Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет46/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
82 
осылай бір түрлі үркесоқтап, бірақ кері де серіппей жəудірей қарап еді ғой... 
Мынау да тап солай. Қақ маңдайдағы бармақтай нарт лағылы мен үстіндегі 
желеңі ғана өзге. Дəл осы қазір көкейіндегіні ашып айтпаса, бұ да Зуһра құсап, 
ендігəрі бұған жоқ. Қазір-ақ көзінен бір-бір ұшады... Сосын жүрегінің дəл 
тұсына əлдекім ине шаншып қойғандай мəңгі-бақи қадалатын да жүретін 
тымырсық өкініштен құтыла алмайды. 
Жаппар əлдене дегісі кеп тамағын кенеп еді, бəрібір даусы шықпады. Ханым 
телміре қарап түр. Жаппар қолын созып еді, ханым бұлқынған жоқ. Ол жұп-
жұмсақ, ып-ыстық елестің бауырына қалай кіріп бара жатқанын байқамады. 
Өмірінде жалғыз-ақ рет тап болатын қас қағым ғана бақытты сəті осы екенін 
сезді. Қолынан шығарып алса, енді қайтып оралмайтынын да біліп тұр. Еріп 
бара жатқан денені бауырына қыса түсті, оттай ыстық обыр ерін оның өзін де 
ерітіп бара жатқанын бір-ақ байқады... 
Мұнара уəделі уақытта бітті. Алыс жорықтан оралған Əміршінің алдынан 
күнге шағылысып күлімдеп тұрды. 
Жаппар мұнараны Əміршінің əдейі арнап келіп көргенін, таңырқап ұзақ 
тұрғанын, қатты сүйсініп аттанғанын түгел естіген. Бірақ сарайдан хабар 
болмаған. 
Бір күні талма сəскеде əдейі шабарман кеп, сарайға жүр дегенде, Жаппар 
алдында сый-сияпат күтіп тұрмағанын бірден біле қойғанды. Ол қара 
көлеңкелеу хан сарайдың қақ ортасында хауыздың қасында күшігендей боп, 
бүрісіп отырған қара сұр кісінің індете қараған шегір жанарынан ештеңе 
бүгіп қала алмады. 
Үшінші
 бөлім 
 
МАХАББАТ
Кіші ханым соңғы үш айдың ішінде əбден арып кетті. Əр қилы түске боялған 
шытыра терезеден түскен ала шабыр көлеңкеде отыра-отыра өңі сілтіге салған 
сүйектей бозарып барады. Бұрынғы сəл қыбыр етсе, дір-дір етіп тырсиып 
тұратын жұмыр мойны сылынып қапты; үнжұрға сүйегі сойдиып-сойдиып 
шығып кеткен. Жанарынан да нұр жоғалып, көзінің айналасын мынау бөлменің 
ішіндей қара көлеңке кіреуке жайлап алыпты. 
Ханым күндес қатындай сəл міні болса бетіне басып тəлкек етіп тұрған шар 
айнадан теріс айналып кетті. Айлапат сарайдың қақ ортасындағы атқылап 
жатқан дөңгелек хауыздың сыпсың-сыпсың дыбысынан басқа құлақ селт 
еткізер үн де жоқ. Күні-түні сол бір сыпсың-сыпсың. Кейде талма ұстағандай 
жүйкесі ширығып, əбден діңкесіне тигенде хауызды тапап тастайтындай боп, 
қасына жетіп барады. Бірақ моп-момақан боп мөлтең-мелтең ағып жатқан суды 
көреді де, бойын кернеп келген ызаның орнын əлдеқандай бір мұң жайлап, 
хауыздың қасындағы үстіне қалы кілем жапқан мəрмəр сəкіге отыра кетеді... 
Солай дел-сал біраз отырады-отырады да, қайта тұрады. 
Хауыздан сəл алыстауы-ақ мұң екен, əлгінде ғана жəутең-жəутең ағып жатқан 
періште тамшылар қайтадан көп əзəзілге айналып сыбырласып қоя береді. Ол 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет