Әдеби эссе және оның түрлері Құрастырған Жүнісов Досан Болатұлы Көкшетау қ. Фмб нзм



бет1/4
Дата17.01.2023
өлшемі4,48 Mb.
#61567
  1   2   3   4
Байланысты:
ӘДЕБИ ЭССЕ ТУРАЛЫ


Әдеби эссе
және оның түрлері
Құрастырған Жүнісов Досан Болатұлы
Көкшетау қ. ФМБ НЗМ
Мұғалім-модератор
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.
Эссе – еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі
Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.
Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.
Әдеби эссе
әдеби-шығармашыл эссе
әдеби-талдау эссе
әдеби-сыни эссе
әдеби-синтез эссе
әдеби-дәлелдеме эссе
әдеби-салыстырмалы эссе
Эссенің мақсаты – эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтауда сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашыл жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.
Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады.
Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады.
Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді.
Әдеби-дәлелдеме эсседе ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады.
. Әдеби-салыстырмалы эсседе туындыны басқа туындымен және сол туындыдағы кейіпкерлерді, оқиға жайларын салыстыра отырып, талдап жазады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет