Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет1/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144


 
Әдеби KZ 
Ұшқан ұя 
Роман 
Бауыржан Момышұлы 
5/16/2013 



Әдеби KZ 
Мазмұн 
ҰШҚАН ҰЯ ..................................................................................................................................................... 4 
 
 



Әдеби KZ 
Бауыржан Момышұлы 
Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы,қазақтың көрнекті 
жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. 
Сондажүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, 
запастағыкомандир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл 
қаржы мекемесіндеқызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, 
түрлі әскери бөлімдердевзвод, рота, командирі болады.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор 
И.В.Панфиловтыңбасшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар 
дивизиясының құрамындамайданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін 
атқарады. Соғыстың соңғыжылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет 
шабуылғабастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен 
дивизиясынақосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау 
тәсілдерініңарнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді 
қорғаныс»ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің 
жиынтығы болыптабылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі 
таланты соғыстаполк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.
Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс 
тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.
Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға 
жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск 
тасжолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б.шет ел 
тілдеріне аударылды.



Әдеби KZ 
Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери 
академиясынбітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы 
әскери академиясындасабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан 
Бауыржан біржола шығармашылықжұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс 
тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерінарқау етеді. Оның қаламынан 
туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме,повестері қалың 
оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтарабасылып 
шығады.
Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры 
атағыналады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына 
бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген 
болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті 
Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет