Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет44/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Әдеби KZ 
болмаса, мынау Қамар деп жанын берсе де, нанарлық қияпатта емес еді. Соның үшін 
көрген жерден-ақ Ахметтің жүрегі тас төбесіне шығып: 

Ой, пірім, алла-ай! Мынау Қамар ма? Қамаржан ба, қалқажан ба, шын сол ма?- 
деп, киімін шешпестен жүгіріп барып, жастығымен қабат құшақтап, өкіре құлай кетті... 
Омардың өз басына түсіп отырған ақыр заман аз емес қой. Міне, бұған мына Ахметті қуып 
жібермегендігіне өкініп, көгеріп-сазарып отырған Нұрым қайтті дейсіз? Бір істі, бір кепті
не қыларын білмеді, қалшылдады, дірілдеді. Ақыры ашуға булығып шыдамағандықтан
үйден шығып кетті. Бір ол жақ, бір бұл жаққа шығып ебелектеп, Ахметті айнала қипақтап 
бақсы жүр. Анда-санда: 

Не болды? Қойыңдар, қойыңдар. Жаңа жазылып келе жатқан тағы ауруы ерегісіп 
кетеді ғой; мынаның өзі бір есер екен ғой!- деп қаттырақ жекірген болып қояды. Жай 
отырған кісілерге Нұрымның ыңғайына қарай қозғалуға арғы жүректері ырық бермеді. 
Ахмет біраздан соң басын көтеріп Қамардың маңдайына қолын қойып, үстіне түсіп 
кеткендей бір түрлі аянышты қияпатта бетіне қарады да отырды. Қамар бақсының 
жұлмалауымен есін жия алмай жатыр еді. Ойында жоқ жерден қасында төніп отырған 
Ахметке көзі түсіп кетіп "құдай көрсеттің бе?" дегендей қылып күлімсіреп жіберді. 
Ұмсынып, қозғалыңқырап еді, тұруға шамасы келмеді. Құр қолын созып, Ахметтің қолын 
жүрегінің басына әкеп, сырттан басып қысып-қысып қойды. Біраз жаутаңдап қараған соң 
көрген қорлықтарын шаққандай ғып, көзінің шып-шып шыққан жас тамшысы екі жағына 
қарай, бірінің артынан бірі қуып моншақтай бастады. Кезеріп, көгілжім тартыңқыраған 
ернін жиырыңқырап, кемсеңдегені білінді. 
Омар: 

Қой, қарағым, қиналып қаласың ғой,- деп жыламсырап көзін сүртіп еді. 

Аға, тұра тұршы!- деп, Ахметке қарай аударылды. 
Шақкансымақ, ыңырсып қана: 


78 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет