Әдеби творчествоның табиғаты мен қоғамдық функциясын зерттейтін ғылым саласы туралы айтыңыз



бет5/7
Дата02.09.2023
өлшемі67,03 Kb.
#105911
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әдеби процесс

Блок 2

31

Әдебиеттің жанама тарауларының ерекшеліктерін талдаңыз.
Әдебиет туралы ғылымның негізгі салаларынан басқа жанама тараулары да бар. Олар – текстология, историография және библиография. Бұл тараулар ғылыми мақсат үшін керек.
Текстология – әдеби туындылардың мәтінің зерттеп, танудың принциптері мен әдістемесін жинақтайтын арнаулы ғылыми пән.
Текстология
көркем шығарманың тұрақты түпнұсқасын белгілейді;
автор қолымен жасалған ақтық редакциясын анықтайды;
әр алуан вариантын өзара салыстырады;
әр басылымын автографпен салыстырады;
мәтіннің автор еркінен тыс қысқарған жерлері немесе бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді;
түпнұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен емле қателері болса да түзеп отырады.
Текстология үш бөлімнен құралады:
Текстің туу сыры. Түпнұсқадан транскрипцияға дейін тексереді.
Текстің тұрақтану тарихы. Автордың алғашқы ой қазығынан ақырғы жөндеуіне дейін зерттейді.
Текстің басылу түрлері. Әр нұсқаның терілуінен бар туындының рет- ретімен түзілуіне дейін бақылайды.
Историография – әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы. Жоғарыда аталған үш салаға қатысты қандай арнаулы мәселе болсын, оны зерттеудің көлемі мен тереңі, мәні мен маңызы сол мәселенің историографиялық материалының мөлшері мен мазмұнына қарап белгіленеді.
Библиография – көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Әдебиет пен әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет нақты материалдардың (мәтіндер, сын-мақалалар, зерттеу еңбектер) бәрін библиографиялық көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп тауып, пайдалануға болады.

32

Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Поэтика» еңбегінің әдебиеттанудағы құндылығын мысалдармен дәлелдеп қолданыңыз.
Ол сөз құрастыру ғылымының ең өзекті саласы – сөз өнері екенін айтады, ақындар, шешендер, мен сөзуарлардың артында қалдырған мұраларын зерттеу амалына, поэтика заңдылықтарына тоқталады. Сондай-ақ буын, бунақ, сөз әуезділігі мен ұйқас жүйелеріне бөлінетіндігін айтып, теориялық толғамдар жасайды. Ол поэтиканы 3-ке бөліп қарастырады: өлең құрылысы мен өлшем түрлері. Ұйқасы. Әуезділігі. Поэтика және оған қатысты нәрселер сезіммен, қиялмен және санамен бірдей байланыста болады. Өлең біздің сезімімізге, қиялымызға және ақыл санамызға әсер ететін сыртқы дүниенің көрінісін қайта еске түсіре білу керек» деп айтып, одан шығатын салдарды, оны жасаушыларды ақындарды өз ерекшеліктеріне қарай жіктейді. Аристотельдің грек өнерін түйіндегендерінен гөрі тарамдап, трагедия, комедия, ямба, сатира, поэма, эпос, риторика, акустика деп жіктеп, әрқасйсысына жанрлық тұрғыда анықтама береді. бәйіт жазудың 11 түрлі шартын атап берді. Келімбетов: «ол еж.дәуірдегі араб, парсы және грек поэзиясының тарихы, тақырыбы, комп құрылысы, ұйқасы және түр тұлғасы т.б. мәелелерді ғалым ретінде жан-жақты зреттеді» дейді.

33

Жүсіп Баласағұнның «Құтты біліктің» дастанындағы өлең өлшемін талдаңыз.
Еңбектің өлең өлшемі негізінен қазақ өлеңдерінде ықылым заманнан келе жатқан 11 буындық қара өлең өлшемі. Поэма негізінен тұтастай осы өлшеммен, бір тыныспен жазылған. Әрине, бунақ пен ырғақ тараулардың мазмұнына, тынысына қарай өзгеріп, аусып отырады. Поэма поэтикасындағы бір ерекшелік – қазіргі қазақ өлеңінің төл қасиеті болып табылатын аттамалы ұйқаспен жазылуы. Бұл көбінесе Абай поэмасынан, 15-20ғ аралығындағы қазақ ақындарының творч кеңінен таныс түр. Т. Кәкішев:бүкіл көне грек-рим заманының ақыл-парасаты мен канондары көбіне көп поэтикалық түр формада жетіп, тарихқа кіргенін, ақыл-ойдың арнасы ретінде қаралатынын бұдан былай ескерер болсақ, онда қазақ халқының көркемдік, тарихи таным біліктерінің өресі биікке көрінеді» деп Ж. Баласағұнның өлеңмен өрілген сөз маржандарына ерекше қастерлі бағамен қарауды ескертеді.

34

Орта ғасырлардағы әдеби-эстетикалық ой-толғамдарды қолданыңыз (15-18ғғ.).
Қазақ эстетикасының Батыс пен Шығыстың дәстүрлі көркем мәдениет үлгілерінің типтік ерекшеліктеріне ұқсамайтын, оларды сіңіре отырып дамыған өзіндік төлтума мәдениеті болды. Қазақ халқы «адам мен әлем біртұтас» деген философиялық тұжырымға көзбен көріп, қиял қанатымен жетіп, ой тезіне салып, іштей білген тәжірибесі, көшпенді өмірі арқылы ие болды. Осы рухани сырластық деңгейі халықтың әдет-ғұрып сырына, эстетикалық негізіне айналған. Қазақ эстетикасында табиғатқа шексіз сүйіспеншілік, оны сезініп түсінуі, онымен бірге ажырамас біртұтастықта өмір сүру талғам-түсінігі ерекше орын алды. Қазақтың төлтума эстетикалық мәдениеті хандық дәуірінде қалыптасты. Ол ақын-жыраулар шығармаларында өзінің шарықтау шыңына жетті. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал, т.б. ақын-жыраулардың эстетикалық ізденістері көшпенділердің дүниені қабылдауын білдіреді. Оған айрықша романтикалық асқақтық тән. Жыраулар поэзиясы эстетикалық таным біліктің жемісін танытты. Екіншіден, лирикалық реалистік суреттеулердің алғашқы белгілерін әкелді. Сол арқыл ықазақтың ұлттық әдебиетінің деңгейін көтеріп, халықтың эстетикалық талап талғамының өсуіне, қоғамдық мәнін ұқтыруға әсер етті.

35

ХІХ ғасырдағы әдеби мұраны жинап жариялауға, зерттеуге қатысқан қазақ зиялыларының еңбектерін талдаңыз.
3 топқа бөлуге болады: 1) орыс фольклористеріне мәлімет берушілер 2) фольклорлық үлгілерді жинап жариялауға көмектесе отырып, өз атынан да жариялаушылар 3) ғылыми тұрғыда зерттеушілер
19ғ. жарық көрген 260 кітап әдеби мұраны игеру саласындағы жұмыстың үлкен жетістігі.
Әдеби мұраның тарихилық принципі М.Бабажанов, Т. Сейдалин, С. Жантөрин, А. Құрманбаев, Ыбырай, Абай, Шәкәрім, т.б. фольклортану саласындағы зерттеулерде көрініс тапты. Досмұхамедұлының осындай маңызды еңбектерінің бірі – қазақ әдебиеті тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі – Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығымен байланысты. Ол 1924 жылы Ташкент қаласында «Мұрат ақынның сөздері» деген атпен жинақ шығарды. Бұл жинаққа өзі алғысөз жазды, ақын шығармаларында кездесетін тарихи атауларға, ру аттарына, топонимикалық атауларға, көне сөздерге түсініктер берді. Жинақтың басты маңызы: бүгін біз білетін Мұрат ақын өлеңдері, толғаулары, дастандары осы Халел Досмұхамедұлы арқасында толық жетіп отыр. 20ғ басында қазақ зиялыларының фольклорлық мұраны игеру саласындағы еңбектерінің арқасында филологиялық білімдер жүйесі кеңінен таралуы анық байқалды да, әдеби мұраға ғылыми тұрғыда қарау тенденциясы қалыптаса бастады.

36

Абайдың эстетикалық көзқарастарын мысалдар келтіре отырып, талдаңыз.
Абай Құнанбаевтың эстетикалық ойлары жазба әдебиетіміз бен рухани мәдениетіміздің 19 ғасырдағы тарихи шындығы аясында дамыды. Ол қазақ әдебиетінде тұңғыш рет табиғат пен адамның сұлулығын нақтылап айқындады. Абайдың қарасөздерінде көрініс тапқан эстетикалық көзқарастар қазақтың көркем мәдениетін жаңа деңгейге көтерді. Оның «Құлақтан кіріп бойды алар», «Құр айғай бақырған» деген өлеңдерінде әннің, күйдің адам сезіміне әсер етер қуатты құдіреті, шипалы шапағаты көркем суреттеледі.

37

Ә.Бөкейхановтың ХХ ғ.б.әдебиеттану ғылымына қосқан еңбегін мысалдармен дәлелдеп қолданыңыз.
Бөкейханов – ғалым, тарихшы, әдебиетші, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері. «Туземец» деген жасырын атпен жазылған «Қобыланды жырындағы әйелдер» деген мақаласы – ұлттық әдебиет туралы ғылымның арғы бастауларынан бері келе жатқан ғылыми ізденстер жолында нақты бір көркем шығарманы тұтастай алып талдаған еңбек. Мұнда көркем шығарманы құрылысы мен сюжеттік желісіне қарай талдаудың алғашқы үлгісін салды. Бұл бұрын таныстыру, бағалау және тарихи арналарын ашудан әріге бара алмай жүрген ұлттық ғылыми зерттеулер үшін үлкен жаңалық болды. Қазақ халқының рухани мәдениет байлығын баяндай келіп, Абай ақынға ерекше көңіл бөліп, оны қазақтың жаңа әдебиетінің көшбасшысы ретінде жоғары бағалады. Ақын қайтыс болған соң, оның өмірбаянын орыс тілінде жазып, «Семипалатинский листок» газетінде жариялайды. 1903 жылы Санкт Петребург қаласында «Россия.Полное географическое описание нашего отечества» атты көп томдық кітаптың 18-томы «Киргизский край» деп аталып баспадан шығады. Мұны жазуға қазақтан жалғыз Бөкейханов қатысады.

38

Көркем әдебиеттегі типтендіру тәсілі туралы мысалдарды қолданыңыз.
3 тәсілі бар. 1) әлеуметтік типтендіру тәсілі. Белгілі бір әлеуметтік топтың, қауымның шындығын, арманын, көзқарас танымын бір көркем бейненің тұлғаснда жинақтап таныту. Мысалы төл әдебиетімізде Әжібай, жоға нұрым, құнанбай, дәркембай, базаралы, тәңірберген, еламан, жәдігер, әзім секілді образдарды айтуға болады. Бұлар әр заманның әлеуметтік типтері. Дәркембай арқылы қарапаймы халықтың қасиеті де, қасіреті де танылады.
2) ұлтқа, халыққа тән озық ұлттық қасиет сапаларды, таным түсініктерді бір көркем бейненің тұлғасында жинақтап беру.
3) сатиралық типтендіру. Адам болмысындағы ұнамсыз, келеңсіз жайлар арқау болады. Әсіресе Абайдың сатиралық өлеңдеріндегі типтер осы аталған тәсілге озық үлгі бола алады.

39

Образ түрлерін көркем шығармалардан мысалдар келтіре отырып қолданыз.
Көркемдік жағынан келгенде негізі екі түрлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет