Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет94/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
130 
жүріп, шынашақтай төмен етек ұрғашының жүрегін бір өзі дербес 
иемдене алмағанына өкінеді. Бір төсектегі екі пенде екеуінің көңілі екі 
қиян жаратылғанына екінеді. Сонда оның мынау тымырсық өкінішінің 
ар жағында Кіші ханымға деген екпе жатқаны ма? Соңда алтын басты 
падиша төмен етек ұрғашыға өкпелей ме? Əмірші осы бір қара шыбындай 
оңай балалап жатқан пендешілік ойлардан серпілгісі, енді ештеңені 
ойламағысы келеді-ақ. Бірақ мынау құлазыған жалғыздыққа қарсы қылар 
қайраны – қайдағы-жайдағыны ойланып бас қатыру ғана. Осы бір 
аңылжыған жалғыздық көптен бері арқасына аяздай батып жүр. Көзге 
шыққан сүйелдей боп, өзге көптен жеке тұратын дара тіршілік əбден 
жүйкесіне тиіп біткен-ді. Бауырындағы балаларын əке боп, қойнындағы 
қосағын жар боп қызықтамаққа да мұршасы болмапты. Бауырынан өрген 
ұрпақ бұл мейірім білдіруге үлгермей жатып, ат жалынан тартып мініп, 
алды-артына кетіпті. Ол сол баяғы үйде де, түзде де құдай жалғыз, бұл 
жалғыз қалпында келе жатыр. Дүниеде көз алартатын жауының көбінің 
кезіне құм құйып, арқасын енді кеңге саларда Кіші ханымды түсіріп еді. 
Қартайған тəннің бабын табатын жас иіс болсын деп емес, 
жалғыздықтан қажыған жаны медет тұтатын қара болсын деп түсірген-
ді. Кіші ханымның жастығына қарамастан орнықты, əйел басымен 
сабырлы мінезіне, ылғи бір арнадан аспайтын ибалы ізетіне көңілі бітіп 
жүр еді. Ана жолы алыс жо-рықтан оралғанда алдынан аспанмен 
тайталасқан көркем мұнара салып қойғанын көргенде, төбесі көкке 
жеткен-дей болып еді. Сол бір сүйек-сүйегінің бəрін еріткен көл-көсір 
қуаныштың енді, міне, күздің мизамындай кезінен бір-бір ұшқанына 
өкінеді. Тек Кіші ханымның көңілі ғана емес, күллі фəни тірлік түгелінен 
жалғаншылық екеніне көзі жетіп өкінеді. Дүниеге жұмыр басты дербес 
иеленіп туатын пенде пақыр өзгені қаншама қара тұтсын мейлі, қашан 
көзі жұмылып, жер астына түскенше қураған қу бас жалғыздықтан 
бəрібір құтыла алмайтынына көзі же-тіп өкінеді. Бірақ жұмыр басты 
пенде біткеннің бəрі солай ма? Мандайларына біткен азғантай бақ пен 
ырысты үрім-бұтағымен бірге бөлісіп, бұйырғанды қанағат түтьш 
жатқандар өмірі, сірə, жалғызсырайды дейсіз бе? Пенделік бақыт деген де 
сол шығар. Адамға лайық аз ғана тіршіліктің де, бəлкім, бар мəн, бар 
мағынасы тек сонда тұрған шығар. Одан арғыға қанша кереленіп құлаш 
ұрғаныңмен пендеге бəрібір қанағат та, бақыт та бітпейтін болар. Соның 
бəрін қаншама арман, мақсат, мұрат деп күпілдегенімізбен, түптеп 
келгенде, жай əншейін ашқарақтық, тойымсыз нəпсінің ындынын 
күйттеген күпірлік қана шығар. Күпірлік жүрген жерде рақат пен лəззат 
болмақ емес. Ай астын аяғына жыққан бұл бір күн тыныш ұйықтады ма, 
бір күн қаннен-қаперсіз боп отыра алды ма? Ендеше, жұмыр басты 
пендеге соншама көп нəрсе керек емес екен. Жұмыр басты пенденің кез 
келгеніне лайық күйбең тірліктің қарапайым рақатынсыз қонған бақ пен 
даңқтың қай-қайсысы да соқыр тиынға тұрмайды екен. 
Кіші ханым да дəулетке де, дəрежеге де місе тұтпай, жұмыр басты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет