Әдеби KZ
Қазақтың қаны-жаны сонда екен ғой;
Діңкемді құрттың, міне, әттең жоқтық.
Ахмет Қамардың әлгі сөзінің тұқымына ар жағынан қопарып түсініп тұрса да, қозғалып
алынған көңілі, құмартып алған жүрегі тағы бір хат жазбайынша тыныш таптырмады.
Бұл жолғы хатын еш нәрсеге түсінбеген құлақсыз саңырау, тілсіз мылқау кісі сияқтанып
жанына тидіре, жаралы көңілін күйдіре жазды:
"Әрине, қолым жетпес көктегі айсың,
Қағу көрмей, қарсы өскен қалқатайсың.
Жетпесе де сермедім, ал қолымнан,
Ақыл-ой, зеректікке сайма-сайсың.
Ол рас менен гөрі малын тәуір,
Малы тәуір кісінің сөзі де ауыр.
Теңіне теңелем деп жүргендердің
Талайын қара қарға қылған жауыр.
Не шара, айтқан сөзім ем болмаса,
Сұңқар мен сұқсыр үйрек тең болмаса.
Сен үшін мұнша қапа болмас та едім,
Алды-артым бәрі қысқа, кем болмаса.
Қылмаса құдай нәсіп амал бар ма,
15
Әдеби KZ
Біраз күн ойнайықшы ең болмаса".
Қамар тағы көрген соң баяғыдай бір жанды, бір күйді, қайтсін, амал бар ма?.. "Қарға"
деген сөзіне қарсы тез мынаны жазып жеткіздірді. "Суға кеткен тал қармайды" деген ғой
сыныққа сылтау іздемей амал бар ма?..
Апырым-ай, ашық еді сенің көзің,
У жеген қасқырдай ғой кейбір сөзің.
Жайды білмей жарбаңдап жамандарша,
Қарғаң не, қайта ойланып байқашы өзің?
Қамардың ендігі ойы: Ахметтің өзіне бір жолығып, мұңын, сырын ауызба-ауыз айтысып,
көңілдерін жадыратып: "Ретім болмады, айыпқа бұйырмаңыз" деп, не де болса өзінен
Ахметті түңілдіру еді. Оның ретін тағы келтіре алмады. Себебі: соның өзінде-ақ қатын-
қалаш, малшы-құлшы дегендейлер ауылға Ахмет келгенде, Қамармен көз қарастары бір-
біріне елжіреп, еріп, елпілдеп тұруларынан сектеніп қалып еді. Қалай ауылға Ахмет келді,
солай жиналысып ортаға алып, ешбір оңашалық бермеуші еді.
Ақыр Қамар тағы баяғы хатқа жабысты.
"Жан құрбым, сабыр етші, жанымды алмай,
Күйіп тұрған жаныма жалқын салмай,
Не сенен, не өзімнен жол табылса,
|