Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 135
түріңкі жүретін ылғи қатпа, жыламсақ неменің ғайбатының арқасында ол
талай-талай бармағынан бал тамған щеберлерді тапқан-ды. Бірақ өзін бас
шебер қойғанмен Байтақ шаһарда жұрттың көзіне түсетіндей ештеңе
салдырмады; ол салған жалғыз нəрсе – хан сарайының астындағы тас
зындан ғана. Тас зынданға түсер жерге Əмірші: «Барар жерің бəрібір
жердің асты» – деген бір ауыз сөзді қашап жаздырған-ды. Ендеше, əлгі
неме сол өз қолынан салынған тас зынданға өзі барып отырып көрсін.
Əмірші мынау сілімтік немені зынданға салғызғанына анадағы жас
шеберді азаптағанынан гөрі əлдеқайда көбірек айызы қанып қалды.
V Бас шебердің зынданға түскені жайлы хабар шаһар ішін бір дүңк еткізді
де, басыла қалды. Əбден ажалы жетіп тұрған қураған шөпке от тигендей
тез тұтанды да, тез сөнді. Бір-екі күн бойы өлген əкелері тірілгендей екі
езуі екі құлағында келетін жансыздардың қабағы қайта салбырады. Үлкен
ханымның сарайы сол баяғысынша тым-тырыс. Əмірші есігінен аттаған
адамның аузына телміреді, əр қимылын көзімен тінтіп сыр тартқысы
келеді. Тіпті дастарқанға қойылған тамақтан да, салынатын тесектен де,
қызметшілері күнде жаңартып əкелетін киімдерден де əлдеқандай тұспал
іздейді. Бірақ ешқайсысынан да назар аударта қоятындай нышан
байқамайды. Бəрі де тап-тұйнақтай. Енді оған қызметшілері бұның
көңілінің қалтарыс түкпірінде жатқан ең бір тұңғиық құпияны түгел
біліп ап, бұның ойына күдік шаптырмаудың айла-амалын қарастырып
жүргендей көрінеді. Тіпті күні бойы шаһарды шарлап қайтатын
жансыздары-ның өзі бұның жанын жараламасқа естіген жайсыз
хабарларын жасырып, əншейін көңіл алдарқатар бірдеңелерді əдейі
айтып келетін секілді. Шынында да, мұның шамына тиетіндей сөлекет
хабарды олар естісе де, тістерінен шығара ма? Өйтіп өле алмай жүр дейсің
бе? Ендеше, елден естідік деп айтып келетіндері шетінен шып-шылғи
өтірік.
Шаһардың халқы мынау жұмбак, мұнараны əлдеқашан-ақ сан саққа
жүгіртіп қойған. Олар мұнараның күлімдейтінін де, жас шебердің жазаға
қалай ұшырап жүргенін де, бас шебердің ойда жоқта зынданға қамалу
себебін де жақсы біледі. Қажет десеңіз, Ұлы Əміршінің жорықтан
қайтқалы Кіші ханымның сарайынан аттап шықпай қойғанының сырынан
да хабардар. Əмірші жас иіс қызықтап, жар құшып алдарқанатын жастан
кеткен. Ендеше ол осынша ұзақ уақыт нақ сүйерімен мауқын басып
жатқан жоқ. Бетіне шіркеу бірдеңесі болған соң ел көзіне көріне алмай
жатыр.
Əмірші осыны ойлағанда, əлдекімнің сұғанақ қолы шымбайына батыра
шымшып алғандай ыршып кетеді. Орнынан атып тұрып бөлме ішінде