Әдеби процесс, әдеби дамудың ерекшеліктерін айтыңыз.
Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сұріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы. Бұл термин 20ғ 20-30ж пайда болып, 60ж кеңінен қолданыла бастады. Әдеби процесс, әдеби даму деген ұғымдар өзара мағыналас. Екеуі де күнделікті немесе белгілі бір кезеңдегі әдебиеттің өсу, даму сипатына қатысты ұғымдар. Әр кезеңнің өзіне тән дамуы, оның өз ерекшеліктері болады. Ол қоғамдық жағдайларға, әдебиеттің қалыптасу деңгейіне де байланысты. Бүгінгі әдеби процесс немес әдеби даму – ертең әдебиет тарихына айналары сөзсіз.
23
Әдеби дамудың формалары – әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп туралы айтыңыз.
Әдеби бағыт, әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын түсініктер. Әдеби ағымдармен әдеби мектептердің бірімен-бірі пікір алмасып, дамуы - әдеби процестің заңдылығы болып саналады. Әдеби бағыт ағымдар мен мектептерге тән ортақ рухани мазмүндағы көркем ұстанымдардың негізгі шарттарынқамтиды. Көбіне аталған терминдер синоним ретінде де қолдануы мүмкін. Әдеби бағыт көбінесе көркемдік әдіс, стиль орнында қолданылады. Еуропалық әдебиет тарихындағы болған белгілі бағыттар: ренессанстық реализм бағыты, барокко, классицизм, ағартушылық реализм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализмы, модернизм, соцреализм постмодернизм. Натурализм, символизм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экспрессионизм, экзистенциализм әдеби ағымдар болып саналады. Аталған бағыттардың ұлттық әдебиеттерде орын алуы мойындалған тұжырым. Әр бағыттың өзіне тән стилі болады. Әр түрлі ұлттық әдебиеттерде Әдеби бағыттардың бірдей алмасуы олардың нақты жүйе ретімен қалыптасқанын дәлелдейді. Әдебиеттің ұлттық арнасы шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. «Бағыт» деген түсінік алғаш рет Белинский, Чернышевский, Добролюбов еңбектерінде қалыптасты. Әдеби бағытпен қатар әдеби ағым түсінігі синоним ретінде қолданылып келеді. 20 ғасыр басындағы әдебиеттануда стиль ұғымы кең қолданыла басталды, кейінірек «дәуір стилі» деген ұғым орнықты. Кеңес кезіндегі бағыт пен ағым түсініктері қатар қолданылды. Ең кең тараған көзқарас бойынша, бағыт - бір шығармашылық әдіс біріктіріп түрған кең көлемдегі әдеби-шығармашылық құрылым. Модернизм кеңес әдебиеттануында ауызға алынбай келді, тек теріс бағыт ретінде аталды. Әр бағыттың өзіне тән мазмұнды негіздері бар. Сонымен қатар ол бірден үзілмейтін дәстүр.
Қазақ поэзиясында Абайдың ақындық мектебі – әдеби мектеп. Оның шәкіртттері Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай мен Мағауия, Нармамбет, Әріп т.б. кейін әрқайсысылары да белгілі ақындық биіктікке көтерілді. Олардың тақырып таңдау, машықтану, іздену жолдарында Абайдың ұстаздық жетекшілігінің мән-маңызы зор болғанын білеміз.
24
Көркемдік әдістің түрлері (романтизм, реализм) туралы түсіндіріңіз.
Көркемдік әдіс туралы З. Ахметов: «белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылған өмір шындығын суреттеу ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер» дейді. Оның романтизм және реализм деген екі түрі бар. көркемдік әдіс жеке қаламгерге емес, жазушылар тобына қатысты ортақ мәселе. Мысалы, кеңестік дәуір қаламгерлерінің бәрінің өмір шындығын бейнелеуде ұстанған ортақ бір әдісі – социалистік реализм болды. Романтизм – әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс. Реализм – әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылығын сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Оның сыншыл реализм және социалистік реализм деген екі түрі бар. социалистік реализмнің әдіс ретінде қалыптасуына Горкий шығармашлығы байланысты. «Ана» романында принциптері қалыптасқан.
25
Әдеби ағымның түрлері мен принциптері туралы айтыңыз.
Ағым – бірнеше жазушыға тән творчестволық ерекшелік. Әрбір әдеби ағым – әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі. Ол тарихи категория: жалпы қоғамдық дамудың белгілі кезеңдегі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады. Әдеби ағымның классицизм, натурализм, модернизм мен сентиментализм деген түрлері бар. классицизм негізгі тақырыбы ел өмірінің елеулі оқиғалары және оның қаһармандары жай адамдар емес, қолбасы, король, патшалар. Сентиментализм Англияда қалыптасты. Қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігі, көңіл-күйі сезімдері негізгі обьектісі болады. Қарапайым шаруалар, қолөнершілер, алпауыттар. Натурализм латынша табиғат дегенді білдірсе, ол өмір құбылыстарына ешқандай идеялық баға бермей, қаз қалпында суреттеуді талап етеді. Модернизм жаңа, қазір дегенді білдіреді, ол қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдіреді. Модернизм сарыны Әуезов әңгімелерінде, Ш. Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов шығармаларында трагедиялық бейнелер бой көрсетті.
26
Классицизм өнерінің теориялық бағдарламасы – Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты туралы түсіндіріңіз.
Классицизм - бұл өнер тарихында бар көркемдік әдістердің бірі. Оны кейде бағыт және стиль терминдерімен атайды. Никола Буало – классицизм теоретигі. Француз классицизмінің ірі теоретигі Никола Буало (1636-1711) Декарт рационализмін өзінің эстетикасы мен поэтикасына философиялық негіз етіп алды. Буалоның «Поэтикалық өнер» атты эстетикалық трактатын кезінде мәдени жұртшылық классицизмнің әдеби манифесі ретінде таныды. суреткер атаулының бәрін “саналы ойға”, “парасатты ақылға”, “алдын ала пішілген үлгіге”, “қалыптасқан тәртіпке” шақырды. Оның сондағы мақсаты поэтикалық өнерді абсолютизм дәуірінің білікті дворяндарынан шыққан сарай ақсүйектерінің саяси-көркемдік талап-тілегін қанағаттандыру әрекетіне ғана жұмсау еді. Буало суреткерлерді алдын ала пішілген үлгіден шықпауға, алдын ала белгіленген тәртіпті бұзбауға шақырды. Сөйтсе де, Буалоның «шындықтан асқан сұлу жоқ» деп, суреткерден тек шындықты ғана суреттеп көрсетуді талап етуі, өлең өнеріне өз тұсының көркемдік талғамын белгілеуі – жалпы эстетиканың даму тарихындағы үлкен жетістік.
27
18 ғасырдағы ағартушылық дәуірі эстетикасының көрнекті өкілдері мен олардың шығармашылығы туралы айтыңыз.
ХҮІІІ ғасыр ағартушы дәуір эстетикасы өз заманының алдыңғы қатарлы көркемдік әдісі болып табалды. Сол дәуір өкілдері Франсуа Мари Вольтер. Францияның бірінші ұлы ағартушысы. Оның ағартушылыққа жауыздық пен діншілдікке қарсы бағыт әкелген трагедиялары борыш пен сезім бірлігінің гуманистік идеясын уағыздады. Оның барлық жазған пьесаларының ішінде өзіне табыс әкелгені «Заира» мен «Мұхаммед» трагедиялары болды. Одан кейін Ддени Дидро еуропалық ағартушылардың ірі өкілі. Жаңа бағыт – тоғышарлық драманың пайда болуына әкелді. Ең үлкен жұмысы – «Актер туралы порадокс» трактаты. Бұл актерлік өнер туралы, ең толық әрі тұжырымдалған ағартушы реализмнің принциптері болды. Дэвид Гаррик еуропадағы саналық реализмнің негізін салушылардың бірі, сахна реформаторы. Ол 1740 ж тұңғыш «Лета суы» комедиясын жазды. 18ғ әлем мәдениетіне неміс театрының мол әсері болды: Лессинг, Гете, Шиллер, Каролина Нейбер секілді ірі ағартушылар өз туындыларымен эстетикалық дәуірді жандандыра түсті.
28
Әдебиеттану ғылымындағы мектептер туралы айтыңыз.
Әдебиеттану ғылымының тарихында көптеген мектептер болған. Филологиялық мектеп(филология-сөзге құмарлық) жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі әдебиеттану, историография, текстология т.б гуманитарлық пәндердің жиынтығы .Көне мектептердің бірі-филологиялық мектептің дәстүрін ұстанған ғалымдар негізінен көркем шығарманың мәтінін зерттеп бағалауға бой ұрған. Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашудың есесіне қоғамда атқаратын қызметін көрсетудің орнына бұл бағыт мәтінді бастыру, мазмұн баяндауды күйттейді. Эстетикалық догматизм мектебінің белгілі өкілі деп француз ғалымы- Никола Буалоны айтамыз. «Поэтикалық өнер» деген трактатында көркем шығармаға күні бұрын жасалған қалыппен келу принциптері бар. Үш бірлік: орын бірлігі, уақыт бірлігі, әрекет бірлігі сақталсын дейді. Корольдар,рицарьлар ғана қаһарман бола алмақ. Көркем әдебиеттің даму процесі бұл мектептің жалғандығын айтылмаш шарттардың бекер нәрсе екендігін дәлелдеді. Биографизм мектебі-19 ғасырдағы француз сыншысы Сент-Беф зерттеудің басты мақсаты, негізгі тенденция суреткердің рухын тану.Оның айтуынша, көркем шығарманы тудыратын фактор әлеуметтік орта, қоғамдық тартыс, таптық наным, дүниеге көзқарас, суреткердің өзі көрген, өзі сенген нәрсесі. Мәдени-тарихи мектеп – әдебиеттану ғылымындағы ең танымал бағыт.Бұл ағымдағы оқымыстылар Дарвин теориясын әдебиет ғылымына әкеп қолданады және дәлелсіз қолданады. Тарихи-салыстыру мектебі немесе компративизм ағымының россияда туын көтерген Веселовский, Миллерлер. Мұндағы негізгі принцип- салыстыру. Компративистер әр түрлі халықтар әдебиетіндегі жанрларды салыстыра қарап форма мәселесіне сюжеттің шығуына байланысты көптеген пікірлер айтқан. Психологиялық мектеп – принципі б/ша әдебиетші көркем шығарманы тудырған суреткердің психологиясын зерттеу керек немесе суреткер жасаған бейнелердің психологиясына назар аудару керек. Негізін салушы - З.Фрейд. Ол әдебиеттің әлеуметтік маңызын мойындамайды. Екі халықтың әдебиетін салыстыру қажет емес дейді. Оның назар аударатыны- суреткер санасының астарлы сырлары, түйсіктің жұмбақ құпиялары. Формализм мектебі- өнердегі басты нәрсе түр деп қарайды. Сондықтан форманы зерттеу басты нәрсе дейді. Формалистердің ден қойған мәселесі- өлең құрылысы, әуезділік, ұйқас, ырғақ. Өкілдері: Жирмунский, Якобсон, Лотман. Социологиялық мектеп – әдебиеттану ғылымында 20 ғ. басында бет алған бұл бағытты дөрекі социолизм деп атайды. Бұның өкілдері – қоғам заңдарын әдебиетке механикалық түрде қолданып метофизикалық жолға түсті. Бұлар ең алдымен жазушының шығармасын оның таптық тегімен байланыстыра қараған. 20- жылдары Мирский –Пушкинді, Кравченко – Гогольді,Нусинов-Успенскийді орыс әдебиетінің тарихынан сызып тастады. Қазақта Абай және Мағжан қараланды. Осы ағымның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ әдебиеттануына салқыны тиді. Проза жауһарлары саналатын « Қаралы сұлу», «Қараш-қараш» оқиғалары, « Қилы заман» сынды туындылардың кезінде әділ бағаланбауы эстетикалық талғамның саясыздығынан деп білеміз. Структурализм.20 ғасырдың алпысыншы жылдары Р.Барт, Ц.Тодоров, А.Греймастың еңбектерінің шығуымен Францияда структуализм сынға ұшырады. Себебі, структуализм бағыты негізінен әдебиетте қалыптасқан биографиялық және тарихи әдістерге қарсы бағыттарды ұсынды.Әдебиетте структуализмнің негізгі төрт аспкектісін атап көрсетеді.
29
А.Байтұрсыновтың «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласының ғылыми құндылығын түсіндіріңіз.
Қазақ өлеңінің ғылым тілінде тереңнен тексеріле зерттелуі Байтұрсынов есімімен тығыз байланысты. 1913 ж жазылған бұл еңбекте Абай поэтикасыен, эстетикалық талғамын, суреткерлік шеберлігін кәсіби маман қалпында жүйелі, нақты әрі ғылыми әдеби үдеріс заңдылықтарына сай талдап көрсеткен. Байтұрсынов шағын мақалада өлең сөзді түсінудің, оны талдаудың үлкен үлгі-мысалдарын көрсетті. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсынұлының Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Абайдың қазақтың бас ақыны ретінде танылуы да Ахметтің осы зерттеу мақаласынан соң басталды.
30
Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» зерттеуінің ғылыми маңызын түсіндіріңіз.
Тарихи-салыстырмалы әдістің қолданылу формасын фольклор мен әдебиет мәселелерінде тиянақты түрде көрсеткен профессор Қ. Жұбанов болды. Абайдың ұлылығын танытуда ақынмен тұстас өмір сүрген көршілес мемлекеттердің ірі ақындарының шығармашылығын зерделеп алудан бастаған. Ол бұл еңбекті түркменнің Мақтымқұлұлы Фрагиімен, башқұрттың Шайхзаде Бабичімен, татардың және азербайжанның Мырза Фатали Ахундовымен салыстыра отырып, Абай ақынның шығармашылығына талдау жасап, Аабай өз тұсында жалғыз қазақ қана емес, басқа көршілес елдердің әдебиетінен де үздік тұр» дейді. Ұлт тіліне, әдебиетіне сіңірген еңбегін, ақындық күшін алғанда Абай бәрінен озат шығады. Өйткені ол кезде таза халық тілімен жазып тұрып, ол жазғанын классик әдебиет үлгісімен шығарған ол елдерде адам болған жоқ. Абайдың, бірқатар сыншылар ескермей жүрген, бір оқшаулығы осы» деп тұжырымдайды.