Әбіл Зейнеп Айдынқызы 103 Қ хи глоссарий «Саясаттану» ғылымы бойынша 30 термин



бет1/2
Дата14.10.2023
өлшемі21,3 Kb.
#114363
  1   2

Әбіл Зейнеп Айдынқызы
103 Қ ХИ
Глоссарий
«Саясаттану» ғылымы бойынша 30 термин

1)Абсентеизм – халықтың саяси өмірге немқұрайлы, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы.
2)Авантюризм – саясатқа, билік жүргізуде және т.с.с. белгілі бір мақсат-мүддеге жету үшін күдікті, шүбәлі жолмен оңай олжа іздеушілік.
3)Автархия – елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталғанұлттық мақсат.
4)Автократия – бір адамға жоғары үкімет билігін шексіз беру басқаруды немесе осындай басқарушылық орган мемлекетті айтады. Сонымен қатар қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам, не адам тобын атау үшін де пайдаланылады.
5)Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін – өзі басқаруға құқық берілген саяси – ұлттық құрылым.
6)Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Ол көбінесі саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
7)Әмбебап партиялар – мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысқан партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды. Мұнда әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. (мұндай партиялардың саны соңғы жылдарда Еуропа мен Аметика елдерінде етек алуда).
8)Билль – 1) АҚШ-та Ұлыбританияда және т.б. елдерде парламенттің қарауына ұсынылған заңжобасы; 2) жеке заңдардың аты, мысалы, құқықтар туралы.
9)Блокада – өз дегендерін істету үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.
10)Бойкот – 1) өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара қатынастарды тоқтату; 2) сол мақсатқа белгілі бір міндеттерді орындаудан бас тарту; 3) өкіметті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; 4) наразылық ретінде біреумен қарым – қатынасты үзу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет