Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет118/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
154 
асқан əрекеттің бəрі мəнсіздене түсетін болар. Əрекет неғұрлым 
алапаттана түскен сайын бар мəн, бар қасиетінен адалана түссе керек. 
Мынау алапат аптаптың арғы атасы – жібекше желпитін майса самал емес 
пе еді. Əуелде дүниені шаң-тозаңнан арылтсам деп ескен ұялшақ леп өз 
құдіретіне еліге-еліге, еліре-еліре жер бетіндегі түгел күйдіріп-күйрететін 
мүңкір-нəңкірге, демінен ажал шашыраған қызыл аптапқа айналмады 
ма... Əне, бейшара құстың табанын шоқ боп қарып, қанатын жалын 
боп шарпып, көрер кезге құртып жіберер түрі бар. Əмірші тажал 
тасқынына қылар қайраны болмай, жан ұшыра секектеген кішкене 
мақұлықтың ақтық азабын көргісі келмегендей, көзін тарс жұмып алды. 
Дүниені құйқадай қуырып бара жатқан от леп оның да тұла бойын қари 
бастады. Мынау құтхана шатырын өңшең жендет басып алғандай, ол 
тырп етерге дəрмені болмай, сұлқ отыр. Тозақ отына шыжғырылғандай 
өн бойын өрт жайлап барады. Жан-жағынан жүздеген мүңкір-нəңкір 
жаныңды бер деп жалынып тұрғандай. Бəсе, манағы ойда жоқта 
қолынан сусып түсіп кеткен сақинасы оның осы сапардан тірі 
қайтпасына көрінген екен ғой. Ұзақ жолға аттанарда алдынан суханы 
сүймейтін кісінің қарсы жолыққаны да жақсы нышан болмаса керек-ті. 
Əміршінің көз алдынан соқыр жігіт кетпей қойды. Ол есек арбасын дария 
жағасына тастап, өзі мұның күймесіне көшіп кеп, қарсы алдына 
қасқиып отырып алғандай. Нұр жайнаған жаутаң жанардан айрылған соң, 
жүзіндегі баяғы мейірім жым-жылас жоғалып кетіпті. Əдемі жас жігітке 
лайық ізет-ибадан да еш жұрнақ қалмапты. Үңірейген-үңірейген екі 
көздің түбіне тажал тығылып тұрғандай. Өндіршегі сорайып, танауы 
қусырылып, екі беті күлдей боп-боз боп кетіпті, еңінен кісі шошығандай. 
Міне, ол бұған қарай қозғалғандай болды, бірте-бірте жақындап келеді. 
Сүйекпен сүйек боп қалған сұп-сұр беті бүлк етпейді. Ол мұның 
соңындағы қара құрым қолдан да сескенбейтіндей. Шаршы əлемдегі 
əрбір тірі пенденің құлағына көк найзаның сүңгісіндей суық естілетін 
айбарлы Əмірші атағынан да тайсалатын түрі көрінбейді. Күс-күс қос 
шеңгел кеңірдегіне тақап қалыпты. 
- Қорықпа, – деді əлдебір қырылдақ дауыс, – барар жерің бəрібір жердің 
асты... 
Əмірші айран-асыр. Бұл қалай? Баяғыда тілін кестіріп тастамап па еді? 
Пышағы жалаңдаған жендеттің қан-қан бір кесек етті көзінше жерге 
лақтырып тастағаны қайда? Ендеше əлгі жексұрын дауыс қайдан шықты? 
Əлде оған құдірет қайтадан тіл бітірген бе? Əлде тілін кескеніңмен адамды 
мылқауға айналдыра алмайтын болғаның ба? Бəлкім, əлгі дауыс мына 
шебер жігіттің емес, өзінің – Əміршінің даусы шығар? 
Əміршінің көзі шарасынан 
ШЫРЫП 
барады. Қарсы алдындағы құбыжық 
соқырдың қан-сөлсіз қаймыжық ерніне бір жымысқы күлкі ілігіпті. 
Əмірші шегіншектеп шалқалай берді. Оны бір жұтпа батпақ астынан 
обып барады. Ол, ең болмаса, жан тəсілім алдында тұяқ серпетіндей 
дəрмен таба алмай тырбанып жатыр... 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет