Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет138/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
пайғамбардың шешесі, қолындағы көтергені пайғамбардың сәби кезі. Ал мына сол 
пайғамбардың есейген шағы. Төмендегісі Айсаны дінсіздердің азаптағаны ғой... 
Әкем біраз ойланып отырды да, сөзін жалғады. — Әрине, орыстар жаңсақ діннің жолында 
жүр. Әйтпесе өздері салған суретке өздері табынар ма еді. Адамды құдай жаратты, 
құдайды адам жаратқан емес, — деп бітірді. 
Әкем мен Кузьма шал шаруа жайын әңгімелеп отырғанда да, мен икондардан көз 
алмадым. Бұл кезде дастарқан да жайылып еді. Стол шетінде ысқырынып бүйірлі 
самауыр тұр. Кемпір сүлгімен шыны-аяқтарды сүрте бастады. Екі келіні Манька мен 
Санька, пышақ, шанышқы әкеліп, нан кесіп жатыр. Піскен картоп, қара өрік қосқан созба 
қойылды, Ең соңында буы бұрқырап шөген қазан келді. 
Гончаровтар құдайларының қасына барып шоқынды да, асқа келді. Кемпірі шай құйды. 
Шал әкемді дәмге шақырып ишарат білдірді. Тишко бұл сөзді аударып берді. 
— Әкем мына дастарқанның үстінде шошқа атаулының исі араласқан тағам жоқ дейді. 
Міне нан, мынау шекер, мынау картоп, жеміс — бәрімізге ортақ. Қазандағы — құстың еті. 
Сондықтан Момыш тартынбай, жиіркенбей, сескенбей, өз үйіндей отырып тамақтансын, 
— деп отыр. 
Тишконың тілмаштығынан кейін шешесі күліп жіберді. 
— Мыналарың не деп жатыр, Тишко? — деп сұрады әкем әлгі күлкіден қысылып.— Бұлар 
Момынқұл дастарқанға күдікпен қарап отыр,— деп күліп жатыр, — деді 
Тишко бізге қарап күліп қойып. 
— Ал дәм алыңыздар. 
Дастарқан басында бәрі де көңілді отырды. Мені Василий далаға ымдап шақырып жүр. 
Әкемнен рұқсат алып, сыртқа шықтым. 


227 
Әдеби KZ 
— Біздің бар байлығымызды көрсетсем, жалықпайсың ба? — деп сұрады Василий 
босағадан аттай беріп-ақ. 
Алдымен құдық басына келдік. Ол құдықтың қақпасын ашты. Төмен үңіліп қарап 
жатырмын. Құдықтың қабырғасы таспен өрілген екен. Түбінде көздей тұнық су беті 
көрінеді. Василий тырна мойын иінмен қалайша су тартылатынын көрсетті. Суы әрі 
мөлдір, әрі мұздай екен. Сонан соң ол мені атқораға, онан соң қамбаға, содан кейін бау- 
бақшаға ертіп апарды. Екеуміз бәрін асықпай аралап шықтық. Мен бұлардың бар шаруасы 
тындырымды, тап-тұйнақтай, өте жинақы екеніне қызықтым. Біздің ауылдың тірлігі мұның 
қасында ретсіз дүниедей көрінді. 
Мен енді шіркеулеріңді көрсетші деп едім, Василий басын сипап тұрып қалды. Сонан соң 
аз ойланып: 
— Жарайды, тағы бір келгенінде көрсетермін. Бүгін болмайды, — деді. 
* * * 
Күз жаңбырлы болды да, суық ерте түсті. Айнала көктайғақ боп, көңілсіз сәттер көбейген 
сияқты. Жазда шаң, күзде қақаған қара суық, қыста алай-түлей боран әкелетін құбыланың 
желі күшіне қайта еніп тұр. Осындай күндердің бір кешінде әкем менімен кәдімгідей 
ақылдасты. Оқу жайлы сөз қозғап отыр. 
— Сені орыс оқуына берсем ғой, өмірді жетігірек білер едің. Орыс оқуы тұрмысқа да, 
тұраққа да, ілімге де, білімге де жақын сияқты, — деп бастады әңгімесін әкем. — Біздің 
молдалар құранның екі-үш сүресін жаттаумен тынады емес пе. Ал орысша оқысаң, жаза 
да білесің, басқа тілде кітап оқисың, орысшаға жетік боласың. Қатарыңнан кем етпейтін 
де осы орыс тілі сияқты ғой. 
Көкем әкеме қарсы дау айтып, күдігін білдіріп жатыр. 


228 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет