Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 127
жұпсақ екі алақанын қолымен басып, үнсіз қалды. Ханым əлі жылап отыр.
Көптен бері көкірегінде тұрып қалған ащы жас, шамалыда таусылар емес. Əлден
соң Əміршінің мына үнсіз аялағанын көңіліне медет қылды ма, жұбанайын
деді. Омырауын өртеп бара жатқан ызаның ащы жасы сарқылған соң, ханым
енді не істерін білмей, абыржып сала берді. Əмірші де ештеңе сұрамады. Екеуі
үн-түнсіз əрі отырды, бері отырды. Біраздан соң ханым өзінің мына отырысына
ыңғайсызданып, кетуге оқталды. Əміршіге тағзым етіп есікке қарай беттей
бере, қайтадан кідірді. Сосын біраз уақыт əлденеге батылы бармай, мүдіріп
тұрды да, төменшіктеп тіл қатты.
- Хан ием, сіз мұнараны салған шеберді қаматып қойып па едіңіз?
Əмірші ханымның мынау төбеден түскендей тосын сұрағына Ішінен қайран
қалып тұрса да, байсалды қалпы жауап берді.
- Иə.
Ханымның екі бету ду қызарып кетті. Əлгі сұрағын өзі орынсыз көріп
қысылды ма, əлде бойын басқа бір сезім биледі ме, бұның аяғына қайтадан
жығыла беріп еді, Əмірші шынтағынан сүйеп қалды.
- Оның ешқандай жазығы жоқ. Ештеңе де болған жоқ.
- Білем.
Ханым рас айтып тұр ма дегендей, көзін көтеріп, Əміршіге қарады. Оның
жүзінен ашу көрмегеніне таңырқап, үн-түнсіз тұрды-тұрды да, есікке беттеді.
Əмірші қашан шығып кеткенше, одан көзін айырған жоқ. Ханым есікке жете
беріп, артына бұрылды. Əміршінің не ойлап тұрғанын аңғара алмаған кісіше,
жаутаңдай бір қарады да, айран-асыр қалпы шығып кетті.
Ханымның мына келісіне Əмірші де қайран қап тұрған-ды. Бұрын-соңды ол
Ұлы ханымның өзін үстіңе сұраусыз бас сұқтырып көрген емес-ті. Кіші
ханымның бұл қылығын қалай түсінуге болады? Əлде жорықтан оралғалы бас
сұқпай жатып алған бұны көріп сағынышын басқысы келді ме? О да мүмкін ғой.
Оның устіне Ұлы ханым жіберген қызыл алманың жайын о да естімеді дейсің
бе? Өз-өзінен қапаға тұншығып, жарылып кетердей болған соң, не де болса
барып, бет жүзін көріп қайтайын деп нар тəуекелге бел буған ғой.
Əміршінің жүзінен ашу көрмеген соң, көңілін басып, өз бөлмесіне кеткен
шығар. Бірақ бас жоқ, көз жоқ, бірден жас шеберді сұрағаны несі? Бет-
моншағын белбеуіне түйіп келгендегі шаруасы жалғыз-ақ сол шебер жігіттің
жайы ғана болғаны ма? «Оның ешқандай жазығы жоқ». Бұл не дегені? Əлде əлгі
жас жігітті қанды жазаның құрығынан құтқарып қалғысы келді ме... Ендеше
неге жалынбады, жалбарынбады. Мұның əлгі «білем» деген бір ауыз сөзін
кешірімге жорыды ма екен? Иə, ол екеуінің арасында ештеңе болмағанын бұл
біледі. Бірақ ажалдан да тайсалмай, аспандағы айға қол созған ессіз жігіттің
алтын тəжді падишаның абыройына дақ түсіре жаздаған астамшылығын
бəрібір кешірмейді. Əлгі көп шуылдақтың ештеңе естімей жатып, ауыздары
қышып, көкіп жүргендерін тезірек шынға шығаруы қажет.
Əмірші өз көңіліндегі бір туйткілдің шешуін таба алмай-ақ қойды. Ханым жаңа
есіктен шығып бара жатып, артына бұрылып неге қарады? Оның жаудыраған
жана-рынан бұл бір түрлі үрей сезгендей болды ғой. Ол мұның сыртқа сыр