22
Әдеби KZ
сыныққа сылтау табу еді. Әсіресе, оларға Қамардың Ахметке іш тартып сөйлесіп, басқасьш
кісі құрлы көрмегендігі-ақ батушы еді. Нақ осы уақытта
Қамарды Ахметке таңған өсек
дүрілдеп те тұрған кезі еді. Не қылса да әлгілер онан-мұнан тіміскелеп жүріп, бір нәрсе
сезді ме, сезіктенді ме, өздерінен өздері елегізіп, түн бойы ұйықтамастан, итше шұбырып
жүру жұмысына мықтап тұрып кірісіп алған еді. Міне, бүгін олардың көктен тілегені
жерден табылып, Ахметтің әлгі жазған соңғы хатын қолдарына түсірді. (Сырттан
біреу
бағып тұрып, бала байғұстың жүйкесін құртып қойған екен). Өлгені тіріліп, өшкені
жанғандай қуанып шуылдасты да қалды. "Соқыр тауыққа бәрі бидай",
тек хат ішінде
"Қамар - Ахмет" деген сөз болған соң-ақ, құдай берді, ақты-қарасын ақтару қайда...
Шыдасын ба? Біреу айтты:
-
Қарашы, асын ішіп, текеметін тіліп жүргенін, жүріңдер бәлемді үйінен суырып алып
тепкілейік,- деп.
Біреуі:
-
Қой, онда нең бар? Омарға берейік...
-
Ойбай, ол үлкен кісі, баласының жамандығын бетіне
апарып басқандай боламыз
ғой,- деп біреуі айтты.
-
Өзгеден бұрын Қамардың өзіне көрсетіп, өз қылығын алдына келтірер едік, бірақ
ол дүзқара біздің қасымызға маңайласпайды ғой,- деп, оны он түрлі күрілдесіп; келіп-
келіп Қасенге білдіруге байласты. Тұрсын ба, тез асығыс-үсігіс Қасенді оңашалап:
"Досыңның ісі мынау" деп, хатты бере сала қамалады.
-
"Кім дос, кім қас, байқамайсыңдар: күле кіріп, күңірене шығатындарды
білмейсіңдер, аңқаусыңдар, жалқаусыңдар: оның тұқымының ежелден достығы бар ма
еді?",_ деп үсті-үстіне баспалатып, хатты оқып шыққанша
Қасеннің жанын қоярға жер
таптырмады. Қасен хаты оқып, істің не екеніне түсінген соң:
-
"Жігіттер, бұл хатта біздің жүрегімізді мұздататындай еш нәрсе көрінбейді. Қамар
болса маған да, сіздерге де бірдей қарындас. Күнәсі болсын,
болмасын, жабулы қазан