Тезис: Ақын сынаған сол замандағы ұл-қыздардың бойындағы жат қылықтар қазіргі замандағы жастардың бойында да кездесіп жататыны өкінішті-ақ.
Кіріспе бөлім
Тезис: Ақын сынаған сол замандағы ұл-қыздардың бойындағы жат қылықтар қазіргі замандағы жастардың бойында да кездесіп жататыны өкінішті-ақ.
Кіріспе бөлім Шортанбай өлеңінде:Ш.Қанайұлы халық бойындағы адами қасиеттердің айни бастағанын, ал жас ұрпақтың бойындағы ұлттық тұрпаты мен елдік сипатының бұзылғанын былай деп көрсетеді:
Заманақыр кезінде - Ұл сыйламас атасын. Қыз сыйламас енесін, Ер жеттім деп егесіп, Салыстырар денесін, -
деп, қазақтың қанында жоқ жат қылықтардың өріс алып келе жатқанын ашына жырлап, ескертеді, кимелеп келе жатқан кесапаттың кері кеткен кейпіне ашынады.
Негізгі бөлім. 1-абзац Салыстыра талдау Бүгінгі заманда: Иә, бүгінгі күні Шортанбай бабамыз қауіптенген кесапаттың асқынған кейпі етек алғаны соншалық – туған ата-анасынан безіп, қарттар үйіне табыстап жатқан жастарды көргенде түңіліп кетесіз. Елімізде егде жастағы 7 мыңнан астам адам қарттар үйінде өмір сүруде, ал олардың көбінің дені сау, табысты балалары бар. Қартайған ата-анасын тастап кету деген біздің дәстүрімізде жоқ, ата салтымызда болмаған. «Бір аяғы төрде, бір аяғы көрде тұрған қарттардың бала-шағасы жоқ емес. Тек «Он бала бір әкеге жүк болмай, бір әке он балаға жүк болғанның кері».
Шортанбай өлеңінде: Жырау жастарға үміт артудан сескенеді, өйткені әрқайсысы бас қамымен жүріп, отбасылық жауапкершілікті сезінуден қалғанын қамыға жырлайды:
Билік кетті басыңнан, Қорлық көрдің жасыңнан. Ұл-қызыңнан үміт кетті, Айрылдың құда, досыңнан. Негізгі бөлім. 2-абзац Бүгінгі заманда: Бұл шумақтардан қазіргі жастар бейнесін айнытпай көре аламыз. Үлкеннің айтқанын тыңдамайтын, ата-енеге қарсы шығып, отбасы шырқының бұзылуына себеп болып жүрген шайпау келіндер көбейіп барады. Ажырасу деген мүлдем болмаған қазақ отбасыларына батыстанудың әсері де желдей есіп тұр. 2014 жылы елімізде ажырасушылар саны 2%-ға көбейген. Яғни, 83,7 мың отбасы некелесуге өтініш білдірсе, ажырасушы отбасы саны 30,3 мыңға жетті. Батысқа еліктеудің салдары неге алып кеп соқты? Соңында зардабын бейкүнә сәбилер мен баласына үміт артқан ата-ана тартып жатыр.
Салыстыра талдау Қорытынды бөлім Міне, Шортанбай жырау сынаған зар замандағы жастар мен қазіргі жастар бейнесінің қысқаша сипаты осындай.
Бір сөзбен айтқанда, Шортанбайды заманның тамыр соғысын дөп басып танитын, мезгіл мұғдарын алдын-ала болжап, күн ілгері көре білетін өз заманының да, одан бергі заманның жаршысы болған кемеңгер де көреген ақын деп бағалауға болады. Бойындағы адами қадір-қасиетінің молдығына, дарынды білім иесі болуына, алысты, болашақты болжай білуіне байланысты Шортанбай ақынды ел бүгінге дейін әулие деп есептейді.
Шортанбай жырларының өміршеңдігіне баға беру