Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет71/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
107 
зеңгіп кеткен тұстарда терезенің алдына келеді. Қаннен-қаперсіз көк 
мұнара мұны көзі шалып қалғандай күлің-күлің етеді. Ханым Əміршінің 
жылы қабақ танытпай, бүк түсіп жатып алғанына шағынғандай терезе 
алдында ұзақ тұрады. 
Бірақ бұл қанша телміріп қарағанмен, жалтыраған асқақ мұнара сол 
баяғы аспандағы күн көзімен қас қағысып ойнаған күйі мəз-мейрам. 
Бұрынғыдай бұның терезесіне телміре қарамайды. Дегеніне жеткен 
кісідей тоқмейіл, шат-шадыман. Сан жылдар бойы əр кірпішін санағандай 
боп салдыртқан мұнарасының бұның жан дүниесіндегі алай-түлейден 
атымен бейхабар мынау сылқым сипаты оның көңілін мұз боп қарып 
алғандай болады. Жалт-жұлт мұнара бүгін кеп бұған қыр көрсетіп 
тұрғандай. Е, бəлем, бұрын өзің де кекірейіп, көз алдыңдағы жалынған, 
жалбарынған кісіге көз салмаушы едің ғой... Қанша жыл телміртіп едің. 
«Телмірген қалай бола-ды екен, бəлем», – деп үнсіз табалағандай. 
Ханымның ойына мұнараны салған шебер түсті. Əнеу күні сыйлық алып 
жатқанда өңіне тағы да бір қарап, көңіліне түйіп алғанды. Жазық маңдай, 
қыр мұрын, қара торы жігіт. Алақандай қос жанарына қандай сыр да 
сыйғандай. Ол қазір қайтып жүр екен? Шара табақ алтынға 
масаттанатындай дүниеқоңыз жанның сыңайы емес-ті. Оған да өзі салған 
мынау мұнара көзіне шоқтай басылатын бо-лар. Əсіресе анадағы бір күн 
есіне түскенде іші əлем-жəлем болып кететін шығар. 
Ханым есіне сол түскенде, көңіліне шөгіп жатқан зіл батпан 
жазғытұрымның селі жүріп, шайылып кеткендей, езуіне күлкі үйіріліп, 
үнсіз жымиып қояды. Беті ашылмаған бала жігіттің аңғал қылығына 
күлкісі келеді. Сол есіне түскенде оны бір түрлі аяп, тіпті жақсы көріп 
кетеді. Бауырына басып, құшақтап: «Ешқайда жібермеймін, кетпеші, кете 
көрмеші»,-деп жалынады дейді. Дəмесін қара сабаздың! Өмір бойы ханым 
құшып өтпек қой... 
Қызметші қыз осыны айтқанда бұл сылқылдап күліп жіберсе де, 
артынша-ақ тыйыла қалған-ды. Онысы қызметшісінің алдында ыңғайсыз 
күлгеніне қысылғаны еместі. Қарсы алдында монтиып отырған қызметші 
қыз-дың үлбірек еріндерінің арасынан əлгі бір сез шыққанда, бұл күлуін 
күлгенмен, жүрегін əлдебір өткір қанжар тіліп түскендей болған. Ойда 
жоқта өзі сезген осы бір ауыр жарақатты жасырғысы кеп, үнсіз жымиған 
күйі қызметші қызды сұрақтың астына алғанды. Мұнараның басында не 
болып, не қойғанын бажайлай түскен сайын, əлгі бір жарақат жан 
шыдатпастай сыздата бастады. Қызметші қыз айтып келген бала жігіттің 
əрбір қылығы ойлаған сайын бұның ет жүрегін от боп қарып, 
тызылдатып бара жатты. 
Ол қарсы алдында отырған монтаны қыздың балбұл жанған екі бетіне, 
шоқтай жайнаған қос жанарына, əлденеден қысылып-қымтырылған етті 
еріндеріне, тал шыбықтай бұратылған сұлу сымбатына қызығып 
тұрғандай, кезін алмай қадала қарады. Оның бетінде некер қыздардың 
жай күндергі қақақу-күлкі шаттығына атымен ұқсамайтын өзгеше бір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет