Әдеби эссе және оның түрлері Құрастырған Жүнісов Досан Болатұлы Көкшетау қ. Фмб нзм



бет3/4
Дата17.01.2023
өлшемі4,48 Mb.
#61567
1   2   3   4
Негізгі бөлім
Тезисті қолдаушы пікір: Бабаларымыз да өз заманында достықты қадірлей отырып, оған сенім арта білген
Аргумент: Махамбет Өтемісұлы:
«Жақсыменен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманменен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп», — деген. Ал қазіргі достық бақай есепке негізделген, сыпайы айтқанда, қызмет барысынан ғана аспайтын әріптестік болып қалған сияқты.
Сараптама анализ: Қазір жастар арасында ақшаң көп болса достарың да көп болады деген ұғым қалыптасқан. Заманды көк қағаз билеп тұрған уақытта достық құндылықтарды болмашы нәрсеге алмастырып құнын төмендетіп алғандаймыз. Жан досың қайғыңды да, қуанышыңда да қасыңнан табылады, ал жалған дос қамы үшін, қарынның тойғаны үшін жүреді. Соңғы уақытта виртуалды дос деген пайда болды, олар - әлеуметтік желімен ғана табысатын жұмбақ достар. Демек, «бір шоқып, екі қарайтын» мына заманда досқа таңдау жасау сауысқаннан сақ болуды қажет етеді.
4-абзац. Қорытынды бөлім
Нақты шешім: Қорыта айтқанда, досты таңдай білмеген адам емес, оны берік ете алмаған адам кінәлі. «Жаныңда жүр жақсы адам» дегендей, досты алыстан іздеудің қажеті жоқ, сондықтан күнделікті қарым-қатынас шеңберіндегі достықты да адал достыққа айналдыруға болады деген қорытындыға келдім.
Ұсыныс: Ол үшін өмірдегі және қызметтегі бәсекелестікті де спорт секілді қабылдау керек, одан достық жапа шекпейді. Ұжымда ізгілік этикасы тренингтерін, ұлы достықтың үлгілерін насихаттайтын іс-шараларды жиі өткізіп тұру керек,
Бекіту: сонда ғана сенім мен жарқын көңіл қалыптасып, достық берік болады.
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңі бойынша
әдеби-салыстырмалы эссе жазу
Тапсырма: БҮГІНГІ ЖАСТАР БОЙЫНАН ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫНЫҢ «ЗАР ЗАМАН» ӨЛЕҢІНДЕГІ АҚЫН СЫНАҒАН ҰЛ МЕН ҚЫЗ ҚЫЛЫҒЫ КЕЗДЕСЕ МЕ? ЕКІ ЗАМАН КЕЗЕҢІНЕ САЛЫСТЫРА ТАЛДАУ ЖАСАҢЫЗ.
Тақырыптық сөйлемдер: Зар заман ақыны Шортанбай Қанайұлы өзінің осы аттас өлеңінде заман бұзылды, жастар әдепсіз болып барады деп дабыл қағады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет