Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М


Жүсiпбек Аймауытов - жантанушы



Pdf көрінісі
бет31/31
Дата06.03.2017
өлшемі2,56 Mb.
#8472
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

 
 
 Жүсiпбек Аймауытов - жантанушы
 
(1889-1931)
 
             Жүсiпбек  Аймауытов 1889 жылы  Семей  губерниясының  Павлодар  уезiндегi  Қызылту 
болысының  Бiрiншi  ауылында  өмiрге  келген.  Жастайынан  бiлiмге   құштар  болып,  алдымен 
ауылдағы молдадан, кейiн Баянда, содан соң қалада дəрiс алған. 1914 жылы Семей қаласын-дағы 
мұғаiлмдер семинариясына түседi де, оны 1919 жылы бiтiрiп шығады. Сауатты жас азамат сол ХХ 
ғасырдың  бас  кезiндегi  үлкен-үлкен  саяси-экономикалық  өзгерiстер  мен  төңкерiстердi  тек  газет 
бетiнен  оқып  қоймай,  оларға  тiкелей  қатысады.  Халықтың  өркендеуiн  жеделдетуге   қатысқысы 
келдi,  өзi  байқаған   дағдарыстардан  шығу  жолдарын  да  iздедi.  Елеулi  екi  үлкен   романы  -
''Қартқожақ'' пен ''Ақбiлегi'' оған куə бола алады. Күрескер жазушы, ақын, драматург Жүсiпбектi бiз 
қазақ  философиялық  ойын  дамытуға  тiкелей  қатысқан  адам  деп  бағалай  аламыз.  Оның 
шығармашылық  мұрасы - философиялық  толғауы  терең  рухани   қазынамыз:  қазақ  болмысы, 
ұлтаралық қатынастар, дала шаруасының санасы, əйел теңдiгi, адамгершiлiк нормалары, таптық 
қоғам өмiрi, өтпелi  кезеңдегi билiк нысаны сияқты күрделi теориялық мəселелер көркем əдебиет 
құралы мен тiлi арқылы сөз болды, өзiндiк  шешiм тапты, Ал ''Психология''  аталатын  оқулығы осы 
күнге шейiн маңызын жойған жоқ.
 
            Абайдан сусындаған, оның жан-жақты да күрделi  дүниетанымын өз заманында өте жақсы 
түсiнген,  ұлы  абайтанушы  М.  Əуезовпен  көп  мəселелердi  түсiнуде  терезесi  тең  Жүсiпбек  өзiнiң 
шығармашылығы  мен  қоғам-дық  қызметiн,  Абай  өсиетiн  жүзеге  асыруға  қолынан  келген  бар 
мүмкiншiлiктерiн  өмiрiнiң ең соңғы күндерiне дейiн аянбай қолданды.
 
             Абайды  өзiнiң  бас  ұстазы  санаған  Жүсiпбек  ұлы   ақын   тағылымының  қазақ  елiнiң  ертеңi 
үшiн əлi де берерi көп екенiн жақсы түсiнген. Абайдың шығармалары мен асыл  сөздерiнен алған 
сабағын былай түсiндiредi: ''Ақынды дана, рахымды əдiл, шынға сусаған, қыңырды жөнге, қисықты 

тезге  салмақ  болған,   бұзықтықпен  алысып  өткен  Абай  едi.   Қазақтың   əдебиетiне  жан  берген: 
сөздiң  сырын  сырлап, iшiн  түрлеген,  өлеңiнен   өрнек  шығарған,  ақындық,  сыншылдық  бiрдей 
дарыған Абай едi. ''өнер тап, оқы, харакет  қыл,  тəрбие ал, ынсапты адам бол'', - деп қақсап өткен 
Абай едi. ''Халықтың қамын же, адам баласын бауыр тұт,  адамшы-лыққа қызмет ет'', - деген Абай 
болатын. өмiр жолында Абайдың  айтпағаны аз. Ақыл бiлiм, сезiм, терең ойлылығына қарағанда, 
Абай - қазақтан шыққан философ данышпан''.
 
            Абайды философ деп, хакiм деп ендi-ендi ғана танып, бiлiп жатқанда, бұдан 75 жыл бұрын 
Абайдың  кiм  екенiн   тап  басып  тұрып  бiрiншi  болып  айтуы - Жүсiпбек  Аймауытовтың  да  ойлау 
дəрежеснiнiң жоғарылығын, көзқарасының жан-жақтылығын, бiлiмiнiң тереңдiгiн анық бiлдiрiп тұр.
 
            Абайдың этикалық өсиеттерi ''адам бол'' деген гуманистiк идея  едi. ''Адам болам десеңiз: 
бес  нəрседен  қашық  бол,  бес  нəрсеге  асық  бол'', - деп,  оның  үлгiсiн  берген  Абай  өз 
шығармаларында   адам болудың бiртұтас кодексiн   жасады.  Олардың негiзгiлерi:   ақылды дұрыс 
пайдалану,  талап,  еңбек,  терең  ой,  қанағат,  рақым,  бiлiм  алу,  дүние  тану,  əр  нəрсенiң  өлшемiн 
бiлу, өз арының алдында жауап беру, күрес, əдiл, сыншыл болу,  жамандықтан  бойын аулақ ұстау 
жəне  тағы  басқалары.  Ал  Жүсiпбек  бар  болмысымен  осы  көзқарастарды  түгелiмен  қабылдап, 
өзiнiң өмiрлiк өсиетiне айналдырды.
 
             Ғылымсыз  бiлiм  сыңаржақ:  ғылым  бiлiмдi  ұлғайтады;   ғылымсыз  бiлiм  тым  құрғақ,  бiлiмдi 
орнына  жұмсау  керек.  Бiлiмдi  орнына  жұмсайтын  не?  Ол - тəрбие''.  Сонымен,  бiлiмнiң  адамзат 
игiлiгiне  жұмсалуы,  жұмсалмауы  тəрбиеге  байланысты  екен.  Тəрбиесiз  бiлiмдi  адам  сол  бiлiмiн 
адамзаттың игiлiгiне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруi мүмкiн. Тəрбиелi адам, яғни иманды 
адам,  толық  адам  ондайға  бармақ  емес,  ол   бiлiмiн  өз  орнына,  игiлiкке,  адамзаттың  гүлденуiне 
жұмсайды ...''Мiне,   осындай-осындай  iзгi  ойларға  жетелейдi.   Жүсекеңнiң  кезiнде ''Тəрбиеге 
жетекшi'' (Орынбор, 1926 ж.) ''Психология'' (Ташкент, 1927 ж),  ''Жан жүйесi жəне өнер таңдау'' (-М., 
1929  ж.), ''Сабақтың  комплекстiк  жүйесiнiң  əдiстерi'' (Қызыл-Орда, 1929 ж.)  секiлдi  оқулықтар 
жазуы  тегiн  емес.  Педагогикалық  көзқарастары  адамға,  оны  тəрбиелеу  мүмкiндiгiне  деген 
сенiмiнен  басталады.  өзiнiң ''Тəрбие''  деген   мақалаларында  Жүсiпбек,  адамның  хайуаннан 
айырмашы-лығы жайында əңгiме қозғай отырып, адам бойындағы ұнамсыз мiнез-қылықтарының  
барлығы тəрбиенiң кемдiгiнен деп  қорытынды жасайды. Оның  айтуынша, адам табиғаттың емес, 
тəрбиенiң  құлы  болуы  керек.  Адам  өмiрiндегi  тəрбиенiң  рөлiн  зор  бағалаған  ол  тарихтағы  iрi 
құбылыс-тардың  бəрiн  тəрбиемен  байланыстыра  отырып,  былай  деп  жазды: ''Алғашқы  екi 
ғасырдай  афиняндар  мəдениеттi,  ғылымды  күштi  жұрт  болған,  неге?  Данышпан  Солонның 
жасаған ережесiмен тəрбиеленгендiктен. Рим халқын атақты, күштi қылған кiм? Тəрбие. Ескендiрдi 
данышпан хакiм қылған кiм? Аристотельдiң тəрбиесi.
 
             Тəрбиешiге  қоғамда  өте  үлкен  маңыз  берген  жазушы  оны  дəрiгермен  ғана  салыстырады, 
тiптi, одан да жоғары қояды: ''Адамдық көзбен тереңнен тексерсе, дəрiгерден де тəрбиешiнiң көп 
болғаны  артық.  Дəрiгер  адамның  денесiн  сауықтыратын  болса,  тəрбиешi  адамның  ақылын, 
мiнезiн, жанын сауықтырады'', - дейдi.  Тəрбие  мəселесiн мемлекеттiк дəрежеге көтеру қажеттiгiн 
жете түсiнiп: ''Тəрбиешiге Отан-ның келешек өмiрiн тапсыруға болады, себебi, тəрбие нəтижесiнде 
ақылды адам көбейсе - Отанның күзетшiсi, қорғаны'', - деп атап өтедi.
 
            Болашақ ұрпақты озық жетiстiктерге тəрбиелеу, оларға бiлiм беру процесiн сол халықтың 
мiнез-құлқымен тұрмыс-салтын, əдет-ғұрпын еске ала отырып жүргiзудiң қажеттiгiне Жүсiпбек аса 
зор көңiл бөледi.
 
            Абайдың көрнектi шəкiрттерiнiң бiрi болған Жүсiпбек өзiнiң туған халқын қатты сүйсе, дəл  
солай  оның  кемшi-лiктерiн  де  көрсетiп,  қатаң  сынға  алып  отырады.  Мысалы, ''Қазақтың  өзгеше 
мiнездерi''  деген  мақаласында  өз  халқы-ның  бұрынғы  уақыттарда ''ұйымшыл,  елi  жауынгер,  биi 
əдiл,  намысқор,  адамы  əрi  бiтiмдi,  қайратты,  сауықшыл,  досымен  достасып,  жауымен  жауласуға 
табанды''  болғанын  айта  отырып,  отаршылдық  езгiнiң  əсерiнен  осы  мiнездер   өзгерiп, ''ұрлық, 
зорлық, өтiрiк, өсек, алдау, қулық, айдату,  байлату, кiсi өлтiру, өтiрiк мақтану, ынсапсыздық, тұрақ-
сыздық, жалқаулық сияқты жағымсыз қылықтар''  көбей-генiне қынжылады, сөйтiп, ''ұсақтап келiп, 
жаужүрек батыр-ларымыздың батырлығы ауыл үйдiң малын ұрлауда. Бұрынғы  билердiң  жұрнағы 
кiшкене  дөңгелек  жер  болып  қалды'', - дейдi.  Ал  ендi  осы  жағымсыз  қылықтардан  құтылудың  ең 
басты құралы, Жүсiпбек түсiнiгi  бойынша, тəрбие, оқу, бiлiм.
 
    
 
Тəжiбаев Төлеген - қазақтың тұңғыш 
 
психолог - ғалымы, академик (1910-1964) 
 
             1910  жылы  Оңтүстiк  Қазақстан  облысы,  Арыс  ауданы, 9-ауылда  туған. 1928 жылы 
Шымкенттегi  Педагогикалық  техникумды, 1935 жылы  Москвадағы  Н.  К.  Крупская  атындағы 
Коммунистiк тəрбие академиясын бiтiрдi. Еңбек жылын 1938 жылы Абай атындағы педагогикалық 

инсти-тутының  педагогика  жəне  кафедра  меңгерушiсi  қызметпен  бастаған  Тəжiбаев  одан  кейiнгi 
мерзiмдерде халық ағарту комиссарының бiрiншi орынбасары, оның комиссары, жəне қазақ ССР 
сыртқы  Халкомсовының  комиссар  орынбасары,  қызметiнде  болады. 1944 жылдан  бастап  Қазақ 
ССР  сыртқы  iстер  Министрi,  Қазақтың  əл-Фараби  атындағы  Мемлекеттiк  ұлттық  университетiнiң 
ректоры жəне қазақ ССР Министрлер Советi председателiнiң орынбасары болды. 
 
             1957-1961  жылдары  Үндiстандағы СССР елшiлiгiнiң кеңестi-өкiлi  болды.  Ал, 1961 жылдан 
əл-Фараби  атындағы  ұлттық  университетiнiң  педагогика  жəне  психология  кафедрасының
профессоры жəне меңгерушiсi қызметiн атқарады. 
 
            1938 жылы педагогика ғылымының кандидаты, 1962 жылы педагогика ғылымының докторы 
дəрежесiне  ие  болды. 1954 жылдан  Қазақ  ССР  ғылым  академиясының  академигi  Т.  Тəжiбаев 
Қазақ  ССР  педагогика  қоғамының  президентi,  жоғары  жəне  арнаулы  орта  бiлiм  Министр-лiгiнiң 
педагогика  жəне  психология  саласындағы  ғылыми-əдiстемелiк  кеңесiнiң  төрағасы  т.б.  қоғамдық 
жұмыстар атқарды. 
 
             Т.  Тəжiбаев  жауапты  қоғамдық,  мемлекеттiк  қызметтер  атқарумен  бiрге,  зор  ғылыми-
зерттеу  жұмыстарын  жүргiздi.  Оның  К.  Д.  Ушинскийдiң  психологиялық  көзқарасы  туралы 
зерттеулерiнiң  зор  ғылыми  маңызы  болды.  Ол  жас  ғалым-психологтарды  даярлауда  көп  еңбек 
сiңiрдi. Тəжiбаев Қазақстандағы педагогикалық ой-пiкiрдiң, оқу-ағарту iсiнiң дамуы жəне мектептер
тарихын, Абай Құнанбаевтың философиялық, психо-логиялық жəне педагогикалық көзқарастарын 
жан-жақты зерттеген ғалым. ХIХ ғасырдың екiншi жартысын-дағы Қазақстандағы оқу-ағарту iсiмен 
педагогикалық  ой-пiкiр  дамуы  жөнiндегi  зерттеулерi  көлемдi,  əрi  маңызды  зерттеулер  қатарынан 
саналады. 
 
 
 
 
 
Сембаев Iбнияұлы - қазақ мектебiнiң тарихын тұңғыш зерттеген ғалым
 
(1905-1989)
 
            1905 жылы Жезқазған облысы, Шет ауданында Қарабұлақ аулында туған. 1931 жылы Абай 
атындағы  Қазақтың  Мемлекеттiк  Педагогикалық  институтының  химия  факультетiн  бiтiрдi. 
Педагогикалық жұмысты 1925 жылы мектепте мұғалiмдiктен бастады. Одан кейiнгi жылдары қазақ 
ССР  Оқу  Министрлiгiнiң  əдiскерi,  Қазақтың  ауыл  шаруашылық  институтының  оқытушысы,  əрi 
директоры  болды.  Қазақ  ССР-ы  Оқу  Министрi,  əл-Фараби  атындағы  Ұлттық  университетiнiң 
кафедра меңгерушiсi жəне проректоры, қызметiн атқарды. Қазақ ССР Оқу Министрлiгi жанындағы 
Алтынсарин  атындағы  педагогикалық  ғылыми-зерттеу  институтының  директоры   жəне  институт 
жанындағы үйлестiру Кеңесiнiң меңгерушiсi болды. 
 
             1966  жылы  Ғылым  докторы  дəрежесiн, 1967 жылы  профессор  атағын  алды.  Ол  ССР 
Педагогикалық  ғылымдар академиясының мүше-корреспондентi  болып  сайланды.  Сембаев  Ə. I. 
Қазақ  Совет  мектебiнiң  қалыптасуын  зерттеуге  үлкен  еңбек  сiңiрген  ғалым.  Оның 30-дан  астам 
ғылыми еңбегi жарық көрдi. 
 
            Ол үлкен қоғам қайраткерлерi бола жүрiп, Қазақ-стандағы педагогика ғылымының өркендеп 
өсуiне  қазақ-ұйғыр,  орыс-қазақ  мектептерiне  байланысты  К.  Д.  Ушин-скийдiң,  Н.  К.  Крупскаяның 
педагогикалық мұраларын жан-жақты зерттеген ғалым.
 
    
 
Раиса Лемберг - Қазақстан педагогикасын 
 
дамытуға үлес қосқан ғалым (1883-1965)
 
            Соғыстан кейiнгi жылдарда дидактиканың əр түрлi бағытында зерттеу жүргiздi. 40 жылдары 
''Сабақтың  құрылысы  проблемасы'', ''Бiлiмдi  бекiту  жəне  сабақтағы   бiлiктiлiк''  т.  б.   сабақ  өтудегi 
мұғалiм бiлiмi мен оның шеберлiгiне үлкен мəн бердi, оның дидактикалық негiзiн қалады.
 
             Ал, 50-60 жылдары ''Оқыту  əдiстемесi'', ''Дидактика-лық  очерктер''  т.  б.   мақалаларында  
Лемберг Р. Г. оқу процесiн психологиялық негiзде талдайды жəне сипат-тайды.  Оның  оқу құралы
оқыту  жолдарын  айқындайды,  оқыту  əдiстемесiнiң  творчестволық  жолын  белгiлеп   бердi.  Раиса 
Григорьевна   елiмiзде  бiрiншi  болып   психология-педагогикалық  тоқыраудың  салдарын  жою 
жаңадан  оның  тиiмдi  жолдарын  iздеудiң   жаршысы  болды.  Оқудың  тұрпайлығын  жою,  сабақты 
көрнекiлiкпен өткiзу проблемаларын  бiрiншi  кезекке  қойды. Оның  ғылыми  мектебiнiң шəкiрттерi 
- Г. А. Уманов пен Н. Д. Хмель Лембергтiң iлiмiн  жалғастырып, өздерi оның бiлiмiн таратты. 
 
 
 
Қартбай Бержанов - ''Педагогика тарихы'' оқулығын қазақ тiлiнде тұңғыш жазған ғалым 
(1924-1976)
 
 
             Педагогика  ғылымының  докторы,  профессор   Қ.  Бержанов  артына  үлкен   педагогикалық 
мұра  қалдыр-ған,  Қазақстандағы  педагогика  ғылымының  дамуына   қосқан  өзiндiк  үлесi  бар 
көрнектi ғалым.
 
             1947  жылы  Абай  атындағы  Қазақ  педагогика  институтының  тарих  факультетiн  бiтiрiсiмен 
институт қабырғасындағы қоғамдық жəне педагогикалық  iске қызу араласып, студенттерге тəлiм-

тəрбие   бередi.  Кейiнен  Қазақ  мемлекеттiк  қыздар   педагогика  институтында  проректор  əрi 
педагогика жəне психология кафедрасының меңгерушiсi болып қызмет атқарған ол 1967 жылдан 
өмiрiнiң  соңына  дейiн  əл-Фараби  атындағы  Қазақ  мемлекеттiк  универ-ситетiнiң  педагогика  жəне 
психология кафедрасының меңгерушiсi  болды.
 
            Қ. Бержанов бiрнеше оқулық пен монографиялық еңбектiң, 200-ге тарта мақаланың авторы. 
Оның  бiрi ''Қазақстан  мұғалiмдерiнiң (1917-1941) қоғамдық  жəне   мəдени  ағартушылық  iсi 
тарихынан''  атты  монографиясы  Қазақстандағы   тұңғыш  жазылған  еңбектердiң  қатарынан  орын 
алады.
 
            Ғалым туындыларының негiзгi  өзегi  педагогика тарихының мəселелерi болып  саналады. 
Ол  оқу-ағарту  жəне  жалпы мəденит  саласындағы халықтар ынтымағы мен достығын өз еңбегiне 
ұдайы арқау етiп отырады. Оның ''Оқу-ағартудағы халықтар достығы'' атты ғылыми педагогикалық 
туындысы осы тұрғыда жазылған маңызды еңбек.
 
             Ол  ХIХ  ғасырдың  бiрiншi  ширегiнде  орыс-қазақ  қатынастарының  даму  тарихында 
Қазақстанның ағарту iсi мен мəдениетiне, оның тарихы мен табиғи байлық-тарын зерттеуге ықпал 
етiп, белгiлi iз қалдырғандар - декабристердiң Қазақстан жерiнде болуының зор маңызы бар деген  
тұжырымға келедi.
 
             Орыс   мəдениетi  мен  оқу-ағарту  iсiнiң  Қазақстанның   оқу-ағарту  iсiне  тигiзген  тағы  бiр  
ықпалы  ұйымдастырылған  кадет  корпустары.  Сонымен  бiрге,  Россияның  ұлт  аймақ-тарында, 
соның  iшiнде  Қазақстанда  орыс  бiлiмiнiң  таралуына  ықпалын  тигiзген, 1789 жылы  Орынбордағы 
Меновой двор мешiтiнiң жанынан қазақ балаларына  арналған мұсылман мектебiнiң ашылуы қазақ 
жастарының орыс тiлiн үйренудегi алғашқы  қадам болғанын  баяндайды.
 
             Қазақ  жерiнде  тұңғыш   мектеп  ашқан,  дала  қоңырауы  атанған  Ыбырай  Алтынсаринның, 
ұлы  ағартушылар  Абай  мен  Шоқанның  орыстың  озық  мəдениетiнен  сусындап,  оның  оқу-ағарту 
саласындағы  озық  идеяларын  қазақ  жерiне  тұңғыш  таратушы  екенiн  түйiндей  отырып,  ол  бүгiнгi 
Қазақстан  мектептерiндегi  үлкен  өзгерiстер  ұлы  орыс   мəдениетi  жəне   орыс-қазақ  достығының 
нəтижесiнде қол жеткен теңдесi жоқ табыс екенiн дəлелдейдi. 
 
             Ғалымның  ұзақ  жылдар   бойғы  зерттеулерi  нəтижесiн-де   жазылған  бағалы  еңбектерiнiң 
бiрi - ''Педагогика  тарихы''  оқулығы.  Бұл   жоғары  оқу  орындары  оқытушыларының  мектеп
мұғалiмдерiнiң, студенттердiң қолтума кiтабына айналды.
 
             Оның  ғылыми  еңбегiнiң  қай-қайсысы  болмасын   адамгершiлiк  жəне  еңбек  тəрбиесiнiң 
принциптерi  тұрғы-сында  жазылған.  Автор   1920  жылдардағы   Қазақстан  жерiнде  алғашқы 
мектептiң  киiз  үйлерде  ашылғаны,  алғашқы  мұғалiмдердiң  педагогикалық   бiлiмi   жоқ,  қысқа 
курстарда оқыған сауаты ғана бар екенiне арнайы тоқталып, оның заңды құбылыс екенiн ескерте 
кетедi.  Сол  мектептердiң  бүгiнгi  тəрбие  мен  оқудың  бiрлiгiн,  оның  берiк  үлгiсiн  жасаған   қазақ 
мектептерiне дейiнгi дəржеге көтерiлуi ұлт саясатының салтанат құрып отырғанының айқын айғағы
деп тұжырым  жасаған. Сондай-ақ ол кеңес мектебiнiң алғашқы  жылдарындағы халық ағарту iсiн 
дамыту мен қалыптастыруда Н. К. Крупская, М. И. Калинин,  А. В. Луначарский, А. С. Макаренко т. 
б. көрнектi педагог-тердiң тəжiрибесi, олардың педагогикалық ықпалының орасан зор болғанын өз
еңбектерiнде ерекше көрсетедi.
 
             Ол  педагогика  тарихын  белгiлi  бiр  жүйемен  зерттедi.  Мысалы,  ол XVI-XVII ғасырдың 
аралығындағы  жаңа  педагогиканың  негiзiн  қалаушы  ұлы  славян  педагогi  Ян  Амос  Комнескийден 
бастап,   əр  түрлi  кезеңдегi  педагогика  ғылымының  дамуына  өзiндiк  үлес  қосып  келе  жатқан, 
педагогикада өз дəуiрiне тəн бетбұрыс жасаған, демек əрбiр ғасырда өмiр сүрген  педагогтардың: 
Ж. Ж. Руссо,   И. Г. Пестолоции, М. В. Ломоносов, В. Г. Белинский,  А. И. Герцен, К. Д. Ушинский,  
Н.  Г.  Чернышевский,     Н.  А.  Добролюбов,  Л.  Н.  Толстой,  И.  Н.  Ульянов,     Ы.  Алтынсарин,  Ш. 
Уəлиханов, А. Құнанбаев т. б. көптеген педагогтердiң еңбектерiне талдау жасап, олар туралы өз 
кезiнде  республикалық жорналдар мен газеттерге мақалалар жазды.
 
             Ғалым  зерттеулерiнiң  басты  бiр  өзегi - педагогика-ның  бiлiм  беру  жəне  оқыту  теориясын 
жетiлдiретiн  саласы - кеңестiк  дидактиканы  зерттеуi  едi.  Ол  дидактиканы  қазақ  топырағымен 
байланыстыра  зерттедi.  Мысалы,  ол  бiрiншiден  прогрессивтi  орыс  педагогикасының  дидактика-
лық  үлгi-өрнектерi  қазақ  мектептерiнде  Ы.  Алтынсарин  ашқан   мектептердiң  тəрбиесi  арқылы 
жүзеге   асырылды  десе,  екiншiден,  С.  Көбеевтiң ''үлгiлi  бала''  оқулығын  дидактикалық  еңбектер 
қатарына қосады. үшiншiден, ол ''Айқап'' журналының материалдарын да дидактикалық еңбектер
қатарына қосуы да оның еңбектерiнiң жан-жақтылығын дəлелдейдi
 
             Қ.  Бержанов  өмiр  бойы  ұстаздық  еттi.  Одан  дəрiс  алған,  лекция   тыңдаған,  ғылыми  бiлiм 
жəне  тəрбие  көрген  мұғалiмдер  республиканың  түпкiр-түпкiрiнде  жемiстi  еңбек  етiп,  ұстаздық 
қызметте жүр. 
 
 
 

Григорий Уманов-Қазақстан педагогикасын
 
дамытушы ғалым
 
(1931)
 
             Əл-Фараби  атындағы  қазақ  мемлекеттiк  университетi  тарих  факультетiнiң  түлегi  бүгiнде 
педагогика  ғылымының  докторы,  Қазақстан  Республикасы  ғылымына  еңбек  сiңiрген  қайраткер  Г. 
А.  Уманов  белгiлi  ғалым,  ұлағатты  ұстаз,  сондай-ақ  өзi  еңбек  ететiн  Абай  атындағы  Алматы 
Мемлекеттiк  Ұлттық  университетiнiң  педагогика  кафедрасының  профессоры.  Сонымен  бiрге 
кафедра жанындағы педагогикадан кандидаттық жəне докторлық ғылым  дəреже беретiн ғылыми  
кеңес мүшесi, Ташкент ғылыми кеңестiң мүшесi т. б.
 
             Ол  жергiлiктi  халық  тарихын,  ұлттық  дəстүрiн,  тiлiн,  мəдениетi  мен  əдебиетiн  үйренудi 
өзiнiң  борышы  деп  бiлiп,  бүкiл  отбасымен  қазақ  театрына  барып,  ұлттық  өнерден   сусындай 
бастады.  Сол  кездерi  ер  жетiп  қалған  Григорий  де  мұндай  мəдени  демалыстардан  қалыс
қалмайтын.  Кейiн  ол  Қазақ  мемлекеттiк  университетiнiң  тарих  факультетiне  оқуға  түскенде  осы 
бағытынан танбады. 
 
             Шынында  да,  Г.  А.  Умановтың  студенттiк  өмiрi  тек  iзденiспен  өттi.  Оқуда  озат  болумен 
қатар, факультеттiң, тiптi, университеттiң қоғамдық жұмысына да белсене араласты. Үнемi бiлсем 
деген  талпыныста  жүретiн  оған  кезiнде  тарих  ғылымының  докторы,  атақты  академик  Серiкбай 
Бейсенбаев, белгiлi тарихшы ғалым Есмұқан Бехмахановтар дəрiс берiп, ұстаздық еттi. Бiлiмдерi 
терең,   парасатты  да  мəдениеттi  ғалымдардан  ғибрат  алудың  өзi  де  Григорий  Абрамович  үшiн 
тəнтi болған жас сол кезде-ақ ''үлкен ғалым боламын'' деген арманды көкiрегiне мықтап түйген едi.
             Университеттi 1954 жылы  бiтiрген  ол  еңбек  жолын  Алматы  медицина  училищесiнiң  тарих 
пəнiнiң мұғалiмi болудан бастады.  Кейiн Алматыдағы еңбек  колонналары мектептерiнде мұғалiм 
жəне директор болып еңбек еттi. Мiне, осы кезден бастап ол қиын балалар тəрбиесiн зерттеумен 
айналысты. Ұзақ жылғы еңбек, мол тəжiрибе көп кешiкпей өз жемiсiн бердi. Ол 1960 жылдардың 
басында ''СССР-де  кəмелетке  жетпеген  балалардың  қылмыс  жасау  себептерi''  атты  тақырыпта 
кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбек кейiн монографиялық кiтап болып шықты.
 
 Негiзi  əр  ғылымның  өзiндiк  зерттеу  ерекшелiгi  бар.  Оның   еңбектерiндегi  ерекшелiк - теорияның 
тəжiрибемен  тiкелей  байланысы.  Мысалы, 1968 жылы ''Жеке  оқушылар-мен  жүргiзiлетiн  тəрбие 
жұмыстарының  мəселелерi'', 1969 жылы  жарық  көрген ''Кəсiптiк-техникалық  училищелердегi 
тəрбие  жұмысының  жүйесi''  атты  монографиялары  соның  айқын  айғағы.  Қазақстандағы  кəсiптiк-
техникалық  оқу  орындарының,  əсiресе,  училищелердiң  озат  тəжiрибесiн  жинақтаған  бұл 
дүниелердi  оқушылар  оқулық  ретiнде  пайдаланып  келдi.  Ал, 1970 жылы  Г.  Уманов ''Қазақстанда 
кəсiптiк-техникалық  бiлiм  дамытудың  педагогикалық  проблемалары''  атты  тақырыпта  докторлық 
диссертация  қорғады.  Ол  көп  кешiкпей  үлкен  кiтап  болып  шықты.  Мұны  педагог  ғалымдар,  сол 
кездегi  көрнектi  педагог    Р.  Г.  Лемберг  Қазақстан  педагогикасына  қосылған  үлкен  үлес  деп
бағалады.
 
             Ол  өзiнiң ''Бала  бақыты''  атты  кiтабында  баланы  жасынан  еңбекке  үйретудiң  тəрбиелiк 
жүйесiн  жасаған.  Тəрбие  iсiнде  орынсыз  ағаттықтар  жiберуден  сақтан-дырады.  Сондай-ақ,  ол 
Москвадан орыс тiлiнде шыққан ''Мы и наши дети'' атты еңбегiн В. Сухомлинскийдiң ''Балаға жүрек 
жылуы'' атты кiтабы негiзiнде жазғанын автор мақтаныш тұтады.
 
            Г. А. Уманов зерттеулерiнiң тағы бiр ерекшелiгi барлық проблеманы кез келген обьектiсiн 
жергiлiктi  халықтың  топырағынан  iздейдi.  өзiнiң  өскен  ортасының  табиғатын,  ғылыми-техникалық 
прогресiн  мəдениетi,  оқу-тəрбие  iсiн,  əдебиетiн,  тарихын  өз  зерттеулерiнiң  берiк  компоненттерi 
етiп ала бiлдi. Соңғы оншақты жылдар iшiнде жазған ''СССР-де оқушыларға кəсiптiк бағдар беру'' 
Қазақстанда  кəсiптiк-техникалық  бiлiм  берудi  дамытудың  педагогикалық  проблемалары, ''Жеке 
оқушылармен  жүргiзiлетiн тəрбие  жұмысының жүйесi'', ''Қиын балалар-мен жүргiзiлетiн тəрбиенiң 
маңызды  мəселелерi''  атты  еңбектерiнде  жəне  Қазақстандағы  оқу-ағарту,  тəрбие  мəселелерiне 
арналған теориялық танымды мақала-ларында екжей-тегжейлi баяндалған.
 
            Сондай-ақ Г. Уманов - қазақ əдебиетiнiң даму тарихымен де айналысқан ғалым. Ол, тарих, 
əдебиет  жəне  педагогиканы  бiртұтас  деп  қарайды.  Оған  көптеген  педагогиканың  зерттеулерi 
дəлел.  Мысалы, ''Бала  бақыты''  атты  кiтаптары  тəрбиенiң  түйiндi  мəселелерiн  шешуде  қазақ 
балаларының  жүрiс-тұрысы,  қазақ  отбасының  күй-жайы,  дəстүрi,  халық  педагогикасының
мұралары жан-жақты талданып жазылған.
 
             Сондай-ақ,  Уманов  өте  қайрымды  да  парасатты,  зиялы  ғалым.  Олай  дейтiнiмiз,  оның 
жетекшiлiгiмен 100-ден астам адам педагогика ғылымының кандидаты жəне докторы дəрежесiне 
ие  болды.  Ол  толып  жатқан  диссертацияның  оппонентi  болып  сөйледi.  Қыруар  кiтаптар  мен 
монографияларға, əдiстемелiк оқу құралдарына, оқулықтарға беташар жазып, батасын бердi. Ол 
лекция  оқуда  да  еңбек  тəрбиесiнiң  майталмен  маманы.  Бүгiнгi  Қазақстан  педагогикасының  көш  
бастаушыларының  бiрi.   Оның   педагогика  саласындағы  жүзеге  асырылған  iстерi  айтарлықтай. 

Умановтың  бастамасымен  Абай  атындағы  педагогикалық  институттың  барлық  факультеттерiне 
''Мектеп  күнiн  немесе  үзiлiссiз  педагогикалық  тəжiрибе''  енгiзiлген  болатын.  Оның  мақсаты 
педагогикалық практиканың мерзiмiн ұзарту, яғни студенттер бiрiншi курстан бастап əр жылы 35-
40 сағаттан педагогикалық тəжiрибеден өтедi. Көп ұзамай бұл бастама Алматы қаласының барлық
педагогикалық  оқу  орындарында  қолдау  тапса,  ал 1989-90 оқу  жылында  бұл  тəжiрибе 
республиканың  барлық  педагогикалық  оқу  орындарының  оқу-тəрбие  жоспарына  енгiзiлiп,  жүзеге 
асырылды.
 
            Соңғы кездерi ғалымды елiмiздегi оқу-ағарту iсiн қайта құру, ондағы басты  проблема жаңа 
адамды  дамыту,  қалыптастыру  жəне  тəрбиелеу  қатты  толғандыратын  болды. Iзденiс  тағы  да  iс 
жүзiнде  көрiнiс  тапты.  Оның  бiрi - ғалымның  бастамасымен  Алматы  қаласындағы 36, 65, 31  
мектептердiң  жанынан  ғылыми  оқу-əдiстемелiк  комплекс  құрылуы.  Комплекс  үш  бағытта: 
(Оқушылардың танымдық iс-қимылын белсендендiру'', ''Оқушыларды идеялық-адамгершiлiк рухта 
тəрбиелеу'',  үшiншiден, ''Қиын  балалар  тəрбиесiн  жетiлдiруде''  жүйелi  жұмыс  жүргiзудi  көздейдi. 
Бұл  iске  бүкiл  кафедра  мүшелерi  жұмылдырылды.  Мұндағы  ең  түпкi  мақсат-қайта  құру  негiзiнде 
жоғары оқу орындарының қызметiн мектепке жақындату, оқу тəрбие процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру 
едi.  Бұл iсi өзiнiң  жалғасын  табуда.
 
 
 
   Жарықбаев Құбығұл 

Қазақстанның көрнектi психологы  (1929)
 
             Əл-Фараби  атындағы  Қазақтың  Ұлттық  Университетi-нiң  профессоры,  педагогика 
ғылымының докторы   Қ. Б. Жарықбаевтың  тəрбие тағылымы мол адам. Жүсiпбек Аймауытовтың 
сөзiмен айтқанда ''Тəрбиелi адам, демек иманды адам, ол бiлiмiн өз орнына, игiлiкке, адамзаттың 
гұлденуiне  жұмсайды'' - деген  екен. 1946 жылы  Ақтөбе  оқытушылар  педагогика  институтын
бiтiрген балаң жiгiт Құбығұл Бозайұлының ойына Жүсiпбек Аймауытовтың осы бiр  тəрбие туралы 
ғұламалық  даналығы,  аталық  сөзi  кiрмегенде  шығар,  немесе  елес  бердi  ме  оны  сол  кезден 
бастаған  тəрбие  туралы  талпыныс  пен  бiлiм  алу  туралы  үлкен  ұмтылыс,   зор  арман  Алға  қазақ 
орта мектебiнде ұстаздық  қызметiн бастағанда, оны болашаққа жетелей бердi. 1947 жылы алғаш 
Төлеген Тəжiбаев ұйымдастырған  əл-Фараби атындағы қазақтың Ұлттық Университетiнiң  ''Логика 
жəне  психология''  бөлiмiн  бiтiрiп  шықты. 1951-1977 жылдары  Қызылорда  педагогикалық 
институтының  оқытушысы,   жəне  Шымкент  педагогикалық  институтында  доцент,  психология 
кафедрасының меңгерушiсi болып қызмет атқарды. 1977 жылдан берi əл-Фараби атындағы ұлттық
университеттiң  психология   жəне  педагогика  кафедрасы-ның  меңгерушiсi  кейiнгi  жылдары 
''Этнопсихология  жəне  педагогикалық  психология''  кафедрасының  профессоры  болып  қызмет 
атқарып  жүр.  Аңсаған  арман  оның  басындағы  мiнез-құлықтық  психологиялық  ерекшелiк 
психология  ғылымын  зерттеуге  тұлғалық  берiлгендiгi,  оны  биiк  межеге  жетеледi.  Сөйтiп  ол 
алғашқы  еңбегiн ''Абай  қазақ  халқының  ұлы  ағартушысы''  жəне ''Қазақ  ағартушылары  жастарды 
тəрбиелеу  туралы''  еңбектерi  жарыққа  шыға  бастағаннан  берi   қарай,  ол  елуге  тарта  психология 
саласын  қамтитын  оқулық  пен  оқу  құралдарын,  оқу  бағдарламаларын  жазды. 800-дей  ғылыми 
мақаланың  авторы.  Мұның  барлығы  психологияның  маңызды  мəселелерiне  арналған.  Демек 
Құбығұл  Бозайұлы  ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегiнде  педагогика,  əсiресе  психология  ғылымының 
дамуына  зор  үлес  қосқан  көрнектi  ғалым.  Қазақстанның   психология  ғылымының  негiзiн 
салушылардың  бiрi.  Абай  атындағы  АлМУ-дың  педагогика  кафедрасындағы  докторлық  ғылыми
кеңестiң  жəне  əл-Фараби  атындағы  ұлттық  университеттiң  психологиядан  докторлық  ғылыми 
дəреже беретiн кеңестiң мүшесi. 
 
            1962 жылы қазақ тiлiнде жазған тұңғыш психология оқулығы (1970-82-94) қайтадан үш рет 
басылды.  Сонымен  бiрге   ''Махамбет   өтемiсұлы  жастар  тəрбиесi  хақында'' 
 (1976), ''Əл-
Фараби'' (1977), 
 ''Аталар  сөзi - ақылдың  көзi'' (Монография, 1980), ''Ұстаздық  еткен 
жалықпас'' (психология  очерктерi, 1987) жазылды.   Осы  еңбектерiнде  автор  қазақтың  тəлiм-
тəрбиелiк  нұсқасын  психологиялық  ғылыми  негiзе  айландырып  жастар  жəне  ұрпақ  тəрбиесiнiң 
психологиялық  негiзiн  салды.  Сонымен  қатар  ол ''Қазақтың  тəлiм-тəрбиелiк  ой-пiкiр 
антологиясы'' (1995), ''Этнопсихология'' (1998), ''Қазақ  мектептерiндегi  оқу-тəрбие  процесiнiң 
этнопсихология-лық  мəселелерi'' (1997), ''Психология  пəнiн  оқытудың  кейбiр  мəселелерi'' (1987) 
еңбектерi  əл-Фарабиден  берi  қарайғы  қазақтың  этнопедагогикалық  немесе  халықтық
педагогиканың  күнi  бүгiнге  дейiнгi  дамуына  талдау  жасайтын  тарихи  тағылымы  мол,  жастар 
тəрбиесiн халықтық педагогика негiзiнде тəрбиелейтiн жəне бiлiм беретiн тарихи еңбектер.
 
             Қ.  Б.  Жарықбаев ''Қазақ  психологиясының  тарихы'' (1996), ''Развитие  психологический 
мысли  в  Казахстане'' (1968), ''Жүсiпбек  Аймауытовтың  психологиялық  ой-пiкiрлерi'' (1998) 
еңбектерi арқылы Қазақстандағы психо-логиялық ой-пiкiрдiң дамуын, оның əртүрлi тарихи кезеңiн 
тереңнен тартып талдайды. Осы жоғарыдағы  еңбектердiң барлығында да Құбылғұл Бозайұлы сан 

ғасырлық тарихы бар, қазақ халқының көне заманнан бергi тəлiм-тəрбиесiн, психологиялық жəне 
педагогика-лық оқу-ағарту туралы ой-пiкiрдiң қалыптасу бағыт-тарын саралап та сараптап,  бүгiнгi 
өмiрдiң  талаптарына сəйкес зерттеп, жазды.
 
             Қ.  Жарықбаевтың  ғылыми - iзденiс  бағыттарының  негiзi - ағартушылықты:  тəрбие,  оқу-
ағарту,  бiлiм  берудi,  оның  iшiнде  психологиялық  iлiмдi  зерттеудi  өзiнiң  биiк   межесi  етiп  ұстаған. 
Ғалым - жаңа  рухта  жас  ұрпақ  тəрбиелеу,   адамгершiлiк,  жақсы  мiнез-құлық  қалып-тастыру 
қажеттiлiктерiн  тек  қана  тəжiрибеде   iске  асырып  қоймай,   бұл  мəселелердi   теориялық  тұрғыдан 
да терең зерттеген.  
 
             2003  жылы ''Қазақ  психологиясының  дамуы  мен  қалыптасуы''  туралы   психология  
ғылымының докторы дəреженсiн алу  үшiн диссертация қорғады
 
 
 
 
 
  
 Пысықтау жəне бақылауға арналған сұрақтар
 
1.  Əл-Фарабидың  оқу-ағарту  жəне  тəрбие  туралы  ой-пiкiрлерi,  оның  жаңа  адамды 
қалыптастырудағы тарихи маңызы.
 
2. Фарабидiң еңбек тəрбиесi туралы тағылымдарын талдаңыз.
 
3. Фараби ғылымды қалай жiктедi?
 
4. Махмұд Қашқари еңбектерiнiң тарихи маңызы жəне ғылыми мұраларына талдау жасаңыз.
 
5.  Қашқаридың ''Диуани  лұғат-ат-Түрк''  атты  еңбегiнде  қандай  тарихи  жəне  тəрбиелiк  мəселелер 
көтерiлген?
 
6.  Баласағұн  Жүсiптiң  отбасы  тəрбиесi  туралы  өсиеттерi  жəне ''Құтты бiлiк''  дастанының  қоғамда 
алатын орны қандай?
 
7. Қадырғали Жалайри мен Мұхаммед Хайдар Дулати-дың, еңбек тəрбиесi туралы ой-пiкiрлерiнiң 
тарихи маңызын талдап, тəрбиелiк мəнiн қалай түсiнуге болады?
 
8.  Фирдауси  мен  Низамидiң  адамзат  тiршiлiгi,  өмiр  мен  қоғам,  отбасы  даналықтарын  талдап, 
жастар тəрбиесi туралы тағылымдарының тарихи маңызына түсiнiк берiңiз?
 
9.  Ибн-Сина  еңбек  тəрбиесi  туралы  қандай  пiкiрлер  айтқан  жəне  дəрiгерлiк  қызметiнiң  тарихи 
маңызы қандай? 
 
10.  Əлiшер  Науаи  мен  Мақтымқұлының  Орта  Азия  ойшылдарын  ретiндегi  еңбектерiнiң  тарихи 
маңызын қалай түсiнесiз?
 
11. Ян Амос Коменскийдiң педагогиканың негiзiн салушы ретiндегi еңбектерiнiң маңызы қандай? 
 
12. Я. А. Коменский оқытудың қандай əдiстерiнiң негiзiн салды?
 
13.  Джон  Локк  пен  Жан-Жак  Руссоның  тəрбиенiң  табиғатпен  байланыстығы  туралы  ой-пiкiрлерi, 
оның педагогикадан алатын орны қандай?
 
14. И. Т. Песталоции мен К. А. Гельвецийдiң тəрбие туралы ой-пiкiрлерi жəне оның педагогикалық 
маңызы мен мəнi қандай?
 
15. А. Дистервегтiң тəрбие туралы даналықтарының тарихи маңызы қандай?
 
16. К. Д. Ушинскийдiң дидактикалық принциптерiнiң - оқыту мен бiлiм берудегi алатын орны жəне 
оның мектеп тəжiрибесiндегi тарихи мəнi?
 
17. Н. К. Крупская мен А. С. Макаренконың педагогика-лық еңбектерi жəне оның тəрбиелiк мəнiн 
түсiндiрiңiз?
 
18.  В.  А.  Сухомлинский  мен  В.  В.  Шаталовтың  педаго-гикаға  қосқан  жаңалықтары  туралы 
айтыңыз?
 
19.  Қазақ  ағартушыларының  Ыбырай,  Абай,  Шоқан,  Шəкерiмнiң  əлеуметтiк-педагогикалық  ой-
пiкiрлерiнiң  пайда  болуы  мен  қалыптасуының  тарихи  маңызына  талдау  жасап,  тəрбиелiк 
тағылымнан қалай дəрiс алуға болады?
 
20. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтың Қазақстан педагогикасының дамуына қосқан
үлестерi туралы айтып берiңiз?
 
21.  Қазақстан  педагогтарының  тəрбие,  оқу,  бiлiм  беру  туралы  ой-пiкiрлерiнiң  бүгiнгi  егемендi 
елiмiздiң оқу-ағарту бiлiм беру, iсiн дамытудағы рөлi қандай?

Əдебиеттер
1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университетi, 1989.
 
2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тəжiрибелерi.  -А., 1991.
 
3. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершiлiкке тəрбиелеудiң кейбiр 
мəселелерi. -Алматы, 1985.
 
4. Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тəрбиенiң жалпы əдiстерi. -А., 1991.
 
5. Айғабылова Н. Бала мiнезiнiң қалыптасуы жəне оны тəрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.
 
6.  Ахметов  Ж.  Балаларды  мəдениеттiлiкке  тəрбиелеу  жолдары.   //Қазақстан  мұғалiмi, 18 ақпан, 
1994.
 
7. Алмаханова Х. Жас өспiрiмдерге эстетикалық тəрбие беру.    /Методикалық нұсқау. А., 1990.
 
8. Ақназарова Б. Класс жетекшiсi. -А., Мектеп, 1973.
 
9. Əбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тəрбие берудi жетiлдiру. -А., 1992.
 
10.  Əбенбаев С. Мектептегi тəрбие жұмысының əдiстемесi.  -А., 1999.
 
11. Əбдiразақов Е. Адамгершiлiк, имандылық тəрбиесi. -Шымкент 1994.
 
12. Əбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.
 
13. Əбиев Ж. Еңбек тəрбиесiнiң педагогикалық негiздерi.  -Алматы, 1997.
 
14. Əбиев Ж. Оқушыларға атеистiк тəрбие беру. Алматы,  //Қазақстан мектебi, 1959. ғ3.
 
15. Əбiлова З. Оқушыларға эстетикалық тəрбие беру. -А., 1972.
 
16. Əбiлова З. Этнопедагогика. -А., 1997.
 
17. Əтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мəнi. Қаз. мем. 1-1996.
 
18. Болдырев Н. Мектептегi тəрбие жұмысының методикасы.  -Алматы, 1987. III-VI тарау.
 
19. Болдырев Н. Класс жетекшiсi. -А., Мектеп, 1980.
 
20. Богословский В. т. б. Жалпы психология  -А., Мектеп, 1980, 13 тарау.
 
21. Безкаравайный С., Жұмабаев А. Мектепте өткiзiлетiн тарихи-əдеби кештер. -А., Мектеп, 1968.
 
22. Бержанов Қ. Тəрбие мен оқытудың бiрлiгi. -Алматы, 1973.
 
23. Бержанов Қ., С. Мусин. Педагогика тарихы. -А., Мектеп, 1984.
 
24. Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976.
 
25. Баранов С. Принципы обучения. -Москва, 1975.
 
26. Бабанский Ю. Педагогика. -Москва, 1988. 23-тарау.
 
27. Батышев С. Научная организация учебно-воспитательного процесса. -М., 1975.
 
28. Внутришкольное управление: Вопросы теории и практики. Под ред. Т. И. Шамовой. 
 
29. Дорженов С. Бүгiнгi ислам. -Алматы, Бiлiм қоғамы, 1988.
 
30. Дүйсенбинова Адамгершiлiк тəрбиесiне айқын бағыт  //Қазақстан мектебi. 7-1991ж/
 
31. Елеманов С., Күктiлеуов А. Жастарға арналған праволық бiлiм беру негiздерi. -А., 1985.
 
32. Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау /Методикалық ұсыныстар. -А., Мектеп, 1975.
 
33. Жұмаханов Ə. Семьяда балаларды адамгершiлiкке тəрбиелеудiң кейбiр мəселелерi. -А., 1985.
 
34.  Жас  ұрпаққа  адамгершiлiк-эстетикалық  тəрбие  беру  концепциясы. //Қазақ  мұғалiмi, 1-тамыз 
1989.
 
35. Жақыпов А. өнеге өрiсi  -А., Мектеп, 1975.
 
36. Жұмабаев Ə. Ата-аналар жауапкершiлiгi. -А., 1977.
 
37. Ильина Т. Педагогика, -М., 1984 жыл.
 
38. Иванова Н., Қозғамбаева М. Оқыту процесiнiң мəнi. -Алматы, 1991. 
 
39. Керiмов Л. Праволық тəрбие жүйесi. (11-лекция). -А., 1991.
 
40. Капралов Р. Класс жетекшiсiнiң жұмысы. -А., 1983.
 
41. Классный час и его организация. -А., Мектеп, 1989.
 
42. Капралова Р. Сынып жетекшiсiнiң ата-аналармен    жүргiзетiн жұмысы, -А., 1973.
 
43. Керiмов Л. Қиын бала жəне оны қайта тəрбиелеу. -А., 1990.
 
44.  Көпжасарова  М.  Оқушыларды  класстан  тыс  жұмыстарда  коллективизмге  тəрбиелеу. -А., 
Мектеп, 1978.
 
45. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. - Алматы, Мектеп, 1976.  
 
46. Кочетов А. Оқушылардың өзiн-өзi тəрбиелеуi. -М., Просвещение, 1967.
 

47.  Крупская  Н.  Көркемдiкке  тəрбиелеудiң  мiндеттерi  туралы.  Таңдамалы  педагогикалық 
шығармалары. -А., 1973.
 
48.  Крупская  Н.  Трудовая  школа  и  научная  организация  труда.  Пед.  соч.  в 10-ти  томах. 4. -М., 
1959. 
 
49. Крупская Н. Памятка по НОТ для школы юных пионеров. Пед. соч. в 10-ти томах 5. -М., 1950. 
 
50. Крупская Н. Надо беречь свое и чужое время. Пед. соч. в 10-ти томах. Т. 5. -М., 1959. 
 
51. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. -Астана, 1998. 
 
52. Лемберг Р. Оқыту əдiстерi. -Алматы, 1958. 
 
53. Лернер И. Дидактические основы методов обучения.  - Москва, Педагогика, 1981.
 
54. Методика правового воспитания. -М., 1984.
 
55. Макаренко А. Ұстаздық дастан. -А., 1985.
 
56. Макаренко А. Ата-аналар кiтабы. -А., 1985.
 
57. Маслов., Карагоз Ю. Планирование воспитательной работы в учебной группе. -М., 1985.
 
58. Мурзалин С. Рухани байлық  -А., /Қазақстан, 1988.
 
59. Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру.  –Алматы, 1981.
 
60. Николаева В. В школе и после школы вместе: Книга для учителя. -М., Просвещение, 1989. 
 
61. Нысанбаев Ə., Əбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершiлiк. -А., Бiлiм, 1994
 
62. Нұрғалиева Г. Оқыту əдiстерi.  Алматы, 1991. 
 
63. Нұрмағанбетов С., Овчинникова Р. Мектептегi кластан тыс жұмыстар. -А., Мектеп, 1969.
 
64.  Нұрланова  Г.  К.  Орта  ғасыр  ғұламаларының  тəрбие  тағылымдары. -Алматы, //Қазақстан  
мектебi, ғ7. 2003 ж. 
 
65.  Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тəрбиелеу. -А., Мектеп, 1975. /Құрастырған: Қырқалов В. 
П., Шпитальник П. Э./
 
66. Основы внутришкольного управления (Под ред.    П. В. Судоминского) -М., Педагогика, 1987.
 
67. Оқушыларды тəрбиелеудiң үлгi мазмұны. /Редакциясын басқарған И. С. Макаренко. Аударған 
З. Бейсенбаев/. -А., Мектеп, 1978.
 
68.  Положения  о  рейтинго-тестовой  контроля  качества  знаний,  навыков  и  умений  студентов. -
Алматы, Казгумя, 1996. 
 
69. Педагогика школы /Под ред. Г. И. Щукиной. -Москва, Просвещение, 1977. 
 
70. Подласый И. Педагогика. Кн.1. -Москва, 2000. 
 
71. Подласый И. Педагогика /Кн. 1./. – Москва, Владос, 2000.
 
72.        Планирование  воспитательной  работы  (Методические  рекомендации  классным 
руководителям 4-7  классов). -М., 1986.
 
73.       Педагогикалық басшылық. //Бастауыш мектеп.  Т. 1, 1987.
 
74. Педагогикалық жəне жас ерекшелiгi психологиясы. /Ред. басқарған А. Петровский. -А., Мектеп, 
1987.
 
75. Поташкин М. Об анализе воспитательной работы. Народное образование, 1976,  ғ 2.
 
76. Радченко И. НОТ учителя. -М., Просвещение, 1982. 
 
77.  Сокольников  Ю.,  Ефременко  Н.  Учет  классным  руководителем  результатов  воспитания
учащихся. -Воронеж, 1977.
 
78.  Сабыров  Т.  Болашақ  мұғалiмдердiң  дидактикалық  дайын-дығын  жетiлдiру. –Алматы,  Ы. 
Алтынсарин атындағы Қазақтың бiлiм академиясының баспа кабинетi, 1999.
 
79. Сухомлинский В. Балаларға жүрек жылуы. -А., 1976. 
 
//Қуаныш мектебi.
 
80. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсендiлiгiн арттыру жолдары - А., Мектеп, 1978.
 
81. Сабыров Т. С. Ақыл-ой тəрбиесi  -А., Мектеп, 1973
 
82. Сейталиев К. Тəрбие теориясы . -Алматы, 1986.
 
83. Сухомлинский В. А. Мектептiң жас директорларымен сырласу. -А, 1987.
 
84. Сапарғалиев Г. Оқушыларға праволық тəрбие беру туралы.   -А., 1988.
 
85.  Смайылова  М.  Тəрбие  жұмысын  жоспарлау  туралы. //Қазақстан  мектебi,  ғ10, 1988. 29-30 
беттер.
 
86.        Степаненков Н.  О планировании работы классного
 
руководителя. -Минск, 1978.
 
87. Сабыров Т. Оқыту теориясының негiздерi. - Алматы, Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi 
баспаханасы, 1992. 
 

88. Сабақ беру тиiмдiлiгiн арттыру /Құрастырған Б. Сманов. -А., 1989.
89. Төлеубеков А. Р. Адамгершiлiк тəрбиесiнiң негiздерi. -Алматы, 1991 ж.
 
90. Ушинский К. Адам-тəрбие нысанасы. Таңдамалы шығармалары. Орыс тiлiнде, 8 т. 
 
91. Ұзақбаева С. Эстетикалық жəне экономикалық тəрбие негiздерi. -А., 1991.
 
92. Ұзақбаева С. Балаларға эстетикалық тəрбие берудегi халық дəстүрi. -А., 1990.
 
93. Ұстаздың шеберлiкке жету жолдары. /Құрастырған   Ж. Нұржанова. -Алматы, 1991. 
 
94. Фролова Г. Организация и методика клубной работы с детьми и подростками. -М., 1986.
 
95. Харламов Н. Педагогика, -М., 1990. 
 
96. Хрипкова А., Колесов Д. Жаманнан жирен. -А., 1988.
 
97.  Шешенханова  М.  Мектеп  басқарудың  демократиялық  алғы-  шарттары //Қазақстан  мектебi 
журналы, 1993. 
 
98. Iлиясова А. Класс жетекшiсiнiң жүргiзетiн тəрбие жұмысының жүйесi. -А., 1991.
 
99. Этические беседы с учащимися. /Под ред. И. Ф. Харламова/. 
 
-Минск, 1977.
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж. Ə. Əбиев., С. Б. Бабаев., А. М. Құдиярова
 
 
Педагогика
 
 
Оқу құралы  
 
ЖШС «Заң əдебиеті» бас директоры 
Жансеитов Н. Н. 
 
Оператор: Умурова Г.О. 
 
 
 
 
050057 Алматы қ., М. Өзтүрiк к-сi, 12 үй. 
Тел/факс: (3272) 747-833, 742-650. 
Е-mail: law_literature@nursat.kz 
 

Document Outline

  • титул.pdf
  • Педагогика.pdf
    • MAZMUNY.pdf
    • 0.pdf
    • 1.1.pdf
    • 1.2.pdf
    • 1.3.pdf
    • 1.4.pdf
    • 1.5.pdf
    • 1.6.pdf
    • 1.7.pdf
    • 1.8.pdf
    • 2.1.pdf
    • 2.2.pdf
    • 2.3.pdf
    • 2.4.pdf
    • 2.5.pdf
    • 2.6.pdf
    • 3.1.pdf
    • 3.2.pdf
    • 3.3.pdf
    • 4.1.pdf
    • 5.1.pdf
    • 5.2.pdf
    • 5.3.pdf
    • 5.4.pdf
    • 5.5.pdf
    • LIT.pdf
  • конец стр каз.pdf


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет