Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет21/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
57 
кетті. Бір жетім қызды алды. Үйлі-баранды болды. Баласының ішінде 
жанына ертіп, жақын тартқаны да осы Жаппар. Неге назары түссе де, 
тесіле қарайтын əдетімен өз бауры-нан шыққан балаларының да əр 
қадамын қалт жібермей қапысыз бағып отыратын əкесі тек осыған ғана 
көзінің аласын азайтып, мейіріммен қарайды. Мейірімі де аса тапшы. 
Арқасынан қағып, маңдайынан иіскеп көрген емес. Алайда əкесінің өзге 
балаларының қақ жауырындарына шаншудай қадалатын суық көзқарасы 
Жаппарға дегенде тайқып кетеді. Əкесінің өзіне неге көңілі бітіп жүргенін 
Жаппар да білмейді. Əйтеуір əкесі бірдеңеге жұмсаса, ту сыртынан 
əлдекім садақ ататындай жалтақтаған бұрынғы бүгежек қимылдан бір-
екі жылдан бері құтылды. 
Əкесі ауық-ауық саз қарайтын-ды. Үлкен дарияға ба-рып құятыны, əлде 
үлкен дариядан қашып шыққаны белгісіз кішкене өзек бойындағы оңаша 
қыстақтан ертеңгілік көк есегін жетектеп шығатын да, күні бойы айда-лада 
маңып-маңып кешқұрым қос қоржынын толтырып үйге қайтатынды. 
Сондай бір сапарына бұдан екі жыл бұрын жазғытұрым бұны ертіп 
шықты. Қыстақтан алысқа ұзап шықпаған бала өуелі көк есекке мініп ап, 
алдында анадай жерде əлдеқайда аяңдап тартып бара жатқан əкесінің 
соңынан емпеңдеп ере берді. Əуелі қыстақтың шетіндегі қозылақ 
жайылып жүрген кішкене қолаттан асып, кебіртік жалдың басына шықты. 
Сонау ойда, айнала қырпық-қырпық кейбір жоталар қоршаған ұзын-шуақ 
тайпақ қолатта, жарлының дастарқанына шашып тастаған бір уыс 
жүгерідей бытырай шашылып қыстақ жатыр; кемірейген саз балшық 
дуалдармен қоршалған шөкім-шөкім танаптық жерлер шытыраның 
көзіндей, ию-қию. Үйді-үйдің төбесінен шүйкедей түтіліп көк түтін ұшады. 
Бұрын өзіне шетіне шығып болмастай көрінетін мекені алыстан қарағанда 
тіпті қораш екен; кішкене нəрсені кергенде жаны ашып, елжіреп жүре 
беретін балапан жүрегі ту сонау қолат ойдағы қара қожалақ қыстағын 
мүсіркегендей, аяқ астынан шымырлап қоя берді. 
Бала көк есегін тебініп, анадай жерге ұзаңқырап кеткен əкесінің соңынан 
салды. Бірте-бірте кебір азайып, бұлар тақтайдай тегіс қара жонға 
шықты. Қыстақта жүргенде құрдым көрінетін аядай көкжиек жонға 
шыққан соң далиып сала берді. Бұрын етегімен жер сызып тұратын аласа 
аспан да зымырап биікке бір-ақ шырқап шыға келгендей. 
Əкесі сонау бұлдыраған кекжиекке жетпей тынбай-тындай кеңірейіп 
тартып барады. Ал Жаппарға сол бұл-дыраған көкжиек биылдыққа 
жеткізбейтіндей көрінеді. Жылмиған тұлдыр жон басқан адымыңды 
мандытар емес, көл-көсір көсіліп жатыр. 
Əкесі түс ауғанша сазарған қалпы жүре берді, жүре берді. Түс ауа 
айдаладан бір домалақ төбе көрінді. Əуелі əжептəуір биік көрінген төбе 
жақындаған сайын астынан əлдебір жемір кеміріп жатқандай, бірте-бірте 
аласарып, тіпті жақындағанда жылмағай жазықтан басын көтермей 
жатып алды. 
Əкесі төбенің басына шығып, алыс көкжиекке қарап ұзақ тұрды. Саз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет