Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет140/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Бірақ оған қарсы әкем екеуміз едік. Ақыры жеңді-ау. 
Сол жылы қыс қатал болды. Қар қалың жауып, аттатпайтын халге жеттік. Мал қолға қарап, 
жинаған шөпті жалмап бара жатқан соң, көкем бірлі-жарым малды Қаратау жаққа 
туысқандарымызға айдап апарып тастады. Малдың шөбі таусылып, отыннан да жұтай 
бастадық. Бәрін үнемдеп жұмсамасақ, үрпиісіп отырып қалатын түріміз бар. Әсіресе 
малды ауылда маза жоқ. 
Көкем Головочевка жақтағы қыстаудағы малдарға жиі баратын болды. Келген сайын 
қабағы түсіп, қайғысы молайып қайтады. Бір бау шөптің өзі бір малдың құнынан асып 
кетіпті. 
Көкем бір орыстан шөп алуға келісіп, жартылай төлеп сенім пұлын тастайды да, өзі 
базарға мал айдап сатыпты. Қайтып келіп қалған ақшасын төлеп, шөбін алайын десе, әлгі 
орыс бас шайқап мәз болып отыр дейді. 
Сөйтсе көкем алатын нарықтан да қымбаттатып өзге біреуге сатып жіберіпті. Бұған 
ашуланған көкем жанжал шығарып, ақыры аяғы төбелеспен тыныпты. Екеуін де бөлімше 
милициясы бір күн қамап жауап алыпты. Милиция өкілі бір ауыз да қазақша білмейтін 
адам екен. Көкемнің сөзіне түсінбей «бильмей» деп отырыпты. Содан не есесін ала 
алмай, не егжей-тегжей түсіндіре алмай, тіл білмей қор боп келген беті екен. 
—Бұл тілдің қорлығын-ай! Арызыңды айта алмай, дәлелді жауап қайтармай, мақау 
адамша иығыңды шошаңдата береді екенсің, — деп күйіп-пісті көкем. 
— Болды енді, түңіле бермей, — деп басу айтты әкем. 
— Қайта орыстар қабырғаңды сындырып, қаматып тастамағанына шүкір де. 
— Неге өйтеді? Мен уәдемде тұрып, қалған ақшасын әкелдім ғой. Ол болса алдапты. 
— Е-е, соныңды түсіндіре алсаң жақсы ғой. 
Осы оқиға көкемнің шымбайына қатты батса керек. Мені орыс мектебіне оқытамын деп 
құлшынып шыға келеді. 


230 
Әдеби KZ 
Сол оқиғадан кейін көкем көп уақыт тұнжырап жүрді. Әсіресе малға қалған шөпті 
тараштап шашып тұрғанда қатты қынжылатын. Мал мазасыз маңырап шулағанда, көкем 
еріксіз солармен сөйлесетін еді.— Болды-болды. Мұнан артық берерім жоқ, — деп қолын 
қаға бастағанда, ала сиыры келіп алақанын иіскелейтін. Көкем оған да тіл қатады. — Қоя 
ғой әукешім. Көктем шықсын. Сонда көк шөпке тойдырмасам ба сені. Көктемге дейін 
сүйегіңді сүйреп шықты, әйтеуір, — деп тұмсығынан жайлап итеретін... 
Құбыладан жел үдеп, боран бұрқап кетті. Апта бойы басылмай ақ көбігін шашып, 
долданып тұрып алды. Үй арасына қатынаудың өзі мұң болып, ел от басында отырып 
қалды. Тек көкем ғана тонға оранып тысқа шығады да, мал суарып қайтады. Үйге келгенде 
үстіндегі қарын ұзақ қағып, тонын сілкілеп тұрғаны. 
— Түу, айнала боз боран. Тіптен көршінің үйі көрінбейді,— дейді ол қолын уқалап. — 
Төңіректің бәрі құтырынып тур. 
Біз тонға оранып алып, тамақ ішіп, ертегі тыңдаумен күн батырып жүрдік. 
* * * 
Көкем мені Гончаровтарға алып келді. Бұлардың үйі жып-жылы екен. Сыртта сөмкелерін 
қолтықтаған балалар бір-біріне қар лақтырысып ойнайды. Араларында Василий де бар 
екен. Ол өзінің қарсыласын қармен қадап ұрды да, үйге қарай жүгірді. Мені көріп қуанып 
айқай салады. 
— А-а, Бауыржан келді!— деп құшақтай алды. 
...Василий мен Тишко бізді орыс «молдасына» ертіп барды. Әкемнің молда деп жүргені 
ұзын бойлы. Ат жақты, қыр мұрынды, шашына ақ кірген, кең маңдай орыс әйелі екен. Біз 
кіргенде, ол қамыр илеп жатты. Бізбен қолын алжапқышына жасырып тұрып әңгімелесті. 
Тишко бізді таныстырды. Әңгіме өте қысқа. Ол маған еңкейіп орысша бір-екі сұрақ берді. 


231 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет