Әбіл Зейнеп Айдынқызы 103 Қ хи глоссарий «Саясаттану» ғылымы бойынша 30 термин



бет2/2
Дата14.10.2023
өлшемі21,3 Kb.
#114363
1   2
11)Бипатридтер – бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі.
12)Босқындар – қудалау, әскери іс-әрекеттің немесе ерекше жағдайларға байланысты тұрақты тұрған елін тастап кеткен адамадар.
13)Брифинг – үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамадардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу.
14)Геноцидадамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.
15)Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат.
16)Геронтократия – ақсақалдық билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар үкімет билігі жасы келген адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады.
17)Деидеологизация – идеологиялық әсерінсіз, таза ғылымды жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан аластатуға тырысушылық.
18)Демагогия – өз мақстына үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.
19)Денонсация – келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі.
20)Деполитизация – белгілі бір ұйым, органдардың және т.б.жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.
21)Депортацияжеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде немістер, шешендер, ингуштар.қырым татарлары, месхеттік түріктер, кәрістер және т.б. осындай халге душар болды.
22)Импичмент – жоғарғы лауазымды адамдарды Конституцияны бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.Ол жөнінде жауапкершілікке шақыру мәселесін парламенттің төменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын жоғарғы палата. Мысалы, мұндай тәртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және т.б. елдерде орын алған.
23)Клина – өздерінің жеке бастарының мақсаттарына жетуді, барынша баюды көздеген билік басындағы сыбайлас адамдар тобы. Олар осыған орай шешімдер қабылдаттырып, қоғамның барлық саяси өміріне нұқсан келтіруі мүмкін.
24)Коалиция-1)ортақ жауға қарсы екі немесе одан да көп елдердің жасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен партиялардың я қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.Коммунистік партиялар-К.Маркстің ілімін басшылыққа алатын партиялар. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея,Куба, бұрыңғы КСРО. Батыс елдерінде мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.
25)Конвергенция-ғылыми-техникалық революцияның шарықтап, дамуының нәтижесінде капиталистік және социалистік жүйелер түбінде осы ғасырдың 50-60 жылдарында Батыстың Р.Арон, Дж. Гелбрейт, У.Раслоу сияқты белгілі әлеуметтанушылары салды.
26)Легитимділік- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай орыендалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілеп бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екіншіден, мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. М.Вебер легитимділіктің үш түрін көрсетті:1.Әдет-ғұрып 2.Харизмалық 3.Ақыл- парасат
27)Лояльдық- өкіметті, оның заңдарын, қаулыларын қасиеттеу, орындау.
28)Люмпен-қоғамның азғындалған бөлігінің жалпылама аты. Оны қаңғыбастар, қайыршылар,жезөкшелер,қылмыскерлер және т.с.с. жатады.
29)Мажоритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткерлердің округ бойынша көпшілік дауыс беруі.
30)Мафия-күш жұмсау, қорқыту, бопсалау, сатып алу, өлтіру сияқты заңсыз амал-әрекеттер арқылы өз мақсатарына жетуі үшін ұйымдасқан құпия қылмыстық топ, сыбайластар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет