Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет23/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
59 
айдалада жалғыз қалып қояр дегендей көкжиекке иегін тірөп, сығалай 
қарап тұр. Оның орнынан тұрғанын, анадай жерде жатқан шыбыртқысын 
алып, козылағына беттегенін көрген соң ғана барып, көкжиектің тасасына 
сырғиды. 
Ымырт түсе жан-жақтан жабыла боздап өрістен қайтқан сауын 
туйелермен бірге бұл айдаған аз ғана қозылақ та соңдарына қою 
қараңғыны ертіп, тар қолаттағы кішкене қыстаққа қайтып келе жатады. 
Жаппардың үй-үйдің арасындағы күл-қобырдың үстінде асыр салып 
ойнап жүретін кəп балаға қосылмай, ыңғай оңашалана беретіні əкесіне 
ұнаған тəрізді. Ұстаханасына ұрлық қылғандай бөгде жұртты кіргізе 
бермейтін əкесі бұны өзі ертіп апарды. 
Кесек дуалдың бір бұрышына жапсыра салынған шеберханадан сыз бен 
күйген саздың иісі аралас шығады. 
Əкесінің шарыққа аяғы тиюі-ақ мұң екен, тып-тыныш белменің іші 
құлағыңды тырнайтын ащы шарылға толады, түп-тұнық ауа дар-дар 
жыртылып, əкесінің алдында қара көк мөлдір шеңбер шыр көбелек 
айналады. Құмырашының жер түбінен есекке артып əкелген саз топырағы 
əуелі суға араласып, балшық болған-ды. Енді, міне, сол баттасқан 
балшық зырылдаған дамылсыз қозғалыстан қайтадан жым-жылас 
жоғалып, ауадағы шыр кəбелек айналған қара көк шеңбер кейпіне 
түскен. 
Жаппар көзбояушы керсететін көп сиқырды көріп отырғандай əкесінің 
балағын тізесінен асыра түріп қойған жалаңаш балтырындағы бұлт-бұлт 
ойнаған бұлшық етке, қарсы алдында ауада зыр кебелек жүгірген 
жұмбақ шеңберге міз бақпай қадалған шебердің суық жанарына 
аңтарыла қарайды. 
Бала жанары адам қимылының тап мынандай сиқыр күшіне алғаш рет 
қанығып отыр. Жусан мен бетегенің, изен мен бұйырғының арасында 
шашылып жатқан шаң топырақ, қолға ұстасаң тұрмайтын, қайдан шығып, 
қайда сіңіп жатқаны белгісіз пəтуасыз сылдыр сұйық су, қуарған сексеуіл 
шырпысынан шырт-шырт түлеп, түтін боп жоғалатын баянсыз от, қазір 
болса, қазір жоқ өткінші қимыл – өңшең бір тұрлаусыздықтан көрерге көз 
керек əп-əдемі бұйым шыққанына еріксіз қайран қалғандай. 
Көп ұзамай əкесі шарыққа бұның өзін отырғызды. Көздің жауын алатын 
əдемі құмыра жасауға саз топырақ пен су, қара көрік лапылдата 
маздатқан сексеуіл шоғынан да басқа əн бойындағы бұлшык, еттің бəрін 
солқылдата сорып шығатын қара күш, көз етіңді суырып алғанша міз 
бақпай қарайтын жіті жанар, тоқсан тарау жұлын-жүйкеңнің бəрін 
шүйкедей иіріп, түбіттей түтетін үміт пен күдік, ынта мен ыждаһат, 
соның бəріне ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын қатыгез 
қанағатсыздық пен көнтері көнбістік керек екенін бала сонда ұқты. 
Бір кезде өзі отыратын бұрыштағы қоқыр-соқырдың арасында жатқан 
ескі ашамайдың үстіне енді əкесі жайғасыпты. О да бір кездегі өзіндей 
бұнын əр кимылына міз бақпай қадалып қапты. Оның жүзінде бір кездегі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет