Әдебиет пәні бағдарламалары. Бағдарламаның мемлекеттік құжатретіндегі қызметі. Әдебиет пәнін оқытуды жоспарлау



Дата28.10.2022
өлшемі23,75 Kb.
#46027
Байланысты:
Әдебиет пәні бағдарламалары


Әдебиет пәні бағдарламалары. Бағдарламаның мемлекеттік құжатретіндегі қызметі. Әдебиет пәнін оқытуды жоспарлау.
Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі- әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі. Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте оқытудың қажеттігі.
Орта мектепте әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тарихы, даму арналары және оның өзге де тәсілдері, амалдары, жолдары жөнінде ғылыми жүйелі, тыңғылықты білім алады. Осы аталған бағдар-пайымдар мен ой-жоспарлар пән мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Әдебиет пәнінің мектеп өміріне, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарына игі әсері. Оқушылардың адамгершілік келбетін қалыптастырып, парасат-пайымын терендетуде және күллі сұлулық, көркемдік әлемін танып түсіне білуіне жетелейтіндігі.
Әдебиет пәнінің қалыптасуының әдепкі кезеңдері. (ХІХ-ХХ ғасырдың бас шені).

  1. Араб-парсы әлемі үлгісіндегі әдеби оқу дағдыларының кең қанат жаю себептері, алғы шарттары, қазақ ұғымына үйлесімділігі.

  2. Қадым оқуы, жәдит оқуы, медреселік оқу түрлері, олардың оқу құралдары. Қазақ еліндегі оқу-ағарту жүйесіне ресейлік білім мен ғылым әсерінің біртіндеп күшейе бастауы, қоғамдық-саяси экономикалық, идеологиялық себептері.

  3. ХІХ ғасырдағы қазақ зиялыларының жаңаша білім алу қажеттігі туралы тың ойлары.

  1. ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен қазақ тілінде кітап шығару ісінің өрістеуі.

  2. Жаппай сауатсыздықты жою науқаны. Оқу-ағарту ісіндегі уақыт талабына сай өзгерістер; 1917-1927 жылдардағы мектеп түрлері.

  3. 1928-1938 жылдар аралығында әдебиетті оқытудағы тарихи бағыттың басымдылығы.

1932 жылы қабылданған «Оқу бағдарламалары мен бастауыш және орта мектептер туралы» қаулы-қарарлар. 1939 жылы қабылданған жаңа бағдарлама, оның ұзақ жылдық қызметі. 1940 жылы алғаш рет шыққан әдебиеттік оқу бағдарламасы.
Белгілі бір ұлт-ұлыс, халық, этностардың өзінің ұзақ ғасырлық тарихында әріп ойлап тауып, жазу-оқу өнерін меңгеретіндігі.Сол өнердің бертін келе бірте –бірте дамып өркендейтіндігі. Оның алғашқы аяқ аласы , қара көріністері, ондағы әдеби- тарихи көркем мәтіндердің басым, жетекші рөл атқаратындығы, мысалдары.
Әдебиет пәнінің қалыптасуының әдепкі кезеңдері. (ХІХ-ХХ ғасырдың бас шені). Қазақ даласындағы ертеден қалыптасқан әдеби оқу түрі, оқу құралдары, әдеби мәтіндер мазмұны, бағыты, тәрбиелік мәні, сөз өнеріндегі дәлелді көріністері. Атап айтқанда, әпсана-аңыздар мен жыраулар шығармашылықтарынан аңғарылатын білім-білік жоба-нобайы. Адамдар санасына әсер-ықпалы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлар аралығында хат танып, сауат ашу ісіндегі молда-мұғалім әдіскерлер тәлім-тәрбисі.
Қадым оқуы, жәдит оқуы, медреселік оқу түрлері, олардың оқу құралдары. Әдеби мәтін мазмұны мен идеясы, ұстанған бағыттары, ұстаздарының білім деңгейі, дүниеге көзқарасы, мақсат-идеалы.
Қазақ еліндегі оқу-ағарту жүйесіне ресейлік білім мен ғылым әсерінің біртіндеп күшейе бастауы, қоғамдық-саяси экономикалық, идеологиялық себептері. Қазақ еліндегі оқу-ағарту жүйесіне ресейлік білім мен ғылым әсерінің біртіндеп күшейе бастауы, қоғамдық-саяси экономикалық, идеологиялық себептері.
ХІХ ғасырдағы қазақ зиялыларының жаңаша білім алу қажеттігі туралы тың ойлары. Алғашқы талпыныс қадамдары. Алға қойған басты мақсат- мұраттары. Әдебиетті оқытудағы жаңа бастама. Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық қызметі мен әдеби шығармашылығы. Әдеби-тарихи, оқу-әдістемелік мақалалары, халық ағарту мәселелері жөніндегі ескертпелері. Ыбырай ашқан қазақ мектебі, өзіндік ерекшелігі, жаңалығы. Ыбырай мектебіндегі әдебиет пәні оқулығы – «Қазақ хрестоматиясы» («Киргизская хрестоматия. Оренбург, 1879»). «Қазақ хрестоматиясының» түзілісі, ондағы әдеби мәтіндер: өлең, әңгіме, новеллалардың тақырыбы. Ы.Алтынсариннің халықтық-ағартушылық көзқарасы және оған орыс педагог әдебиетші әдіскерлері К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский, т.б. жазба ойларының әсері. ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен қазақ тілінде кітап шығару ісінің өрістеуі. Оның ел өміріндегі әдеби-мәдени елеулі оқиға екендігі. Жұртшылық ой-санасын оятудағы «Серке» (1907) «Қазақ газеті» (1917), «Қазақстан» (1911-1913), «Қазақ» (1913-1918) газеттері және «Айқап» (1911-1915) журналының атқарған игілікті істері мен көтерген мәселелері.
1917 жылғы Қазан төңкерісі. Қазақ халқы тарихындағы кеңестік кезеңнің басталуы. Жаппай сауатсыздықты жою науқаны. Оқу-ағарту ісіндегі уақыт талабына сай өзгерістер; 1917-1927 жылдардағы мектеп түрлері. 1919 жылы РКП (б) VIII съезі қабылдаған «Бірегей еңбек мектебі туралы тұжырымдама». Әдебиет сабақтарындағы «еңбек әдістемесі» - оқиғалық шығармалардың макет көріністері. Жаңа қоғамдық құрылыс және оның идеологиясын түсіндіру сипаттары. Қоғамдық тәрбие құралы болғандығы. 1921 жылы жаңа кеңестік мектептерге арналған «Әдебиет бағдарламалары». Осы бағдарлама негізінде «Әдебиеттік оқу» терминінің| (атауының) қалыптасуы. Бағдарламадағы әдебиеттік оқуға қойылған талаптар мен берілген нұсқаулардың маңызы, жаңашылдығы, кемшіліктері. Бағдарламаларды жетілдірудегі 1923-1925, 1927 жылдардағы соны талпыныстар. 1928-1938 жылдар аралығында әдебиетті оқытудағы тарихи бағыттың басымдылығы. Тарихи-әдебиеттік курстардың жетекшілік рөлі, себептері. 1931 жылғы «БКП (б) ОК-нің бастауыш және орта мектептер туралы қаулысы» онда аталған жалпы білім берудегі кемшіліктер, көңіл аударылған мәселелер. 1932 жылы қабылданған «Оқу бағдарламалары мен бастауыш және орта мектептер туралы» қаулы-қарарлар. Солардың негізшде жасалған 1933 жылғы бағдарламалар, олардың 1939 жылға дейін пайдаға асуы, жетістіктері мен кемшіліктері.
1939 жылы қабылданған жаңа бағдарлама, оның ұзақ жылдық қызметі. 1940 жылы алғаш рет шыққан әдебиеттік оқу бағдарламасы. Негізгі үш түрлі нысанасы: кеңестік әдебиет шығармалары, халық ауыз әдебиеті үлгілері, классик жазушылардың әдеби мұралары. Кеңестік орыс мектептерінің түзілісі, олардың әдебиетті оқыту бағдарламаларын негізге алған, сол бағытта түзілген қазақ мектептерінің жүйесі. Төрт, жеті, сегіз, тоғыз, он және он бір жылдық қазақ мектептері. Қазақ мектептерінің латын және крилица қарпінде білім беруге мәжбүр болғандығы, себептері.
1940-1990 жылдар аралығындағы оқу-ағарту ісінің өркендеу жолы. Кеңес дәуірінде мектептерде негізінен оқытылған басты-басты пәндер. 1958, 1985 жылдардағы мектеп реформалары, әсер-ықпалы. Аталған жылдарда әдебиет пәнін оқыту, жетілдіру жөнінде әдістемелік еңбектер мен оқу бағдарламаларын құрастырып жазған ғалым-әдіскерлер. С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаева, Т.Ақшолақов, Ш.Кәрібаев, С.Қалиев, т.б. әдіскерлер, педагог тәлімгерлердің үлгі-өнегелері.
Мемлекеттік білім беру стандарты - әдебиеттің оқу пәні ретінде халықтың көркем тарихын оқып үйрену арқылы оқушылардың рухани дамуын қалыптастырып, дамуын көздейтіндігі. Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі. Бастауыш (І-ІҮ) базалық (Ү-ІХ) сыныптарда берілетін әдеби білім көлемі, өтілу принциптері мен мақсты. Х-ХІ сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың ғылыми негіздері, әдістемелік құрылымы. Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы оқулықтардың ерекшеліктері мен оқыту принциптері. Базалық білім беру және тарихи-әдеби куірстар негізінде дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік,т.б.принциптері. Ерекшеліктері.
Жоғары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдеби курстың базалық білім (Ү-ІХ) курсымен тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының кезең-кезеңмен, белгілі бір хронологиялық жүйеде оқытылатындығы. Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығы және нақты шығармасы идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жақты талданатындығы. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін
пайдаланудың тиімді жақтары.
1990-2002 жылдар аралығындағы білім беру жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты жаңадан түзілген оқу бағдарламалары мен оқулықтар. Орта мектеп пен жоғары мектептердегі түбірлі бетбұрыстар. «Қазақ орта мектептеріндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы» (1991ж) оның мазмұн-мәні, ғылыми методикалық негіздері. Әдеби білім беру құрылымындағы өзгерістер.
Орта мектептердегі әдебиет пәнінің мақсат-міндеттері, мазмұндық құрылымындағы ұлттық діл, мәдениет, әдеби көркем мәтіндердің эстетикалық-этикалық құндылық деңгейлері.
Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы (1997) және оның жаңашылдығы, бағыт-бағдарындағы тың ұсыныс-ұстанымдар.
Орташа Ү-ҮІІІ сыныптардағы әдебиеттік оқу, оның өзіндік сипаттары.
Ү-ҮІІІ сыныптарға арналған әдебиет пәнінің оқу бағдарламаларының түзілісі, түзілу принципі.
Ү-ҮІІІ сыныптардағы әдебиет сабағындағы ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстары.
Жазбаша жұмыстар: мазмұндама мен шығарма, олардың өзіндік ерекшеліктері. Жазбаша баяндау амалдары.
Қазақ әдебиеті пәнінен Ү-ІХ сыныптарда берілетін базалық білім.
Ауызша және жазбаша тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстары.
Х-ХІ сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы.
Орта мектепте көркем әдебиет мәтіндерімен таныстырып, көркем шығармалардың мазмұн-мәнін жан-жақты оқытып үйретудің салалары. Олардың өзара бір-бірімен сабақтастығы.Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Әдебиетті оқыту әдістемесі әдебиеттану ғылымдарымен бірге эстетика, мәдениеттану, философия, педагогика, психология, тіл білімі, тарих т.б. сияқты ғылым салаларымен байланыста дамиды.
Эстетика ғылымымен байланысы.
«Эстетика» - гректің «эстетиз» деген сөзінен шыққан. «Сезімдік, сезіммен қабылдайтын дарындылық» деген ұғымды білдіреді. Эстетика – өмірді сезім арқылы танып білудің айрықша жолы.
Эстетикалық талдау әдісін жетік білген мұғалім ғана шәкіртті көркем шығарманы терең түсініп сезінуге бағыттай, сол көркем туындыдағы жазушының ой-сезіміне шәкіртті ортақтастыра, толғандыра алады. Оқушы көркем өнер туындысын өздігінен қабылдай отырып, шығарманың эмоциялық-эстетикалық табиғатын терең түсініп, ой жүгіртіп, ондағы адамгершілік, эстетикалық проблемалардың байыбына барады.
Әдебиеттану ғылымымен байланысы
Әдеби теориялық білім шығарманы оқып-үйрену барысында, сол туынды бойынан шығарылып, игеріледі. Көркем әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері, шығарма құрылымы, әдеби жанр түрлері, көркем шығарма тілі туралы ұғым түсініктер қалыптастырылады. Оқушыларға әдеби білім беру арқылы, оларға ақын-жазушылардың еңбектерін терең түсініп оқи білуде, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін ажырата, талдап ұғуда әдебиет теориясынан мағлұматтар жүйелі түрде берілуі тиіс. Сонда ғана оқушыларымыз көркем шығарманың мазмұны мен формасын бірлестікте қарап, оның идеялық- тақырыптық мазмұнын, образ-кейіпкерлерін, сюжетін, композициясын, тілін, жанрлық ерекшелігін, көркем шығарманың қоғамдық, көркемдік және тарихи-әлеуметтік маңызын түсініп біледі, жазушының стилін таниды.
Тіл білімімен байланысы
Көркем шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнын, оқиғаны дамыту, адам характерін ашу, күйініш-сүйінішін жеткізу, шындықпен астастыра суреттей білу т.б. барлығы тілдің күші арқылы танылады. Әл-Фараби «тіл-ойдың көрінуі, ендеше бүкіл ғылым тіл арқылы өрнектеледі, осы арқылы ғылым баяндалады, білім алынады»,-деп тілдің орнын белгілейді. Тілдің қызметі шексіз,ақын, жазушы шығармасында өзінің идеялары мен образдарын тіл арқылы бейнелейді. Тіл көркем туындының талдауға жататын құрамды элементтерінің бірі болғандықтан, жазушы тілі де кейіпкер тілі де шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашудың басты құралы болып табылады. Оқушыға көркем шығарма тілін таныту да әдістеменің міндеті.
Тарих ғылымымен байланысы
Қай халықтың болмасын көркем әдебиеті сол халықтың тарихын танытады. Мектеп бағдарламасында берілетін әдеби шығармалар тарихи – хронологиялық бірізділікпен орналастырылған. Ақын-жазушылардың өмірбаяндарын өтуде дүниеге келген кезеңдері тікелей тарихпен байланыстырылады.
Жоғары сыныптарда қазақ әдебиетінің жеке дәуірі кезеңдеріне байланысты тарихи – әдебиеттік шолу тақырыптар берілген. Бұларды түсіндіру барысында тарихи және әлеуметтік жағдайлар түсіндіріледі. Психология ғылымымен байланысы
Әдебиетті оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселелері психология ғылымымен байланыста бір-бірін толықтырып отырады. Әдебиет әдістемесі психологиялық заңдылықтарға негізделіп, ереже, қағидаларды басшылыққа алады. Әдеби білім беруде оқушылардың психологиялық ерекшеліктері есепке алынады.оқушының жалпы психикалық дамуы оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мұғалім оқушыны жүйелі түрде зерттеп, оқырмандық қызығушылықтарын анықтайды, олардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыған шығармасынқабылдау, түсіну дәрежесін саралайды. Әдебиетті оқыту арқылы жаңа психикалық қасиеттер қалыптасады, баланың дамуы, өздігінен ойлауы жоғары сатыға көтеріледі. Әдебиетті шығармашылықпен оқыту барысында ой дербестігі, оқу әрекетін, образды ойлау, қайта елестете алу қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Педагогика теориясымен байланысы
Әдебиетті оқыту әдістемесі педагогикамен әдебиет сабағындағы бүкіл оқу-тәрбиелік үрдіс және сыныптан тыс уақыттағы әдебиетке байланысты жүргізілетін жұмыстар арқылы байланысады. Көркем туындының білімдік, тәрбиелік жақтарын оқушының сана-сезіміне жеткізеді, ал жеткізу амалдарын педагогика теориясына негіздейді.
Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту, одан білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. Оқушылардың психикасы үнемі даму үстінде болады. Психиканың дамуы дегеніміз - психикалық үрдістердің уақыт барысында заңды түрде өзгеріп отыруы. Оқушының психикасының дамуында оны оқыту мен тәрбиелеудің үлкен орын алатыны белгілі. Оқушы психикасы бірқалыпты әрі дұрыс дамуы үшін дұрыс білім беру мен тәрбиелеу керектігін ғалымдар дәлелдеген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет