Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет44/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
80 
Ол бір тəуекелге бел буды. Қашан жендет ай балтасымен келіп айдап 
əкеткенше мұнарадан түспейді де, мына кетікті бітемейді де. 
Біраздан соң Жаппардың көңіліне не қашқанын түсініп қалғандай бас 
шебер мұнараның басына өзі шықты. Əміршінің ұлы жорықтан қайтып 
келе жатқан хабарын айтты. Оған дейін мұнараны бітіріп, айналасын 
айнадай қып тазартып қоюы керек. Жүргіншілердің айтуы бойынша, бұл 
салған мұнара сонау Ұлы Құмнан шыға бере-ақ көзге түсетін көрінеді. 
Əмірші ертең жеңіспен оралған тойында жорықта көзге түскен 
баһадұрларымен бірге бұған да асыл тарту тартатын шығар; бұдан кейін 
бұл салған мұнараның лақабы аспан астына түгел тарайды. 
Жаппар бас шебердің не айтып тұрғанын естімеген жанша меңірейіп тұра 
берді. Сөзінің зая кетіп жатқанын сезген шебер əңгімесін кілт доғарып
əріптесінің жүзіне Қарап еді, талайдың қас-қабағын аңдып қалған əккі көзі 
Жас жігіттің езгенің бəрін ұмыттыратын бір аңсар сезімнің құшағында 
тұрғанын біле қойды. Ол Жаппардың ой атаулыдан атымен ада, тұнжыр 
жанары тесіле Қарап қалған жаққа көз тастап еді, ту-ту төменде, өз 
бағындағы жасыл алаңқайда нөкерін ертіп мұнараға қарап тұрған 
ханымды көрді. 
Бас шебер лəм-мим деместен төмен түсіп кетті. 
Əміршінің елге оралып келе жатқан лақабы күннен-күнге күшейе түсті. 
Жаппар тұратын махалла халқының да, мұнара салысып жатқан мұның 
серіктерінің де аузындағы хабар – тек сол ғана. Бірақ Жаппар соның 
ешқайсысын да құлағына ілмегендей. 
Күнде төсектерінен тұра сап, жаңа мұнарға бір қарап алып, дастарқанға 
отыратын Байтақ шаһардың тұрғындары баяғы сол бітелмеген кетікті 
көреді. 
Бірақ жендет балтасының суық жүзін өңі түгілі түсінде де көргісі 
келмейтін пақырлар көңілдеріне қашқан сұрқия ойды отыз тістен сыртқа 
шығаруға батылдары бармай, іштерінен тынып жүр. 
Оны сезбейтін тек Жаппар ғана болса керек, тіпті Ханым екеш Ханым да 
шаһар тұрғындарының көңілінде не жатқанын естімей-ақ білген түрі бар. 
Əмірші алдынан хабаршы аттанатын күні таңертеңгілік Ханым 
сарайынан екі күйме зулап шыға келді де, мұнараға беттеді. 
Оны мұнара басында тұрған Жаппардың да көзі шалып қалғанды. Əлден 
соң ту-ту алыстан, мынау өзі қолдан өріп шығарған зынданның түбінен 
тық-тық басқан аяқ дыбысы естілді. Екі адам қатар сыймайтын, тек жал-
ғыз адам ғана кетерілетін тас сатымен əлдекім жоғары өрмелеп келеді. 
Жігіт өз жүрегінің дүрсілі сол тырс-тырс басқан жұмбақ аяқтың 
тырсылымен бір мезгілде жарыса шығып тұрғанын байқады. Ханым 
сарайына көз салып еді – жасыл алаңқай қаңырап бос жатыр. Түбіне 
шоғыр-шоғыр көлеңке алған ағаштар да томсырайып түр. Күллі дүние 
мұнымен бірге сонау қап-қараңғы тас мұнараның ажал жасырғандай 
аждаһа қарнындағы тық-тық дыбысқа құлақ түріп қалғандай. 
Жаппар ту сырты мұп-мұздай бои қоя берсе де, қобалжыған жоқ. Бірақ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет