Әдеби өлкетану Ержанқызы Назерке 5 апта Ақылбай Абайұлы Құнанбаев



бет3/6
Дата13.03.2023
өлшемі25,66 Kb.
#73701
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5 апта Өлкетану

Көкбай Жанатайұлы (1861, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыстау бөктері Тақыр ауылы – 1925, сонда) – ақын, ағартушы, Абайдың әрі шәкірті, әрі інісі. Абайдың “Жаз”, “Күлембайға” деген өлеңдері тұңғыш Көкбай қолымен 1888 – 89 ж. “Дала уалаяты газетінде” жарияланды. Көкбай бала кезінде хат танып, үш жылдай Төлетай молдадан дәріс алған соң, Семейдегі Қамали қазірет медресесінде, уездік училищеде оқиды. Елге келген соң үнемі Абайдың жанында болады. 1901 ж. өз қаржысына медресе ашып, онда сол өңірдегі қазақ ауылдарының балаларын оқытады. Сабақ мұсылманша, орысша қатар жүрген. Оқулық ретінде шәкірттеріне “Араб тілінің қағидаларын” өлеңмен жазып шығады. Көкбай 1908 ж. қала тәртібімен биік мұнаралы мешіт салдырады. 1913 ж. Меккеге барып, қажы атанады. Жаңаша оқу жүйесі шыққанда медресесін мұғалімдерге босатып береді. 1921 ж. ауруға шалдығып, Мәскеу, Томск, Санкт-Петербург, Омбы сияқты қалаларға барып емделеді. Ауырғанына қарамастан 1924 ж. Абайдың дүниеден өткеніне 20 жыл толуына орай Семейде өткен кешке қатысып, естелік әңгімесін айтады. 1925 ж. Мәскеуге емделуге бара жатқан сапарында дүниеден қайтады.
Көкбай он-он бес жасынан айналасына өткір тілді, өжет, суырып салма ақын ретінде таныла бастайды. Шәкірттерінің ішінде Абайдың өлеңдеріне аты кірген жалғыз Көкбай болса, ұстазына ең көп жыр жолдарын арнаған да сол (“Семейге Абай келсе бізге думан”, “Абайдай ұлы тумағы болар ғайып”, “Абайдан сабақ алдым бала жастан”, “Жаннатта жаның болғыр Абай құтып”, т.б. өлеңдері). Оның “Дүтбайға”, “Күлембайға” сияқты өлеңдері Абай үлгісіндегі сыншылдық сипатта жазылған. Көкбайдың Әріп, Кемпірбай, Жүнісхан, Жидебай, Саржан, Міржақыптармен айтыс, сөз қағысулары сақталған, әсіресе, нағашылы-жиенді Әріппен сөз сайыстары кең тараған. Көкбайдың “Сабалақ”, “Құлынды”, “Қандыжап”, “Ғаділ патша қиссасы”, “Арон Рашид қиссасы” дастандары белгілі. “Сабалақ” дастанын мезгілі, мазмұны, кейіпкерлеріне қарай үш дәуірдің адамдары туралы жазылған үш бөлімді жеке жырлар ретінде қарастыруға болады. Дастанның алғашқы бөлімі Абылай ханға арналған “Сабалақ” жыры болса, екінші бөлімі – Абылайдың бір топ ұрпақтарына арналған “Төрт төре” жыры, үшіншісі Наурызбай батыр жайында жазылған “Наурызбай – Фатима” атты ғашықтық жыр. Көкбайдың ақындық дарынына М.Әуезов жоғары баға берген. Көкбайдың өлеңдері мен айтыстары “XX ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “[2]” (1989, т. 1), “Айтыс” (1988, т. 2), “Абайдың ақын шәкірттері” (1994, 2-кіт.) жинақтарына еніп, ол туралы зерттеу мақалалар “[3]” ұжымдық монографиясы (1988) мен Қ.Мұхамедханұлының "Абайдың ақын шәкірттері" кітабында (1994) жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет