Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 106
ұзақ тұрды. Біраздан соң ғана шаңдатып сарайға қайта беттеді.
Ертеңіне нөкер қыздарымен бақ ішіне сейілге шыққан ханым мұнара
басындағы елден-ерек кемірейіп тұратын кетіктің көзді ашып-жұмғанша
тез бітеліп бара жатқанын байқады.
Үш күннен соң мұнара біржолата бітті. Терезе алдына келген ханым күлің-
күлің етіп құлпырып тұрған жаңа мұнараны көрді.
Əмірші ие жеңіспен оралғанына той жасағанда көк мұнараны салған бала
жігітке шара табақ алтын динар сыйлады.
Шебер жігіт сыйлықты алып жатып, көзінің астымен Кіші ханым отырған
жаққа бір қарап қойды; ол көзін тез аударып əкетіп, шебердің мына
қылығын ешкім байқап қалмады ма екен дегендей, бəйбіше нөкері
отырған жаққа көз жүгіртіп еді, ешкім ондай рай танытпады. Ханымның
көп күннен бергі əлденеге өз-өзінен қуыстанып, лүпілдей соққан жүрегі
орнына түскендей болды.
Той өткен соң, Əмірші өз сарайына кеп түскенде бұның қуанышы
қойнына сыймады. Аспандағы күнді аңдиды. Жаздың күні бұған
ерегіскендей батып болмады. Күн кезі қашан ұясына барып қонғанда,
шыжғырған ыстықтан «уһ» деп демін алған бүкіл дүниемен қоса бұ да
төбесінен жүк түскендей бір рақаттанып еді. Бұны пəлен жыл бойы өртеп
баққан сағыныш шілдесінің басыларына да онша кеп уақыт қалған жоқ-ты.
Күні бойы күнді аңдыған көзі енді есік жаққа елеңдей бастады. Бірақ
қанша қадалғанмен алтын шайған жалпақ есік қылп етпейді.
Солай есік жаққа елеңдеумен түн де етті.
Ертеңіне таңертең бұны киіндіре келген қызметші əйелдер əлденеге
қымсынып кірді; бірақ көздерінде «ештеңе етпес, жорықтан соңғы ырду-
дырдудан
шаршаған
Əмірші
сарайға
келмей
жатып,
бұның
табалдырығынан аттағанды ыңғайсыз көрген шығар»,– дегендей жұбату
нышаны бар.
Ханым күні бойы екі қолы алдына сыймай тыпыршумен болды. Бірауық
сыртқа шығып бой жазайын десе, Əміршінің бұлақ басында оңаша
сейілдейтінін біліп, бақ ішінде кездесіп қаламыз ба деп қысылады.
Алғашқы күндері Əмірші, шыннан да, шаршап оралған шығар, біраз
тынығып, есін жисыншы деп, іштей мүсіркеп жүрді.
Бірақ күндер өте берді. Есік жақтан шыққан əр дыбысқа құлағын тігеді.
Əмірші аяқ ізін салмады. Енді ханым түн баласы төсегіне тікен шашып
қойғандай төңбекшіп шығатын болды.
Күтуші кемпір мен қызметші əйелдердің қас-қабағын аңдиды. Олардың да
жүздері сынық. Хабар айтудың орнына бұның өзінен жауап күткендей,
жаутаң-жаутаң қарай береді. Бұл да сыр алдырғысы келмей, тырысып
бағады. Бірақ бұның көңіліндегіні айтқызбай ұғып қалған қырағы
қызметшілер қазіргі күйзелісін көрмей жүр дейсің бе?! Олар да
бұрынғыдай самбырлап сөйлеп, жамырай күлмей, аяқтарының ұшынан
басады.
Сыртқа шығудан қалған ханым оңаша отырып, ойға шома-шома басы