Әдеби творчествоның табиғаты мен қоғамдық функциясын зерттейтін ғылым саласы туралы айтыңыз


Әдебиеттің тектері мен түрлері туралы түсіндіріңіз. Әдебиеттің 3 тегі бар: эпос(



бет3/7
Дата02.09.2023
өлшемі67,03 Kb.
#105911
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әдеби процесс

19

Әдебиеттің тектері мен түрлері туралы түсіндіріңіз.
Әдебиеттің 3 тегі бар: эпос(көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі. Өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын күрделі жанр), лирика(әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі. Шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығарманың түрі. Көбіне өлеңмен жазылады), драма( мұнда оқиға көз алдыңда өтіп жатады. Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет үстінде.
Шағын көлемді эпикалық түр: миф, аңыз, ертегі, новелла, әңгіме, мысал. Орта көлемді эпикалық жанр: повест, поэма. Көлемді. Роман

20

Лирика жанры, лирикалық қаһарман туралы айтыңыз.
Шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығарма. Лириканың басты қаһарманы – ақынның өзі, яғни ақын бейнесінің шығармаларынан тұтас тұлға ретінде көрінуі. Ш. Уәлиханов «Поэзияның түрлері»: жыр, жоқтау, қайым өлең, қара өлең, өлең. А.Байтұрсынов «Сындар дәуір»: 1. Әуезе, 2. Толғау, 3. Айтыс. Лиризм сыншылдық сипатты танытса, екінші бір мағынасында сыршылдық күйге түсуді, сезімге берілуді сипаттайды. Лирик деп сыршыл ақынды атасақ,лирика деп ақынның өзінің жан сезімін білдіретін шығарма түріне баласақ, екіншіден лирика деп лирикалық шығармалардың сипатын да жатқызамыз. Қазақ лирикасы көркем әдебиеттің өзге тектеріне қарағанда, өміршең әрі жасампаз жанрлық сала ретінде танылып келеді.

21

Драмалық тектің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Драмалық жанрға жататын шығармалар диалог түрінде жазылады. Автор қатысушылардың сөздерін бұлжытпай, төл сөз күйінде береді. және артист қалай айтуы керек, әр жағдайда қимыл, құбылыс қандай болуы керектігін көрсетеді. Қатысушылардың сахнада айтылатын сөздері реплика деп аталады да, ал артистердің бет-құбылыс, қимыл, қозғалыстары қандай болуы керектігіне берілетін сілтеулерді авторлық ремарка деп атайды. Драмалық шығармалар актілерге не оқиғаларға бөлінеді. Бұл актілерге бөлінушілік сахна жағдайының керек етуінен шығады. Ерекшеліктері: шындықты айрықша тәсілмен, синтез қалпына келтіріп көрсетеді. Сюжет шиеленіскен тартыстар арқылы дамиды. Оқиға авторлық баяндау арқылы емес, кейіпкерлердің сөзі арқылы дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет