Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет48/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
84 
қызметшінің аузына аңтарыла қарады. Кемпірдің екі көзі жалт-жұлт 
етеді. Орақ мұрынның астындағы қаймыжық жұқа ерінде бір сəт мүдіру 
жоқ, аузы аузына жұқпай əлденелерді айтып, сусылдай женелді. 
Қызметші кемпір бір сиқыр дұға оқып отырғандай, ханым оның сүлікше 
қадалып алған екі кезінен жанарын аударып əкетуге жігері жетпей 
арбалды да қалды: тіпті белменің іші бір түрлі шыр айналып бара 
жатқандай көрінді. 
Бір уақыттарда барып күтуші кемпір үсті-үстіне тағзым етіп, есікке 
қарай шегіншектей берді. Кемпір шығып кеткен соң да, бөлменің іші 
əлденеге бұлдырап тұрғандай көрінді. Самала шамдалдардың жарығы 
төменге түспей, сонау зəулім төбеге ұйып қалғандай. Əлгі кемпір айтқан 
түсініксіз əңгімені белме ішіндегі бұлыңғыр жарық онан сайын 
күңгірттендіре түскендей. Əлденеге басы мең-зең тартып, жүрегі 
лоблыған соң, хауызға қарай беттей беріп еді, есіктен кіріп келе жатқан 
Ұлы Əміршіні көрді. Белме ішін жайлап алған жаңағы түсініксіз буалдыр 
аяқ астынан ыдырап кетті. Бір түрлі тербеліп тұрғандай көрінген үйдің 
едені де Ұлы Əміршінщ аяғы тигесін тырп етуге мұршасы келмей, 
тыныштала қалғандай. 
Ханым өзіне қарай жақындай түскен Ұлы Əміршіден көзін алмай 
қалшиып қатты да қалды. Қол созымдай жерге келгенде барып, 
Əміршіге тағзым ету керек екендігі есіне түсіп, төмен иіле беріп еді
əлдекім қарынан демеп, жоғары көтерді. Сасқалақтап қалған ханым жалт 
қарағанда, Əміршінің мейірлі қос жанарын керді. 
Ертеңіне таңертең бұл құлқын сəріден тұрып, қызметшілерінің келуін 
абыржи тосты. Екі беті ду-ду жанып барады, не істеп, не қоярын білмей, 
мамық көрпеге көміле түсті. 
Бір уақытта емен есік ашылды. Ең алдымен, ырғала басып күтуші кемпір 
аттады, соңынан жарыса-жармаса нөкері көрінді. 
Бұл өзіне қарай арсалаңдап келе жатқан көп əйелдің беттеріне қарай 
алмай, ұятты жанарын жан дəрмен иығына дудырап түсіп кеткен қою 
шашының тасасына жасырып бақты. 
Нөкері күндегіден де көңілді. Бəрі келген бетте-ақ, мұның маңдайынан 
сүйіп, мəз-мейрам болып дуылдасып жатыр. 
Əмірші бұл жататын бөлмеге екі-үш рет аяқ ізін салған соң, нөкері 
бұрынғыдан бетер масаттанып кетті. 
Əмірші елшілер қабылдаған бір салтанатта бəйбіше нөкерінің шеттерінен 
бұл отырған жаққа түйіле қарап тұрғандарын көріп, қызғаныштың 
ызғарын алғаш рет сезгенді. 
Бəйбіше отырған жаққа көзі түсіп кетіп еді, тəкаппар арудың жүзінде 
əлдеқандай бір зөрлі ашудың табы түр екен, неге екеніне өзі де түсінген 
жоқ, манадан бері мұның əлденеге лобли соққан жүрегі аяқ астынан жай 
тауып, арқасы кеңіп сала берді. 
Бақастықтың уындай көк зəр, бақастықтың балындай тəтті бал жоқ екенін 
ол көп кейін білді. Бірақ сол күннен бастап басқа түгілі, қызметші екеш 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет