Төлен Әбдікұлының «Тозақ оттары жымыңдайды» повесінің көркемдік сипаты
Бүгінгі қазақ әдебиетіндегі проза жанрында қалам тербеген жазушының бірі –Төлен Әбдіұлы.Қаламгер 1942 жылдың 4 қыркүйегінде Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында дүниеге келген.
«Әкем мен шешем кәдімгі қарапайым адам болатын .Елге белгілі адам емес бірақ әркімнің ата-анасы өзіне өте қымбат ғой. Ол сені дүниеге әкелді ,жақсы көрді,сен үшін жанын қиюға бар ....Әке шешем мені шексіз жақсы көрді .Өйткені мен жалғыз бала болдым »,-дейді Төлен Әбдікұлы ата-анасы жайында.
«Әлекең өзіндік юморы бар керемет,сұлу адам болатын.орта бойлы еді.Жарықтық қулық айтар кезінде көзі бір күлімдемейтін еді,сол кезде таза сүйкімді болып кететін еді.Әкесінің тәрбиесінде өскеннен болар Төленнің әр шығармасында юмор бар »,-дейді Төлен Әбдікұлының досы, жазушы Қойшығара Салғара.
Біз зерттеу нысанына алып отырған «Тозақ оттары жымыңдайды » повестьінде жазушының зорлық-зомбылық зардабын көріп,жері үшін шайқасып жүріп,жер бетінен біржолата жойылып кеткен араку тайпасының қасіретті тағдыры мен аянышты жағдайлары жөнінде жазылған повесть еді.
Повесть деген не?
Повесть (орыс. баяндау)–оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қара сөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі. Көлемі жағынан повесті кейде ұзақтау келіп, кішігірім романға жақындаса да, ол композициялық құрылысының жинақылығы, оқиға желісінің біркелкі өрістеп, байсалды түрде баяндалатынымен ерекшеленеді. Романдағыдай қат-қабат шиеленіскен оқиғалар тізбегі кездесе қоймайды. Повесть пен романды бір-бірінен айыру кейде оңайға түспейді. Алайда оны шағын роман деп, немесе ұзақ әңгіме деп санау қисынсыз. Өйткені, ол – өзіндік өзгешелігі бар жанрлық түр. Орыс әдебиетінде повесть деп әр дәуірде, әр кезеңде әр түрлі шығармалар аталып келгені – өз алдына бөлек мәселе.
Жазушы Төлен Әбдікұлынан осы шығарманы не себеп түрткі болды деп сұралғанда ол кісі: «Совет үкіметі тарихымызды бұрмалады.Мемлекеті жоқ,шекарасы жоқ ,тарихы тек 1917 жылдан басталатын бір ел болып шыға келдік.Енді осы тығырықтан шығу үшін менің ойыма келгені,әлемде қиянат көріп жатқан халық тек қазақ емес,басқа да ұлттар бар.Қазақтың тағдырын солар арқылы беру, жеткізу.Мен өзім сол кездердегі Бразилиядағы үндістердің тағдырын көп оқыдым.Сол үндістердің тағдыры арқылы қазақтардың ауыр тағдырын жеткізуге болатын шығар деген идея туындады басыма. Сосын бардым да осы «Тозақ оттары жымыңдайды» деген повестті жаздым»,деген болатын.
Қазақ халқы сияқты осынау үлкен тарихи әділетсіздікті басынан кешіріп жатқан Кеңестік заманда –қазақ тілін,дәстүрін ашып жазу мүмкін емес еді.қазақтың басынан түскен мұң-зарын ,ауыртпалығын араку тайпасының басынан өткен жағдайды егжей-тегжеймен қазақ халқына жеткізді.
«Тозақ оттары жымыңдайды"повесті ғаламдағы адамзаттың үлкен қасіреті баяндалған шығарма.Жат елдің тұрмыс тіршілігін ,қазақ халқына тіптен жат елдің кейіпкерлердің болмысын шынайы жеткізген.
Повесть әйгілі доктордың жұмыс орнына сұхбат алуға іздеп келген ЮНЕСКО-ның тілшісі Ливино Плателлинмен кездескен кезден басталады.Басты кейіпкер-медицина саласында өз ісінің шебері,әлемге танылған Эдуард Бейкер мырзаның асқан абыройы мен даңқты беделі мен танылған.
Халықаралық тілші Бразилия Амазонкасында болған кезекті іс-сапардан көріп түйген оқиғасын әңгімелеу барысында өзге ұлт өкілдерінің жазықсыздан жазықсыз жапа шегіп, қырылып, жойылуына шақ қалғандығын ашына баяндайды.
Тілшінің бұл әңгімесінен кейін доктордың жағдайы күрт өзгеріп,сұхбатты жылдам аяқтауға мәжбүр болады.Осы тұста шығарманың желісі оқиғаға-доктор Бейкердің мұңлы да қасіретті балалық шағына ойысады.
Бразилия ормандарын мекендеген араку тайпасының бейбіт өмірінің бірр сәтте тас-талқан болуы.
Кез-келген оқырман ойына « бұл кітап не үшін Тозақ оттары жымыңдады» ,-деген ой келуі әбден мүмкін.Тайпаның қариясы Янамука ақ нәсілділердің түнде алыстан жымыңдап,жұлдыздар секілді жарқырап көрінген электр жарығын «Тозақ оттары жымыңдайды» деп қайталап,алжып жатып қорқыныштан көз жұмды.Осы абыз қарияның сөзі шығарма тақырыбына тиек болған.
Араку тайпасын жойып жіберу ақ нәсілділердің басты мақсаты болды.
Араку тайпасы жойылып, бас кейіпкер-Бейкердің аман қалуы.Ата-анадан,жерінен бір сәтте айырылған кішкентай Киаку (Бейкер)балақайдың Амазонканың ну орманындағы өлім мен өмір арпалысы,жаратқанның құдыретімен жақсы адамға кезіктіріп,аман қалған баланың кейінгі өмірі –Эдуард Бейкердіңтар жолда тайғақ кешкен тағдыры шебер суреттеледі.Шығарма сюжеті адамдардың қарым-қатынасын түрліше жағдайларымен шиеленісе көркем суреттелген.
Бас кейіпкер-Бейкердің әйгілі дәрігер болуының да түпкі астары,жаратушының құдыретімен арғы аталарынан дарыған емшілік қасиетінің арқасында екендігі туралы шығармадағы бір ауыз сөз айтылмаса да,шығарманың сюжеті арқылы оқырманның түйсігіне сондай ой еріксіз ұялады.
Бодандықта тағдырлары құрдымға кеткен Бразилиядағы жергілікті үндістердің жойылып кеткен тайпаларының оқиғасын суреттеу арқылы,жазушы Төлен Әбдікұлы отаршылдықта күн кешкен өз халқының тағдырын жүрегі жыртыла меңзегені белгілі.Ашып айтпаса да қаламгер нені меңзегені көзқырағы оқырманға аян еді.Елінің тыныштығын бұзып,халқын тоқырауға шалдықтырып, қуғын-сүргінге ұшыратудың салдарынан талай тарланбоз бастарын тауға да,тасқа да соғып есеңгіреп жанын қоярға жер таппай жүрген халқы үшін тозақ деген осындай жағдайда тап болған еді.
Ал енді Төлен Әбдікұлы туралы пікірлерге тоқтала кетейік. Ғалым Г.Пəрілиева «Тағы бір тоқталар жай — Т.Əбдіковтің тілі. Оның қай туындысын алмаңыз, артық-ауыз əңгімеге, жалған сезім, жылтырауық теңеуге кездеспейсіз. Немесе ділмарсыған кейіпкер не автор жоқ. Мүмкіндігінше аз сөзге көп мағына сыйдыруға жəне əр сөзінің əйтеуір бір рол атқаруына аса жауапкершілікпен қарайтындығы — қаламгердің өзіндік қолтаңбасы, өзіндік əдіс- тəсілі» [5; 78] десе, қазақ романдарының стилі мен типологиясын зерттеген ғалым М.Хамзин:«Асылы, Т.Əбдіковтың барлық ірілі-ұсақты шығармаларында байқалатын жайт — автордың стильдік бедеріндегі салмақтылық, орнықтылық. Көп ретте өзге шығармаларындағы сияқты авторлық баяндау мен кейіпкер монологы жарасымды үйлесім тауып жатады» [6; 16], — деген пікір ұсынады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Әбдікұлы Т. Оң қол .Алматы;Атамұра ,1984 ж 345-бет
2.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі.Алматы. «Ана тілі»баспасы. 1998 жыл.384-бет
3.Әлеуметтік желі
Достарыңызбен бөлісу: |