Ects- 5 курс -1 Құрастырған: п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықтар



бет24/29
Дата05.05.2023
өлшемі199,88 Kb.
#90250
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Ects- 5 курс -1 растыр ан п. . к., Нургалиева Д. А. Маманды т

«Шағын топтар» әдісі – оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген өзіндік сұрақтарға ажыратылатын және білім алушылар топтары арасына бөлініп берілетін, студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама әзірлейтін оқыту тәсілі. Аталған әдісті қолдану топтың ішінде жұмыс істей алу іскерліктерін дамытады, студенттердің шығармашылық қасиеттерімен қоса бастамашылықтарын, өздігінен жұмыс істей алу қабілеттерін де жетілдіре түседі. Бұл әдісті семинар сабақтарында қолданған орынды.
«Тірек конспектілер» әдісі – оқу материалын меңгеру мен бекіту ақпарат көздеріне (оқулықтар, сөздіктер, анықтамалықтар, дәріс конспектілері және т.б.) қарай бірнеше рет қайталау нәтижесінде жүзеге асатын оқыту тәсілі. Бұл әдісті семинар және практикалық сабақтарда қолдануға болады.
«Оқытудың жекеленген жүйе» әдісі – білім алушылар өздігінен, жекелей оқу материалын оқу әдебиеттері, бейнефильмдер, слайд-дәрістер, курстық кейстер арқылы меңгеретін оқыту тәсілі.
Бұл әдіс дәріс өткізу барысында, сонымен қоса қашықтықтан оқитын студенттермен жұмыс барысында қолданыс табуда. Бұл әдістің ерекшелігі оқу курсының мазмұнын модульдерге бөлу болып табылады. Әрбір модульге әдістемелік тапсырмалар мен нұсқаулықтар әзірленеді, студенттер өздігінен даярланады, әдебиетті өңдейді, электронды оқу қорларын (слайд-дәрістер, электронды оқулықтар және т.б.) қарап шығады. Материалды игерулеріне байланысты студенттер бақылау жұмысын (реферат, тест, эссе, жоба және т.б.) орындайды, оқу модуліне байланысты тапсырмаларды сәтті орындап шықса, келесі модульге көшеді.
Оқыту құралдары. Әдіс-тәсілдер мен оқыту құралдары бір-бірімен тікелей байланысты. Оқыту құралдары – білім алудың, іскерліктерді қалыптастырудың көзі, сонымен қатар оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға арнайы әзірленген материалдық заттар, құралдар, құрылғылар. Оқыту құралдары іс-әрекет субьектісіне, нысандар құрамына, оқу ақпаратына, оқытушы қызметін алмастыра алу мен білім алушы әрекетін автоматтандыру мүмкіндігіне және т.б. негіздерге байланысты жіктеледі.
Іс-әрекет субьектісіне байланысты оқыту құралдары оқыту және оқу құралдары деп екіге бөлінеді.
Оқыту құралдарына: көрнекілік түрлері, демонстрациялау құралдары, оқытудың ақпараттық техникалық құралдары, компъютер, электронды тақталар, жазу құралдары (бор, компъютерлік құралдар, жарық сәулесі және т.б.) жатады.
Оқу құралдарына оқулықтар, жұмыс дәптерлері, қалам, дидактикалық үлестірмелі материалдар, карточкалар, сызбалар, тірек конспектілер, зертханалық құрылғылар, дербес компьютер, жеке оқытудың ақпараттық құралдары, ғаламтордың оқу бағдарламалары, оқу-зертханалық жабдықтар, кестелер, модельдер және т.б. жатады.
Нысандар құрамына қарай оқытудың құралдары: материалдық және идеалдық болып бөлінеді. Материалдық құралдарға: оқулықтар мен оқу- әдістемелік құралдар, нұсқаулар, кестелер, модельдер, макеттер, ақпараттық құралдар, компьютер, оқу-техникалық құралдар, зертханалық жабдықтар, оқу орны, жиһаз, сабақ кестесі және т.б жатады.
Идеалдық оқыту құралдары – оқытушы мен студенттердің жаңа білімдерді меңгеру үшін қолданылатын бұрын меңгерілген білім мен біліктері болып табылады. Ойлау мұраттық (идеалдық) оқыту құралына жатады.
Поляк дидакты В.Оконь оқыту құралдарын оқытушының іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: қарапайым және күрделі.
Қарапайым құралдар: сөздік, оқулықтар, мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: нақты заттар, модельдер, суреттер және т.б.
Күрделі құралдар: механикалық визуалды құралдар: кодоскоп, диапроектор және т.б.; аудио құралдар: магнитофон, радио, музыка ойнатқыш; аудиовизуалды: дыбысты фильм, телевидение, бейнежазба; оқыту үдерісін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық жүйе.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет