Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет39/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
Одан сайын ишекең де кеудесін көтеріп қойып дәуірлей түсіп: 

Бабамнан қалған көк кептер,- деп, аптыға-аптыға ыңқылдап... 
Анадайдан көз жіберіп: 

Апырым-ай, жарықтық ишекең!- деп, үңіле қараған шалдардың да бастары 
қылтылдап. 
Өкіре тулап, жұлына-жұлына ән қосқан мүридтердің даусы да екі шақырымға жетіп 
сұңқылдап... Қайсыбірін айтайын, әйдай-ай, не сұрайсың, мерекеге батысып-ақ жатыр-ау! 
Зікір қызып келген кезде, Қамарды еліктіріп жүгіртем деп, ишекең әлденеше қайтара 
барып сүйресе де, болдыра алмаған соң, назаланғандай болып, әруақ, құдайға 
жалбарынып, әулие машайықтарға сыйынып, бабаларын шақырып, дөнен бұқаның 
кеудесіндей күжілдеп, омырауын ашып тастап, көзі қызарып кетіп, жұлына-жұлына 
танаулатып, мүридтерімен ду қосылып айтқандағысы мынау еді: 
"Кеспи-теспи, ай алдау! 
Мапи қалби Ғайрулда-ау! 
Ин ләм алдау құлқынға, 
Мал түспейді, аллам-ау! 
Әуелі жар боп жебей гөр! 
Құтты қожа Сартымбет! 
Одан соң сүйеп, демей бер, 
Әр уақыт туған Байымбет! 
Алдау үшін айтамын: 


68 
Әдеби KZ 
Мәдинеде Мұхамбет! 
Ауызға алдым сені де 
Түрікстанда Қожахмет! 
Қалдырмасын тағы да, 
Үргеніште балуан Ахмет. 
Құлқын жайын қарастыр, 
Пел-түрейсік, ишан-хазірет! 
Суммел ашми хазірет... 
Айналайын ишан-ау! 
Әруағыңды жисаң-ау! 
Мүридтің халі мүшкіл 
Бұна насырат қылсаң-ау. 
Баһауаддин дуана, 
Пәлекетін қуала. 
Ин лам якун біраз күн, 
Нұрымның ғайнын уала. 
Япірім, ғайып иран қаусыл ағзам! 
Шадияр, машайықтар, имам ағзам! 
Мақсұты - алқом, суммел, құлқын. 
Сол үшін мөжнүн тамам ағзам. 


69 
Әдеби KZ 
Я ғалиял - зүлпуқар!.. һу-һу-һу... леп, алды кетті, алды кетті. Ишекеңдер екі-үш сағаттай 
құтырған өгізше өкіріп болған соң күндегі қалыпша ақ майға лықсиысып, тағы бірсыпыра 
ауыздарын қисаңдатып, табиқ алып отырған болып ұйықтады. Ертеңінде бір мүриді 
ұйқыдан тұрысымен, Нұрымның көзінше ишекеңе қарап: 

Апырым-ай! Дертінің иесі күшті екен: қасына жатқан менімен алысып, мынау 
көзіме түнде қара кездігін тығып алғанын көрдіңіз бе? Әйтеуір сіз арашаламағанда,- деп, 
күбілжітіп қойды. Ишекең тамағын кенеп, көзін алайтыңқырап қойып: 

Иә, түндегі ме? Ол маған неше күндей келіп бата алмай жүр еді, ешкімге әзір 
ауыздан шығармасқа керек. Соңғы екеуінің атын аңғара алмай калдым, бастапқы 
үлкендерінің аты: Әмина, Сәлима, Халима ма еді?- деді де, боқшасын ақтарып қағаз алып 
жаза бастады. Қағазға қамыс қаламмен баттитып тез Әмина, Сәлима, Халима деп жазды 
да, "күйдірейік бәтшағар дұспандарды" деп отқа жандырды. Нұрым енді аурудың иесі 
күйді, жазылады деп нанып, қуанышы қойнына сыймауда еді. Өстіп жеті күндей шатпаған 
шатақ қоймай, пәрменінше көңілденіп-ақ қараған болды. Қамарды үш-төрт жігітке 
ұстатып қойып, шапқымен төбесін тесті. Өзінің күн бұрын шаш, тырнақ, жібек, тағы түрлі 
нәрселерден істеп даярлап қойған түйіндерін қанға бояп, әлгі тесіктің ішінен: 

Оқуменен бойындағы дуасын шығардым, енді жазылады, мінеки!- деп алып, 
жұртқа көрсетті. Бұған халықтың нанғандығы сонша: 

Бейшараны құдай ал, құлым, - деді ғой,- десіп шу ете түсті. Бірақ Қамар күн асқан 
сайын кері кетіп, нашарланып барады; онда жұмыстары да жоқ: 
Қожекең қарағалы өңі тәуір, пәлен-түген...- деп, Нұрымның ыңғайына қарай сөйлеушілер 
көп еді. Солай біраз шатып-бұтып шаршаған соң, ишекең жарықтықтар қайтуға 
қамданысты. Тап жүрерінде Нұрымға қарап: 

Әйтеуір сіздің шақырып, біздің келгенімізге қарай, бабаның кәрі әруақтары жар 
болып, садағаң кетейіндер, басындағы дуасы алынып, ең күшті науқасының беті қайтты 
ғой, енді қызылды-жасылды анда-санда есін аударыңқырап тұратын үйреншіктілеу 
бірдеңесі бар, о да біраз әлсіреді. Мұнан былай бірте-бірте тәуір бола бастар. Ақыр 


70 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет