Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет45/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
81 
мұнараның басына асай-мұсайын асынып Мүңкір-Нəңкірдің өзі көтеріліп 
келе жатқандай өне бойын иненің ұшындай дызылдатып бара жатқан əрі 
өткір, əрі сұп-суық бір тосын сезім билеп алды. Бірақ ажалын абыржымай 
тосқан, емірден үмітін біржолата үзген жандай, тырп етпей сабыр жиып
қасқая тосып тұр. 
Аяғының астындағы қарауытып жатқан қараңғы үңгірден көзін алған 
жоқ. Аяқ дыбысы бірте-бірте күшейіп барады. Жаппардың өне бойы 
сіресе, қатая түсті. Тіпті бұлшық еттерінің өзі тас түйін боп, біржола 
қатып қалғандай. Жүйке-жүйкесінін бəрі ширығып алған. 
Аяғының астындағы қап-қара үңгірден əлдене жалт ете түседі. Əрине, 
жендеттің балтасы. Қатыгез Əмір-шінің алдынан кетік мұнара салып, 
қарсы алуға кімнің дəті шыдайды. Қазір айтқан тілді алмаған қыршаңқы 
бұның басын айбалтамен қағып тастап, мұнараның қалған шаруасын бас 
шеберге бітіртеді. 
Жаппар аяғының астындағы аран қуыстан көзін көтере алар емес. 
Мұнараны тасырлата шыққан ащы тасыр енді аяғының астындағы 
үңгірден емес, мұның тас төбесін тақылдата жаншып шығып жатқандай. 
«Шыда, шыдап бақ». 
Аласұрған санасының қарманып тапқан жалғыз ме-деті сол ғана. Тамағы 
құрғап барады. Көмекейіне əлдене кептеліп тұрып алғандай. «Қайта 
осынысы жақсы болды, – деп ойлады ол. – Қазір жендет балтасын 
кетергенде даусы да шықпай, бірден осы тұншыққан күйім мүрдем 
кетсем жақсы болар еді. Жанымның қалай қарқараға келгенін ешкім 
естімей-ақ қойсын». 
Аяқ дыбысы таяп қалды. Сіресіп тұрған мойны кенет хан бағына қарай 
кілт бұрылды. «Жендетін жіберсе де өзі көзіме бір көрінсе екен». Жасыл 
алаңқай бұрынғысынша құлазып жатыр... Күн сəскеден мана асты. 
Айдын қасында ешкім жоқ... «Бүгін шомылуға да шықпағаны ғой. 
Құлағын жарып бара жатқан əлгі бір тасыр қайда?» 
Əлдене сұп-суық боп жарқ ете қалды. Бірақ жендеттің балтасының 
жарқылы сияқты емес. Бет алдын əлдене ағараңдап желпіп етті де, 
əлгінде ғана мұның жанарын жарқылымен мұз боп қарыған меруерт 
жүзікті ілезде көлештеп тастады. «Иə, өзі келді... Рас, өзі...» 
Қарсы алдында, дəл баяғы алғашқы кергендегісіндей боп, ханымның өзі 
түр. Сол баяғы ақ желең көйлегі, басында да сол баяғы ақ селдір перде... 
Жоғарырақ көтерілсе, жел ұшырып əкетердей, сатының ақырғы 
басқышына жете бере тоқтай қапты. Сол баяғы қымсына күлімдеген 
нəркес жанары. Шиедей албыраған етті екі ерін... Бұл таң атқалы өне 
бойын сірестіре сығып тұрған темір құрсау аяқ астында омырылып 
түскендей, тұра ұмтылды. 
Ханым бұның үрт қимылынан шошып қалғандай кері ыршып кетті. 
Шебер əлгі қимылынан ұялып қап кілт кідірді. Өзіне мөлдірей қараған сұлу 
əйелге байыптап қарап еді – үлбіреп тұрған уыз жас... Бұдан əрі үрке, əрі 
əлденеге қымсынып, бір түрлі қиыла қарайтын сияқты. Баяғыда Зуһра да дəл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет