəрбиелiк 
мекемелер болмады, тəрбиенi кəсiпке айналдырған адамдардың да қажеттiгi əлi туындамаған кез 
едi. Құл иленеушiлiк қоғамда да  бұл жағдай ұзақ уақыт сақталды.
 
            Бiрақ, уақыт өткен сайын тəрбие  саласындағы бұл жағдай өзгере бастады. Жер өңдеу мен 
мал  шаруашылығы,  қолөнершiлiк  бiрте-бiрте  дамып,  күрделенедi.  Адамдардың  қоршаған  дүние 
жөнiндегi iлiмдерi  қордаланып,  келе-келе  ғылымның   дамуына  бастау  бердi.  Жаңарған  қоғамдық 
жағдайда  өнiдiрiстiк  тəжiрибе  мен  ғылыми  бiлiктердi  игеру  ендi  арнайы  жəне  ұзақ  мерзiмдi 
үйренусiз мүмкiн болмай қалды.
 
            өндiрiстiк  даму мен күрделену өрiс алып, ғылым-бiлiм қоры жинақталған сайын, өсiп келе 
жатқан  əулеттi  тұрмысқа  арнайы  дайындаудың  қажеттiгi  арта  түстi  де,  оларды  арнайы 
ұйымдастырылған  тəрбиеге  тартудың  маңызы  барған  сайын  күшейiп  отырды.  Осылайша,  бiлiм 
беру мен тəрбие қоғамның объективтi қажеттiгiне айналды жəне оның бұдан былай дамуының ең
маңызды алғышарты болды.
 
              Мiне осыдан бастап, адамзат қоғамының белгiлi кезеңiнде, дəлiрек құл иеленушi дəуiрдiң 
аяғына  таман,  өндiрiс  пен  ғылым  едəуiр  дамыған  шақта  ерекше  қоғамдық  қызметке  айналды, 

арнайы тəрбиелiк мекемелер пайда болып, кəсiби мамандыққа балаларды оқытып, тəрбиелейтiн 
адамдар шыға бастады.
 
                Тəрбиенiң  дербес  қоғамдық  қызметi  сипат  ала  бастауы  адамдарда  тəрбиелiк  қызмет 
тəжiрибесiн жинақ-тап, қортындылауды ойластыру қажеттiгiн туындатты. Тəрбиенiң кең өрiс алып 
күрделенуi  тəрбие  қызметiмен  байланысты  теориялық  бiлiмдердiң  ерекше  саласының  қарқыны 
мен  дамуына  жол  ашты.  Қоғам  мен  табиғат  жөнiндегi  барша  бiлiмдер  секiлдi  тəрбиелiк  бiлiм  де 
философия  аясында  нақтыланып,  зерттелдi.  Бұл  жағдай  ежелгi  грек  дүниесiнен  басталып,  ХI 
ғасырдың аяғына дейiн сақталды. 
 
 
 
2. Педагогиканың арнайы ғылым-бiлiм саласына бөлiнiп шығуы жəне оның көрнектi 
өкiлдерi
 
             Тəрбие  теориясының  қарқынды  дамуына  қарамастан,  ХII  ғасырдың  басына  дейiн 
педагогика  философия-ның бiр бөлiгi ретiнде қарастырылып келдi. Шынында, осы күннiң  өзiнде 
де  атақты  философтардың  қай-қайсысы  да  тəрбие  мəселесiн  айналып  өтпейдi,  осының  өзi 
педагогикалық проблемалардың қоғам мен ғылым үшiн аса маңызды екенiнiң  кепiлi.
 
             Педагогика  ерекше  ғылым  ретiнде  философиялық  бiлiмдер  жүйесiнен  ХII  ғасырдың 
басында  бөлектенiп  шықты.  Ағылшын  жаратылыстанушысы  жəне  философы  Фрэнсис
Бэкон /1561-1626/ 1623 жылы өзiнiң ''Ғылымның  қадiр-қасиетi жəне жетiлуi'' атты трактатын жария  
еттi.  Бұл  еңбегiнде  ол  ғылымдарды  сарапқа   сала  отырып,  олардың  арасында  педагогиканы 
ғылыми бiлiмдердiң дербес саласы деп бөлектедi. Осы ғасырда-ақ педагогика-ның  өзiндiк статусы 
аса  көрнектi  чех  педагогi  Ян  Амос  Коменскийдiң /1592-1670/ еңбектерiнде  беки  түстi.  Оның 
теориялық идеялары дүние жүзiне кең танымал да, əрi осы күнге дейiн өз маңызын жойған емес. 
Коменскийдiң  əйгiлi ''Ұлы  дидактика''  атты  еңбегiнде  балаларды  оқытудың  негiзгi  теориялық 
мəселелерi мен  оларды ұйымдастырудың жолдары баяндалды. өз еңбектерiнде Я. А. Коменский 
балалардың  адамгершiлiк  тəрбиесiне  өте  үлкен  мəн  бердi,  ол ''Аналар  мектебi''  атты  кiтабында 
отбасы тəрбиесiне байланысты өз көзқарастарын паш еттi. 
 
            Коменский iзiмен батыс еуропалық педагогика тарихында елеулi еңбегiмен көрiнген ғылым 
өкiлдерi  келiп  шықты.  Олардың  iшiнде   аса  көрнектiлерi  Англияда  Джон  Локк /1632-1704/, 
Францияда  Жан-Жак  Руссо /1712-1781/, Швейцарияда  Иоганн  Генрих  Песталоцци /1746-1827/, 
Германияда Иоганн Гербарт /1776-1841/ жəне Адольф Дистерверг /1790-1866/ т. б. болды.
 
             Джон  Локк  өзiнiң ''Тəрбие  жөнiндегi  ойлар''  деген  еңбегiнде  тəрбиенiң   психологиялық 
негiздерiне  жəне  адамгершiлiк  қалыптастыру  мəселесiне  үлкен  мəн  бердi.  Баладағы  тума 
қасиеттердi  жоққа шығара отырып,  ол нəрестенi не сызса сол болатын ''таза тақтаға'' теңеумен,  
тəрбиенiң үлкен əсерлi күш екенiн баса айтты. Ал Жан-Жак Руссо, керiсiнше баланы табиғаттан
дарынды  деп  таныды.  Осыдан,  оның  ойынша,  тəрбие  баладағы  тума  қасиеттердiң  дамуына 
кедергi болмай, оған толық еркiндiк берiп, əрi оның қызығулары мен  құмарлығына икемделуi тиiс -
деген тұжырымға келдi.
 
             М.  Г.  Песталоцци  педагогикада  алғашқылардың   бiрi  болып  тəрбие  мекемелерiнде 
теориялық  қызмет  пен  тəрбие  iс-əрекетi  бiрлiгiнiң  маңыздылығын  көре  бiлдi.  өзiнiң ''Лингард  пен 
Гертруда'' шығармасында, ол тəрбиенiң адамгершiлiкке негiзделуi, балаларға сыйластық қатынас 
жəне  оларда  адамға  деген  мейiрiм  мен  қайрымдылыққа   баулу  хақындағы  демократиялық 
идеяларын  дамытты.  Күнделiктi  педагогикалық  қызметiнде  Песталоцци  балалардың  оқуы  мен 
тəрбиесiн  олардың  мүмкiндiгiне  орай  еңбекпен  ұштастыруға  көңiл  бөлдi,  балалар  қауымы-ның 
тəрбиелiк ықпалын пайдалана бiлудi уағыздады.
 
             Педагогикалық  идеялары  кейбiр  мəселелерде  дағдарыс,  сипатқа  ие  болғанымен, 
педагогикалық  теорияны  өрiстетуде  елеулi  рөл  танытқандардың  бiрi   Иоганн  Гербарт.  Ол 
балаларды  өрескел  бұзық  қол  жазасымен  тойтарып  отыру  қажет,  олардың  тəртiбiн  үздiксiз 
қадағалап,  арнаулы  жорналға  жазып  отыру  керек  деп  есептедi.  Сонымен  қатар,  оның 
шығармаларында бiршама пайдалы идеялар да баршылық. Ол алғашқы-лардың қатарында оқыту
мен  тəрбиенiң  психологиялық  негiздерiн  жобалап  бердi,  баладағы  адамгершiлiк  қасиеттi 
қалыптастыру,  үшiн  оның  саналылығын  көтерiп,  онымен  сыйластық  қатынас  жасау  қажеттiгiн 
жариялады. 
 
             өзiнiң  педагогикалық  теориясын  прогрестiк-демократиялық  бағытта  дамытқандардың  бiрi 
Адольф Дистервег. Ол өрiстеткен аса құнды идеялар: балалардың 
 
оқу  жұмысының   белсендiлiгiн  арттыру,  шəкiрттердiң  өзiндiк  оқуына   мəн  беру,  сондай-ақ  халық  
мұғалiмдерiн дайындау.
 
             XVIII  ғ.  Германияда   алғашқы  рет  мұғалiмдердi   дайындайтын  арнайы  оқу  орны  ашылып, 
онда  ерекше  ғылыми  пəн  ретiнде  педагогика  оқытыла   бастады.  Осының  бəрi  педагогикалық 
теорияның  жедел  дамуына  себепшi  болып, iрi-iрi  оқымысты  педагогтардың  қалыптасуына  
мүмкiндiк бердi.  
 

             Сонымен,  ХII  ғ.  мен  ХIХ   ғасырдың   аралығы  педагогикалық  теорияның  үлкен  қарқын  ала
дамыған,  аса  құнды  тəрбиелiк  идеялардың  өрбiген  заманы  болды.  Педагогикалық   ойдың  аса  
кемелденген  орталығы  Ресейде  К.  Д.  Ушинский (1824-1870), Н.  И.  Пирогов (1810-1881),  В.  И. 
Водовозов (1825-1886), А. Ф. Лесгафт (1837-1909), Л. Н. Толстой (1828-1910) жəне т. б. еңбектерi 
үлкен маңызға ие болды. 
 
             Ұлттық  педагогикалық  теориямыз  бен  тəрбие  мəселелерi  Ы.  Алтынсарин,  С.  Көбеев,   А. 
Байтұрсынов,  С.  Асфандияров  сынды  жəне  т.б.  кемеңгер  ағартушы-педагогтардың  еңбектерiнде 
өз  көрiнiсiн  тауып,  бiздiң  дəуiрiмiзге  дейiн  жетiп,  егемендi  ел  ұрпағын   тəрбиелеуде  таптырмас
құралға айналып отыр.
 
             Аталған   дəуiрде  мұншама  көрнектi   педагогтардың  аренаға  шығуы  кездейсоқ  емес. 
Қарқынды  дамыған  өндiрiстi,  ғылыми  жəне  мəдениеттi  қоғам  өзiнiң  негiзгi  өндiрушiлерiнiң  
сауаттануын  басты  талап  етiп  қойды.  Онсыз  қоғамның  дамуы  мүмкiн  емес  те  едi.  Сондықтан  да 
соңғы ғасырлардағы Батыс Еуропа, Ресей жəне Қазақстандағы технологиялық прогресс жастарды
өндiрiсте iстеуге, тəрбиелеуге, бiлiм беру, тəрбие мекемелерiнiң көбейуiне, халықтық мектептердiң 
дамуына жол ашты.
 
 
 
 3. Педагогика пəнi жəне зерттейтiн негiзгi проблемалары
 
             Тəрбие  қоғамдық  құбылыс  ретiнде  өздiгiнен   пайда  болып,  жасамай,  тұлғаны 
қалыптастырып  оны  өмiрге  дайындаудың  жəне  оған  қажеттi  қоғамдық  сана  мен  қасиеттердi 
дамытудың құралы ретiнде көрiнетiнiн жоғарыда айтқанбыз. Осыдан, тəрбие заңдылықтары, оның 
сипаты  мен  əдiстемелiк  негiздерi  тəрбиелiк  қызметтiң  өзiнде  ғана  көрiнбей,  əлеуметтiк  тұлға 
сипатына  ие  адамның  даму  жəне  қалыптасу  заңдылық-тарына  негiзделедi.  Сондықтан 
педагогиканың  шұғыл-данатын  заты  жеке  адамның  дамуы  мен  оның  арасында   болған 
заңдылықты  байланыстарды  зерттеу  жəне  оның  негiзiнде  тəрбиелiк  жұмыстардың  теориялық 
жəне   əдiстемелiк   проблемаларын  шешу,  яғни  педагогика  адам  дамуы  мен  қалыптасуының 
мəн-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдiс сипатындағы тəрбиенiң 
теориясы мен əдiстерiн айқындайды.
 
            Келтiрiлген педагогиканың анықтамасын  зерттеушi-лердi ғана емес, солармен бiрге мектеп 
қызметiне тiкелей араласып жүрген практиктердi де жеке тұлғаның даму  процесiн, сол даму мен 
тəрбие  арасында  жатқан  терең  астарлы  тəуелдiк  байланыстарды  жан-жақты  танып,  түсiну 
қажеттiгiне   бағдарлайды.  Мұндай  қажеттiлiктiң  пайда  болуының  себептерi  жаңашыл 
педагогикалық ой- пiкiрлердiң туындауына байланысты өрiстейдi. 
 
             Мысалы,  көп  уақытқа  дейiн  жеке  тұлға  дамуының  қозғаушы  күштерi  ретiнде  тек  сыртқы 
ықпалдар  ғана  назарға  алынды.  Ал  адамның  iшкi  жандүниелiк  кейiптерi  естен  шығарылып,  тiптi 
олар қажетсiз деп есептелiнедi. Келе-келе сыртқы əсерлердiң өзiнен-өзi керектi нəтиже-лердi бере 
бермейтiнi айдан-анық болып, бұл ықпалдардың педагогикалық тараптан адам қалыптасуындағы
ұнамды  да,  келеңсiз  де,  ал  кей  жағдайларда  бейтарап  та  сипатқа   ие  болатыны  айқындалды. Iс 
жүзiнде,  тəрбиеленушiнiң  тəлiмдiк  əрекеттi  қалайша  қабылдайтыны,  оған  қалайша   қатынастық 
байланыс  жасайтыны  үлкен  маңызға  ие.   Осыдан   педагогикада  келесi  теориялық  идея  бекiдi: 
жеке  адамның  дамуы  мен  оның  мiнез-құлқы  тəрбиелiк  ықпалды  қабылдау  сипатына,  бұл 
ықпалдың  адам  жан   дүниесi   туғызатын  сезiмдiк  күйге  байланысты.  Осы  идеяның  қабылдануы  
педагогикалық теория мен тəрбие əдiстерiнiң дамуын алға iлгерiлеттi, мағынасын тереңдете түстi.
 
            Соныменпедагогика тəрбие теориясы мен əдiстемесiн нақтылай отырып, жеке адам 
дамуының астарлы, тереңде жатқан тетiктерiн жəне оның дайындығына  қоғам тарапынан 
қойылған  талаптар  мен  əлеуметтiк  сапаларға  орай  арнайы  ұйымдастырылған  қалыптасу
процесiн   зерттейдi.  Бұл  педагогика  зерттейтiн  негiзгi  теориялық  проблемаларды  бөлiп 
қарастыруға мүмкiндiк бередi. Ондай проблема-лардың қатарына кiретiндер:
 
             а)  жеке  адамның  арнайы   ұйымдастырылған   тəрбие  жағдайында  дамуы  жəне 
қалыптасуының  мəн-мағынасы мен заңдылықтарын зерттеу;
 
            ə) тəрбиенiң мақсатын анықтау;
 
            б) тəрбиенiң мазмұнын белгiлеу;
 
            в) тəрбие тəсiлдерiн зерттеу.
 
 
 
Бақылау сұрақтары
 
1.  Тəрбие  қажеттiгi  мен  педагогикалық   теорияның  дамуына  себепшi  болған  қоғамдық-
экономикалық объективтiк шарттар қандай?
 
2.  Тəрбие  жөнiндегi  ғылым-педагогика  атауы  қалай  келiп  шықты  жəне  ол  қай  кезеңде  дербес 
ғылым саласына бөлiндi?
 
3. Адам тəрбиесiндегi сыртқы жəне iшкi  ықпалдардың  рөлiн сипаттап берiңiз?
 
4. Педагогика ненi зерттейдi жəне қандай проблемалармен шұғылданады?
 

5. Көрнектi тұрмыс деректерiн пайдалана отырып, тəрбиенiң қоғамда жəне адам қалыптасуындағы 
беделiнiң артуын түсiндiрiп берiңiз?
 

1.2
 
Педагогиканың əдiснамалық негiздерi. Оның басқа ғылымдармен  байланысы жəне 
зерттеу əдiстерi
 
 
 
1. Педагогикалық  теориялардың əдiснамалық негiздерi
 
            Педагогикалық теория дамуының ежелден-ақ маңызды факторы оның ғылымдық өрiстеуiне 
арқау  болған  əдiснамалық  шарттар.  Ғылым  əдiснамасы  бұл  -   табиғат  пен  қоғам 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал