Әдеби өлкетану Ержанқызы Назерке 5 апта Ақылбай Абайұлы Құнанбаев



бет1/6
Дата13.03.2023
өлшемі25,66 Kb.
#73701
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5 апта Өлкетану


Әдеби өлкетану
Ержанқызы Назерке
5 апта
1. Ақылбай Абайұлы Құнанбаев (1861, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыстау мекені, — 1904, Семей) — ақын. Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған ұлы. Ол Құнанбайдың тоқалы Нұрғанымның бауырында өседі . Жас кезінде Ғабитхан молдадан 4- 5 жыл оқиды. Өсе келе өнерге жақын, әнші, домбырашы, скрипкашы болып шығады.
Ақылбай Абайға алыс ағайын сияқты жуымай, қашық жүреді . Осыны кейбір қарсыластары пайдаланып, араларын ажыратуға дейін барған. «Ата-анаға көз қуаныш» деген өлеңін (1890) ақынның күйініп жазуы осыдан болу керек. Әуезов жинаған деректерде оның Абайға: «Егер болыс сайламасаң, Оразбай жағына шығам» деп қиғылық салғаны да кездеседі. Жалпы алғанда Ақылбай - Абай айналасындағы шәкірттердің ішіндегі ең таланттысы. Бірде ауылына келген Долгополовқа Абай өзі туралы да, балалары туралы да сын айтуын өтінгенде, ол Ақылбайды: «Жай ұғады, шабан қозғалады. Бірақұққаны мен алғанын қайтып жоғалтпайтын өнімі бар талант иесі. Тек онысын су тубіне кетіріп жүрген -жалқаулығы» дегенді айтады. Ол «Дағыстан» («Кәрі Жүсіп»), «Зүлыс», «Жаррақ батыр» атты поэмалар жазды. Әуезов 1923 жылы «Сана» журналының 2-3-сандарында Абайдың жарияланбаған өлеңдерінің қатарында «Зүлысты» да бастырды. «Дағыстанның» үзіндісі 1918 жылы «Абай» журналының 5-санында жарық көрген. Қанша дегенмен Ақылбай Абайдың ықпалынан кете алмады, оның әсері оған орыс ақындарын өз бетінше оқыттырды. Пушкин, Лермонтовты оқуы Кавказ тақырыбына барғыздырды, екіншіден, бұған Абай себепші болды. Ақылбай 1904 жылы Семейде Абайдың қырқын берген күні қайтыс болады. Небәрі 43 жас өмір сүрді, денесі Аралтөбедегі өз қыстауына қойылды. Он бес жасында шешесі өмірден озды.
«Ақылбайдың әні»
Ақылбай шығарған ән. Абайдың кенже ұлы Мекайыл көрші Матай елінен қалындық айттырып, соны ұзатып алып келуге Абайдың әншісі Әлмағамбет бас болып, құдалыққа аттанады. Жолай Ақылбайдың үйіне соғып: «Матайлар өнерпаз ел. Абай әндерін олар да жатқа біледі. Олар естімеген жаңа ән керек. Соны сізден қолқалай келдік. Абай атамның кенже ұлының үйлену тойына базарлық болсын» деп өтініш білдіреді. Сонда Ақылбайдың табан астында шығарған әні кейін «Ақылбай әні» деген атпен қазақ даласына кеңінен тараған. Ән кең тынысты дауысқа арналған.[2]

«Ішік кидім бұлғыннан құндыз жаға,


Жас дәуренді өткіздім бермей баға.
«Ақылжан» деп түрушы ед талай қыздар,
Сұмдық шықты дейтүғын «Ақыл аға».
Бір ән тауып Әлекең бер деген соң,
Матайды алыc бірталай жер деген соң,
Он минутта ойыма осы ән түсті,
Қапаш-құпаш қолымды сермеген соң,»

-

деген екі шумақтан турады. Мұндағы «Әлекең» деп отырғаны - Абайдың әншісі Әлмағамбет Қапсалемұлы (1870-1932). «Ақылбай әні» кейіннен ұмытылып кеткен. Әуезов әншілер К. Байсейітова мен Ж. Елебековті үйіне арнайы шақырып, оларға осы әнді үйреткен. Мәкен Мухамеджанованың айтуымен музыка зерттеушісі Б. Ерзакович нотаға түсірген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет