Байланысты: Ects- 5 курс -1 растыр ан п. . к., Нургалиева Д. А. Маманды т
2.7 (12-дәріс). ЖОО-дағы оқыту технологиясы. Жоспары: 1. Оқыту технологиясының мазмұны.
2. Жоғары мектептегі оқыту технологиясының жіктелуі.
3. Оқытудың технологиясының жіктемесі. Дамыта оқыту технологиясы. Ақпараттық оқыту технологиясы. Қашықтан оқыту технологиясы.
4. Белсенді оқытудың ерекшеліктері. Оқыту әдістерін белсендендіру.
5. ЖОО-дағы проблемалық оқыту. Проблемалық оқытудың формалары мен әдістері.
6. Оқу әрекетін жобалауды ғылыми негіздеу.
7. ЖОО-дағы оқу үдерісін жобалаудың ерекшеліктері.
8. ЖОО-дағы білім беру технологиялары және олардың ерекшеліктері.
Жоғары оқу орындарында оқу үрдісінде педагогикалық технологияны қолданудың белгілі тәжірибесі қалыптасқан. Педагогикалық технология мынадай төрт басты шартты қанағаттандыруы тиіс (В.П. Беспалько): педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромдарды жоюы қажет; оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет; оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді; практикада оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Кеңес Одағындағы педагогикалық технологиялар тақырыбына арналған алғашқы зерттеу жұмысы ретінде академик В.П.Беспальконың «Слагаемые педагогической технологии» (1989) еңбегін атауға болады. Бұл жұмыстан кейінгі маңызды зерттеулер қатарына И.В.Клариннің, В.М.Монаховтың, Г.К.Селевконың, Т.И.Шамова мен Т.И.Давыденконың т.б. еңбектерін жатқызуға болады. 1990 жылдардың орта шенінен бастап бұл ұғым педагогика курсының оқулықтарына да ене бастады. Алайда, бұл әдебиеттерде келтірілген педагогикалық технологиялар ұғымына берілген анықтамалардың жалпы негізі бір болғанмен кейбір айырмашылықтары да бар екенін көруге болады.
Педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я.Гальперин, В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.М.Кларин т.б. ғалымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап, педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.
Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияға мынадай анықтама береді: «педагогикалық технология дегеніміз оқыту әдістері – педагогикалық және психологиялық тәсілдер мен құралдардың жиынтығы. Ол педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру құралы».
«Педагогикалық технология дегеніміз мұғалім мен оқушыға ыңғайлы (комфорт) жағдай жасай отырып оқу процесін жобалау, ұйымдастыру мен өткізуге арналған біріккен, жан-жақты ойластырылған педагогикалық қызметтің моделі» – дейді В.М.Монахов.
«Білім беру технологиясы деп мұғалім мен оқушыға ыңғайлы (комфорт) жағдай жасай отыра нәтиже алуға бағытталған оқу процесін жобалауға, бағыттауға және түзету енгізуге арналған олардың біріккен қызметінің процестік жүйесін айтады» (Т.И.Шамова, Т.И.Давыденко).
Қазіргі күнгі мектеп бағдарламаларында мұғалім балаға білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойын, қабілетін дамытуы, «оқи алуға үйретуі» керек деген міндеттер қояды. Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде бұл «дамыта оқыту» технологиясы деп аталып жүр. Мәселе әрекеттік оқыту технологиясының мәні студенттердің алдына проблема қоя отырып, оны шешудегі дағдыларды және кәсіби әрекеттердің, компоненттердің меңгеруі. Бұл технология оқытудағы әрекеттер мен мәселелер талаптарын жүзеге асырады. Ол мынандай кезеңдерден тұрады: 1-кезең – оқытушы тудырған проблемалық жағдайды студенттердің түсінуі мен қабылдауы. 2-кезең – проблемалық жағдаяттарды шешудегі студенттердің, өзіндік әрекеттері моделінің пайда болуы мен негізделуі ( өздері білетін шешу жолдарын пайдаланып және жаңа шешу жолдарын іздеу). 3-кезең – мәселені шешу жолдарының дұрыстылығын тексеру мен аталған әрекеттерін талдау. 4-кезең – ойлау әрекетіндегі қатып қалған ойлардан бас тарту, дәстүрлі шешімдерден шектен шығу, студенттің ақыл-ой мүмкіндіктерінің дамуына көмектесетін аталған әрекеттер барысындағы ойлауды талдау. Бұл технологиялардың авторлары студент тек қана жаңа әдет пен дағдыларды меңгеріп қана қоймай сонымен қатар, әртүрлі шығармашылық кәсіби міндеттерді шешудегі тәжірибе жинайтындығын қосады. Бұл технологияларды оқу процесінің жобалануының негізгі бірлігі – оқу бағдарламасы болып табылады.
Модульдік оқыту технологиясы – оқытушыны дамыту құралы ретінде (М.М.Жанпеисова). Мәні оқудың аралық түрін кең пайдалана отырып, қорытынды мазмұнды модуль түріндегі жеке оқу бағдарламасымен студенттердің өзіндік жұмысы. Бұл оқытудың педагогикалық негізінде американдық философ Дж.Дьюидің тұлғалық идеясы жатыр, студент – педагогикалық жүйенің орталығы, ал өзіндік білім беру және өзіндік басқару алғашқы маңыздылыққа ие болады. Бұл технологияның жақсы жағы оқу процесіндегі әр студент талап етілетін материалдарды зерделеу үшін уақытын алатындығында.
Контексті оқыту технологиясының мәні оқытудың белсенді әдістерін пайдаланып, келешек және кәсіби әрекеттерінің әлеуметтік және пәндік мазмұнының моделі. Бұл технология сұраным әрекеттерінің және проблемалық оқыту теориясының негізгі заңдылықтарын есепке алумен құралған. Бұл технологияның жүйелі түсінігі «контекст» болып табылады. Яғни мәтіннен үзінділер немесе сөйлемдер, сөздер құрамына кіретін маңыздылығын және ойын анықтауға мүмкіндік беретін жазбаша және ауызша ойлардың қорытындысы. Контексті оқытуда бұл термин әртүрлі деңгейдегі болатын технологиялық үрдістер көмегімен түсіндірілетін психикалық категория ретінде қарастырылады. А.А.Вербицкий бойынша контекст адамның таным әрекетінің және ойлау, түсіну механизмі, рефлексия және антипация үрдісін біріктіруге болады деген. Контексті технологияда адамдық тәртібін ұйымдастырудың формаларын көрсететін оқу әдістері пайдаланады.
Дискуссия – талқыланып жатқан сұрақ бойынша студент өз ойын, көзқарасын тыңдай отырып, ол өз көзқарасын айтуы міндетті. Ол көзқарас өзінің құрбылары мен студент көзқарасынан да күшті болуы мүмкін. Проблемалық семинар – дискуссияға қарағанда жұмысы белсендірек және ол семинардың мазмұнды қозғалысын анықтайтын фактор болып табылады, яғни, семинарға қатысушылар өз жұмыстарын біліммен көрсете алу керек. Проблемалық семинардың міндеті дәстүрліге қарағанда дайын білімнің мәселесін талқыламайды, ол әзірше білмейтін жаңалықты талдау мен анықтаудан тұрады. Тренинг – негізінен біліктердің қалыптасуына бағытталған.Тренингтің негізгі міндеті қатысушылар қатынастарға байланысты бағытын өзгерте алады,белгілі-бір бірліктер жиынтығын меңгеру үрдісіндегі, өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы. Ойын арқылы оқыту технологиясы. Бұл технология оқу үрдісінде көп пайдаланады және белсенділік жағынан көп орын алады. Кәсіби оқудың белсенді имитациялық әдістерінің кең тараған түрі – ойындар.
Жоғары оқу орындарының ақпараттандырылу қажеттілігі туралы жоғары оқу орнын басқарудағы және ғылыми әрекеттегі, оқу үрдісіндегі есептеу техникасы құралының бар болып, оны пайдаланудағы болатын жоғарғы оқу орнының беделін анықтайтын мемлекеттік аккредитациясының көрсеткішінің бірі – «жоғары оқу орындарының ақпараттандырылуы». Ақпараттық білім беру технологияларының анықтамларын талдау педагогикалық технологияларды қарастырудағы сұраным терминнің түсінуіндегі 2 тәсілін анықтады: Бұл жағдайда ақпаратты білім беру технологиясы бар қазіргі құралдар жиынтығы пайдаланумен ұйымдастырылған дидактикалық үрдіс ретінде; Бұл жағдайда ақпараттық тенологияларға негізделген оқудың анық ортасын құру туралы сөзді құрайды.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы (Ж.А.Қараев). Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы В.П.Беспалько ұсынған педагогикалық технология ұғымына, оған негіз болатын концептуалдық көзқарасқа сәйкес және Б.Блумның «толық меңгерту» технологиясының басты идеяларына сүйеніп жасалынған. Бұл технология да басқа технологиялар тәрізді оқу процесінің құрылымына, дидактикалық құралдарға қойылатын жалпы технологиялық талаптардың орындалуын қажет етеді. Білімді толық меңгерту технологияларының авторлары американдық ғалымдар Б.Блум мен Дж.Кэрролл. Аталмыш технологияның дәстүрі класс-сабақ жүйесінен басты айырмашылығы – оның міндетті түрде көзделген нәтижеге жеткізуінде. Толық меңгерту технологиясында барлық оқушылардың бірдей деңгейдегі білім, білік, дағды қалыптастыру көзделсе де, әр оқушыға жұмсалатын уақыттың, оқыту әдістері мен формаларының олардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес болуы қарастырылған. Бұл технологияны ерекшелейтін басты анықтауыш – толық меңгертудің эталоны (критерийі) саналатын барлық оқушылар меңгеруге тиісті оқытудың жоспарланған нәтижелері болып табылады. Толық меңгерту эталоны мақсаттар таксономиясы арқылы беріледі. Таксономия дегеніміз иерархиялық түрде өзара байланысқан педагогикалық мақсаттар жүйесі. Қарқынды оқыту технологиясы өзіне ғана тән оқыту жүйесіне негізделіп, оқу материалдарын ұйымдастырудың жаңа ұстанымын құрайды және белгілі бір психологиялық, педагогикалық және әдістемелік ұстанымдарға негізделген дидактикалық жүйе. Қарқынды оқыту технологиясы төмендегідей 4 түрлі ерекшеліктерді ескеруді талап етеді: меңгерілетін материалдардың көлемі; қолданылатын әдіс-тәсілдердің; үйретілетін тілдік қатынастың үнемі жүргізілу ұстанымы; жеке тұлғаның психологиялық жай-күйі. Осы жерде қарқынды оқыту технологиясының өзге оқыту технологияларынан айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерін де атап өткен жөн. Бірінші белгісі – студенттер мүмкіндіктері мен мамандықтарының ескеру белгісі. Осыған сәйкес, оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлері де, өткізу тәсілдері де өзгереді. Екінші белгісі оның мерзімімен байланысты. Бұл жерде қарқынды оқыту технологиясын қысқа мерзімді жеделдетіп оқытумен шатастырмау керек. Өйткені, қысқа мерзімді жеделдетіп оқытуда, көбіне сандық көрсеткішпен бірге сапа, мазмұн сияқты көрсеткіштер қатар жүреді. Яғни, бұл жерде негізгі көтерілетін мақсат – берілген уақыт көлемінде игеруге тиісті материалды сапалы меңгерумен ғана шектелмей, пәндік білімін тереңдету, белсендендіру, жан-жақты білім беру. Қарқынды оқыту технологиясының негізін ашу үшін «оқуды белсендендіру» ұғымын енгізуге тура келеді. Педагогиканың маңызды мәселелерінің бірі: студенттердің оқу іс-әрекетін белсендендіру және оқу үрдісін белсендендіретін әдістерді қолдану болса, «оқуды белсендіру» ұғымы осы мәселелрді шешудің негізі болып табылады. Бұл ұғым қарқынды оқыту технологиясын, біріншіден, белгілі бір бағыт ретінде көрсетсе, екіншіден, ол оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің көзі болып табылады.
Жобалау әдісі білім беру ресурсы ол оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту. Жобалау әдісі біріншіден – қандай да бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды. Төменде көрсетілетіндей Е.С Полат жобалау әдісі жаңа педагогикалық технологиялар дидактикасының дамуына осылайша әсер етеді деп көрсетеді. Қазіргі таңда қолданылып жүрген стандартталған сабақтың класс-сабақ жүйесіне жобалау әдісі оңай еніп жүйенің ешқандай мақсатттары мен құрылымына әсер етпейді.
Бұл технология интеграция кезінде мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген мақсатқа өте нәтижелі жетеді. Жобалау әдісі тек оқу материалдарының өнімді игерілуін ғана камтамасыз етпей, адамгершілік, өнегелік, өз бетімен жұмыс жасау, мұғалімге, оқушылардың бір-біріне кеңпейілді дұрыс көзқарас, тілдік қарым-қатынасқа бейімділік, бір-біріне көмекке келу сиякты қасиеттерін бекітеді. Мұнда бәсекелесу, күндеу, менмендік, дөрекілік, авторитарлық сияқты дәстүрлі педагогикамен жиі қалыптасатын қасиеттер жобалау технологиясымен қиылыспайды.
И.Л Бим, И.А Зимний ,Т.Е Сахоровой, О.М Моисеевой, Е.С Полат, И. Чечель, L. Fried-Booth, T. Hutchinson, D. Phillips және т.б. Көптеген зерттеулерде жобалау әдісі нәтижелі білім беру жүйесінің ең маңызды компоненті және әзірлеудің түрін активті іс-әрекет түрі арқылы (жоспарлау, алдын ала болжау, анализ, синтез) дәстүрлі стандартты емес білім беру үрдісін көрсетеді. Жобалау әдістемесі жаңа педагогикалық жеке тұлғаға бағытталған технология ретінде гуманистік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды: · Оқушының жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлінуі; · Нақтылық, оқушыларды қиын қыстау ойлау қабілетіне бағыттау. Педагогикалық жобалау –кез келген мұғалімнің кәсіби қызметі(оқушылармен өзара қарым қатынас жасау мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін іздестіру) болып табылады. Педагогикалық жобалау алдыңғы іс-әрекетке қолайлы жағдайлар туғызу және оның нәтижелерін алдына ала болжау.
Педагогикалық жобалаудың обьектісі: педагогикалық жүйелер, педагогикалық процесс, педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық процесс мұғалім үшін жобалаудың басты обьектісі. 2 Педагогикалық жобалаудың кезеңдері мен формалары Педагогикалық жүйелерді, процесстерді, жағдаяттарды жобалау – күрделі көпсатылы іс-әрекет. Жобалаудың үш кезеңін қарастырады: I кезең — модельдеу; II кезең – жобалау; III кезең — құрастыру.
Педагогикалық модельдеу (модельді құру) – мақсат қою, педагогикалық жүйелерді, процесстерді, жағдаяттарды, оған жетудің негізгі жолдарын құрастыру. Педагогикалық жобалау (жобаны құру) құрылған модельді ары қарай жүзеге асыру және практикалық қолдану деігейіне жеткізу. Педагогикалық құрастыру — құрылған жобаны ары қарай жетілдіру, нақты жағдайда тәрбиелік қатынастың шынайы қатысушыларымен қолдануға жақындығымен сиаптталады. Педагогикалық жобалаудың формалары – педагогикалық жүйелерді, процестерді, жағдаяттардың әрекеті сипатталатын құжаттар болып табылады. Тұжырымдама – педагогикалық жүйелер мен процесстерді құрудығ теориялық принциптері, жетекші ой, басты көзқарас баяндалатын жобалаудың негізгі формасы. Ереже бойынша тұжырымдама ғылыми зерттеулер нәтижесінде құрылады. Ол жалпыланған, абстрактылы болғанымен, практикалық мәнге де ие. Тұжырымдаманың бағыттылығы – теорияны қолданбалы, конструктивті формасында баяндау. Жобалау барысында мұғалім өзін оқушының орнына қойып көру керек.
Болашақ педагогтарды кəсіби даярлау процесінде олардың жобалау іс-əрекетіне даярлығын қалыптастыру мəселесінің орны ерекше. Себебі жалаң білімдер, іскерліктер жəне дағдылар қалыптастырудан құзыреттіліктер қалыптастыруға көшіп отырған бүгінгі күнгі білім парадигмасына сəйкес ең алдымен педагогты шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындау қажеттігі туады. Ал оның шығармашылықпен жұмыс жасай алуы аталған даярлықтың, яғни жобалау іс-əрекетіне дайындығының, қалыптасуымен тығыз байланысты. Білім беру процесінің тиімділігін арттыру мəселесін шешуде педагогикалық жобалаудың маңызы зор. Психологиялық-педагогикалық əдебиеттерде ол оқытушының маңызды кəсіби- педагогикалық функциясы ретінде қарастырылады жəне педагогтың өзінің əрекеттерін жəне əдістемелік даярлығын талдау негізінде көрсетіледі.
Ғалымдардың айтуынша, «жобалау» деген атқа ие болған жаңа идеяларды іске асыру жəне жаңа білімдерді берудің құралы – жаңа үлгілерді құруға байланысты теориялық іс-əрекет болып табылады. Кəсіби педагогтарды даярлауда оқу процесін жобалау жаңа технология жасаудың теориялық негіздерін зерттеп дайындауда, оқу процесі жөнінде əр түрлі ойлар жүйесінің принциптері негіздерін қалыптастыруда оқу процесін басқарудың үлгісі мен атқару тəртібін қайта қарау; ұйымдастыру жəне басқаруда оны үйлесімді, қолайлы түрде күшейтуде дамытудың басым ұтымды бағытына сүйену; оқу жүйесін ұйымдастыру кезеңіндегі жоспарлы бағдарламалар, оқулықтар, оқыту əдістемесінің түпкілікті жəне сапалы болмауын, соның нəтижесінде оқыту уақытының мақсатсыз жұмсалмауын қадағалау жəне түпкілікті болдырмау сияқты нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орны оқытушысының педагогикалық кəсіпқойлығына сенім білдіру; оқу процесінің қандай кесіндісінде болмасын оқушыларды дайындауға деген кепілдіктің болуы; оқыту технологиясын жасауда стандарттық нормаларды сақтау қажеттігі; оқу процесін тақырыптық жобалау сияқты педагогикалық технологияны жүзеге асырудың негізгі принциптерін сақтау қажет.
Оқыту мазмұнын жобалау, оқыту процесін басқаруды жобалау, оқыту нəтижесін бақылау жобасы, оқыту əдістерін жобалау, білім беру жобасы, білім беру технологиясын классификациялау т.б ұғымдарын оқытудың технологиясы, ал «шəкірттердің дүниетанымдары мен қабілеттерінің мазмұнын жобалау, даму процесін жобалау», «даму нəтижелерін жобалау», «даму əдіс-тəсілдерін жобалау» ұғымдарын дамыту технологиясы біріктіреді. Оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру жəне жүзеге асыру бойынша бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, əбден ойластырылған педагогикалық қызметтің бірлескен моделі, оқу үрдісінің параметрлік моделі екендігін, оқу үрдісін бүтіндей жобалау мақсат қою, болжау, өзіндік жұмысты мөлшерлеу, оқу үрдісінің логикалық құрылымы, түзету, технологиялық карта т.с.с. қарастыру болып табылады. Педагогикалық жобалауды объектілеріне байланысты классификациялаған дұрыс, өйткені технологияландырудың негізгі критерийі жобаның бар болуы. Мəселен, түгелдей педагогикалық жүйені жобалау, педагогикалық, оқыту үрдістерін жобалау, бөлек педагогикалық жағдайларды немесе педагогикалық жүйе компоненттерін жобалау жəне т.б. Оқыту үрдісін технологиялық карта арқылы жобалау дидактикалық ақпараттың қатаң ұйымдастырылуын, жаңа технологиялық этиканың бекітілуін, білім беру үрдісінің тиімділігін анағұрлым арттырылуын қамтамасыз етеді. ХХ ғасырдың соңында «жобалау» адамның шығармашылық іс-əрекетіндегі ойлаудың өзіндік ерекшелігі бар түріне жəне жіктемелік белгісіне айналды. «Жобалау» іс-əрекеті ғылымға, өнерге жəне жалпы адамның қоршаған дүниеге қатынасына тəн іс-əрекет түріне айналды.
Яғни ол адам өмірінің барлық сфераларында өз орнын алады. «Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нəрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нəрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады. Кеңестік энциклопедиялық сөздікте «жобалау» ұғымы: «1) құрылыстың, механизмнің немесе құрылғының жоспарын жасау; 2) белгілі бір құжаттың алдын ала мəтінін жасау» деп түсіндіріледі.
Л.Арчердің анықтамасы бойынша, жобалау — «белгілі бір міндетті шешу», ал Г.Надлер бойынша,«бұрынғы белгілі үлгілерге қарағанда неғұрлым жетілдірілген идеал үлгі жасау» болып табылады.
И.В. Котляровтың айтуынша, жобаны іске асырудың нəтижелі болуы оны жобалау кезеңдерінен тəуелді. Кез келген саладағы жобалау мынадай кезеңдерден тұрады: мақсатты анықтау, ғылыми зерттеулер, міндеттерді қою, идеяларды іздеу, тұжырымдама жасау, талдау, эксперимент, шешімдер т.б. Гуманитарлық ғылымдардағы «жобалаудың» ерекшелігі – оның əлеуметтік құрамдас бөлігінің болуы. Бір сөзбен айтқанда, əлеуметтік жобалауда адамның тұлғалық ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен, басқа адамдармен қатынасы есепке алынуы тиіс. Ж.Т.Тощенко т.б. еңбектерінде «жобалау» тек қана жасалуы тиіс нəрсенің күйін болжауды емес, сонымен бірге əлеуметтік-педагогикалық заңдылықтарды зерттеуге бағытталған, өзара əрекеттесуге қабілеттілікті мақсатты түрде дамытатын іс-əрекет түрі ретінде қарастырылады. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде əлеуметтік жобалау аясында педагогикалық жобалау дами бастады.
Оның себептері ретінде төмендегілерді көрсетуге болады: білім беруде инновациялық процестердің дамуы (бұл оқытушыда жобалау іскерліктерінің жүйесін қалыптастыруды қажет етеді); педагогикалық жүйелердің инновациялық үлгілерінің жасалуы (оларды жасау жобалау арқылы жүргізіледі); білім беруді диверсификациялау. Кейінгі уақытта педагогикалық жобалаудың, оны педагогикалық қауымдастықтың меңгеруінің жəне ғылыми негізде практикада тиімді қолданылуының динамикалық бірлігі ретінде инновациялық процестер мəселесі педагогика теориясының өзекті мəселесіне айналды. Себебі бүгінгі күні білім беру жүйесінің дамуы инновациялық процестер жəне оларды жобалау арқылы жүзеге асуда.
Педагогикалық жобалау көптеген ғалымдардың зерттеулерінде əр қырынан көрсетілді (В.С. Безрукова, Н.В. Борисова, А.Н. Дахин, В.В. Краевский, В.А. Болотов, Е.И. Исаев, В.И. Слободчиков, Н.А. Шайденко, Т.К. Смыковская, Е.А. Крюкова жəне басқалар). Аталған авторлардың еңбектері мен басқа да педагогикалық-психологиялық зерттеулерді талдау олардың көпшілігінде «жобалау» түсінігінің «жоспарлау», «болжау», «құру» түсініктерімен байланыстырылатыны байқалды. Мəселен, В.С. Безрукова педагогикалық жобалауды «оқушылар мен мұғалімдердің алда тұрған іс-əрекетінің негізгі детальдарын алдын ала жасау» [6] ретінде қарастырады. Бұл анықтама мұғалімнің педагогикалық процесті жоспарлауының жалпы алгоритмін көрсетеді. В.В. Краевскийдің айтуынша, «педагогикалық жобалау əлеуметтік мақсат қоюдың өзіндік формасы болып табылады».
Дегенмен, бұл анықтама бойынша, «жобалау» жəне «жоспарлау» іс-əрекеттері бір-бірімен сəйкестендіріледі, ал олардың əрқайсысының өзінің жеке мағынасы бар іс-əрекет екендігі көрсетілмейді. Себебі педагогикалық жобалау – тек мұғалімнің сабақты жоспарлауы ғана емес, ең алдымен оқу-тəрбие процесінің логикалық құрылымын жасау. Ғылыми əдебиетте «жобалау» ұғымына бірқатар өзіндік анықтамалар берілген. Мəселен, В.А.Болотов, Е.И.Исаев, В.И.Слободчиков, Н.А.Шайденко педагогикалық жобалауды «педагогтар, оқушылар қауымдастығының жаңа формаларын, білім берудің жаңа мазмұны мен технологияларын, педагогикалық іс-əрекет пен ойлаудың жаңа əдістері мен технологияларын жасау» контексінде анықтайды.
Н.В. Борисова жобалаудың білім беру жобаларын жасауға жəне іске асыруға бағытталған іс- əрекет екендігін көрсетеді. А.Н.Дахин болса, жобалауды «қандай да бір жүйені, объектіні немесе модельді құру (жасау,жоспарлау, құрастыру) жөніндегі іс-əрекет» деп біледі. Т.К.Смыковская «педагогикалық жобалау – жүйелердің қызмет етуінің, дамуының, жетілдірудің міндеттерін шешуге бағытталған педагогиканың жəне ұйымдастырылатын практикалық іс-əрекеттің қолданбалы бағыты» деп есептейді. Бұл анықтамада жобалаудың міндеттерінің əрқилылығы бірден көзге түседі.
Е.А.Крюкованың айтуынша, педагогикалық жобалау дегеніміз – білімдер жиынтығы ретінде қарастырылатын, нақты педагогикалық объектіні, құбылысты немесе процесті көрсететін белгілі бір педагогикалық жүйені іске асырудың шарттарын анықтау жөніндегі іс-əрекет болып табылады. Ендігі кезекте «педагогикалық жобалау қандай принциптерге сүйенеді?» деген сұраққа жауап беру керек. Бұл жерде Н.Г.Алексеева, Е.А.Крюкова жəне Т.К.Смыковскаялардың пікірлерін негізге алуға болады. Олардың айтуынша, педагогикалық жобалау принциптері: ғылыми ұсыныстарға сүйену; жаңа жүйенің жобасы идеяларының көздерінің толықтығы; жобалау идеяларының еркін генерациясы (жобалаудың шығармашылық сипатын қамтамасыз етуге бағыттайды); жобалаудың бірлігі мен сабақтастығы. Г.П.Щедровицкий педагогикалық жобалауды көптеген «практикалық іс-əрекеттер» актілерінен тұратын, кейін талдау объектісіне айналатын іс-əрекет ретінде анықтай отырып, келесі принциптерді бөліп көрсетеді: қосымшалығы (жүйені жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымша шарттарды енгізу жəне жүйенің дамуына кедергі келтіретін жағдайларды шығару мүмкіндігі); іс-əрекет пен қарым- қатынастар бірлігі (кез келген емес, тек тұлғаның жетілуіне мүмкіндік беретін іс-əрекеттерді меңгеру). Ендігі кезекте инновациялық процесті жобалау іс-əрекетінің логикасына тоқталу керек. Себебі педагогикалық жобалаудың нəтижесі белгілі бір деңгейдегі инновация болып табылады. С.Д.Ильенкованың пікірінше, инновациялық процесті жобалау инновациялық өзгерістерді даярлауда кешенді тұтастықты құрайтын өзара байланысты фазалардан тұрады жəне ғылыми білімдерді инновацияға айналдырушы процесс болып табылады. Оның басты белгісі – инновацияларды аяқтау, іске асыруға жарамды нəтиже алу.
В.А.Сластенин, Л.С.Подымованың айтуынша, білім беру жүйесіндегі инновациялық процестердің ерекшелігі оның жүзеге асырылу барысында өзі жүргізіліп отырған инновациялық əлеуметтік-педагогикалық ортасына деструктивті өзгерістер енгізуінде. Яғни, бұл өзгерістер əлеуметтік-педагогикалық ортаны қайта қалпына келмейтіндей етіп өзгеріске ұшыратады. Жобалау жаңашылдықтың эволюциясының жəне жаңа енгізуді іске асырудың картасы болып табылады. Оның да өз шекаралары бар. Бірақ оларды нақты белгілеу мүмкін емес, дегенмен əр нақты жоба үшін олар жеке анықталады. Жобалауды қарастырылып отырған жүйенің бір жағдайдан екіншісіне көшуін жоспарлау, яғни өзгеруі процесі ретінде қарастырсақ, онда бұл процестің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, принциптерін анықтау қажеттігі туады. Бұл жаңалықтарды енгізуде үнемі туындайтын проблемалардың көзін ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда педагогикалық жобалаудың қарқынды дамуы оны қолдану мүмкіндіктеріне көзқарасты түбірімен өзгертуді талап етеді, себебі жобалау мəселесі ғылыми тұрғыда негізделмесе, оның нəтижесі айта қаларлықтай болмайды. Инновациялық процестер білім беруді дамытудың жетекші жəне қажетті тенденциясы ретінде көрінеді.Оларды заңдылық ретінде қарастыра отырып, Н.Р.Юсуфбекова көрсеткен инновациялық процестердің заңдылықтарына сүйене отырып, педагогикалық жобалауға деген қажеттілікті төмендегі тенденциялар арқылы көрсетуге болады: ескі мен жаңа арасындағы қарама-қайшылық жүйе мен оның бөліктерінің өзгерісіне əлеуметтік жəне педагогикалық қажеттіліктерден туындайды; білімдерді саралау, олардың үнемі ұлғаюы мен оқу-тəрбие процесінің шегі арасындағы қайшылық дидактиканың орталық проблемаларының бірі – білімнің базалық ядросын – білімдер минимумын анықтау проблемасын тудырады; шығармашыл тұлға қалыптастыратын жаңа оқыту əдістеріне қажеттілік сабақ уақытының шектелуіне байланысты қайшылықтар туғызады (мəселен, проблемалық оқыту оқу материалдарын шығармашылықпен меңгеруді қамтамасыз етеді, білімдерді дайын күйінде берудің дəстүрлі əдістеріне қарағанда көп уақыт алады); педагогикалық ойлаудың парадигмасының өзгеруінің өзі өзгерісті талап етеді; білім берудің үздіксіздігі оны құрылымды əрі мазмұндық өзгертуді талап етеді; мұғалімдер мен басқа педагогикалық қызметкерлер арасында артып келе жатқан жаңа педагогикалық білімге қажеттілік шығады.
В.М.Монахов пікірінше, оқу үрдісінің тиімділігі оқу үрдісінің алынған нəтижесі мемлекеттік білім стандарты белгілеген, яғни, жоспарланғаннан қаншалықты ерекшеленетінін көрсететіні оның негізгі сипаты болып табылады. Оның технологиясы өзі ұсынған параметрлік модель негізіндегі оқу үрдісін жобалау технологиясы оқу үрдісін тұтастай жəне жүйелі жобалау технологиясында жаңа бағыттардың бірі ретінде алға шығады жəне тəжірибеге мемлекеттік білім беру стандарттарын енгізудің нақты құралы болып табылады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: педагогикалық жобалау дегініміз – белгілі бір жағдайларда педагогикалық процесті жетілдіруге мақсатты түрде бағытталған іс-əрекет.