Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет2/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

 



Әдеби KZ 
Қамар сұлу 
Жіңішке сымға тартқан әні қандай. 
Балауыз балбыраған тәні қандай. 
Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, 
Толықсып толып тұрған сәні қандай. 
Еріткен іші-бауырыңды көзі қандай, 
Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай. 
Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, 
Жайтаңдап жан күйдірген көзі қандай! 
Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі, 
Қайнамас оны көріп кімнің іші? 
Алмас қылыш жүзіндей аударылған, 
Сүйгізіп көлеңкесі әрбір ісі. 
Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып, 
Бойының мінсіздігі онан асып. 
Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді, 
Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып. 
Толған ай шілдедегі жалт-жұлт еткен, 
Мүбәда көрген кісі қиыр шеттен. 
Көлеңкесі күйдіріп күні-түні, 
Есінен екі-үш айда әрең кеткен. 



Әдеби KZ 
Талайы бозбаланың болған ғашық, 
Уай шіркін! Болсайшы деп бізге нәсіп. 
Егерде Қамарменен тіл қағысса, 
Құдай ұрып жым болар қара басып. 
Омар да қоя берді бетін қақпай, 
Жүрсе де сонысынан жұртқа жақпай. 
Әркімдер құдалықты ойланса да, 
Қамар қыз қайдан көнсін теңін таппай. 
Қамар осындай сәулетпен бұлғақтап болып тұрған кезінде құдай берген дәулеттің 
арқасында абырой, атақ бірдей келіп толықсып тұрған кезінде: 
Сұлу Қамар, ақын Қамар, жаным Қамар, 
Қамаржан, сені ойласам, ішім жанар. 
Үлбіреген аузыңнан бір сүйгізсең, 
Ішкендей кәусар суын мейірім қанар 

дегендей өлеңдер сол маңайдағы бозбалалардың аузынан екі елі тастамайтын тәсбиғы 
еді. Және бір нәрсені көңілдері ұнатып, мақтағысы келсе: "Уай, шіркін! Мынау Қамардай 
екен!" десуші еді. Кей уақыт Қамардың көзіне жазатайым көздері түсіп кеткендері де 
әлдеқандай көтеріліп, қуанып қалушы еді. Қамар біреуінен әншейін бір істің жөнін сұраса 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет