Әдебиет пәнінен қиын сөздер мен түсініксіз сөздерді оқыту жолдары



бет3/5
Дата07.04.2023
өлшемі57,28 Kb.
#80412
1   2   3   4   5
Байланысты:
Әдебиет пәнінен қиын сөздер мен түсініксіз сөздерді оқыту жолдары

«Көркем шығарманы талдамас бұрын оны дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек. Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер етеді» М..А. Рыбникова. Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси - әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу - негізгі міндеттердің бірі Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек [3]. 
«Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру» - деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев. Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние. 
Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз. 
Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет. 
Сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру; 
Ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу. Әдебиет - өнер, әдебиет - ұлттық қазына, асыл мұра. Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендіруде төмендегідей қағидалар басшылыққа алынған: 
1. Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы; 
2. Оның ұлттық қазына екендігі; 
3. Мәтіндердің сәйкестігі мен сабақтастығы; 
4. Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту; 
5. Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру; 
6. Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту [3].
Бұл жерде міндетті түрде оқушылардың пән бойынша іскерліктерін танытатын, жалпы іскерліктерін дамытатын шығармашылық әрекет қажет. Әдістеме аппаратының басты функциясы – көркем шығарманы қабылдатуға үйрету болғандықтан оқушы мен мұғалім арасында жүйелі байланыс орнығуы керек. Міне, осы жүйелі байланысты өз тәжірибемде қалай іске асырып жатқандығымды көрсету үшін, көркем шығарманы оқытудың қағидаларында кездесетін кейбірқиыншылықты шешудің тиімді жолдарын көрсету мақсатында «Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары.» атты тақырыпты таңдап алдым. 
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу түрлерін жіктеп ажыратамыз: 
1) көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу; 
2) таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу; 
3) іштен оқу немесе өздік оқу. Іштен оқудың оқушыны жеке, өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы маңызы ерекше зор. Ойлану, өз бетімен іздену, жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі; 
4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы; 
5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру, мәнерлі, айқын оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді; 
6) ұжымдық оқу. Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды, мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын арттыруға әсер етеді; 
7) жұптық оқу. Жұптық оқудың тиімділігі, біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады, екіншіден ұқыпты тыңдай білуге, бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді; 
8) мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі [4]. Мәнерлеп оқудың мақсаты: 
а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру; 
ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу; 
в)көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту. 
Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын. Оның ерекшелігі сол - ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлауына, толғауына, пікір айтуына ықпал жасаймын. Оқушылар көркем шығарманы оқып біткен мерзімде, ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы мазмұнын айтқызамын, өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндатамын, бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтірткіземін, ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып, «Ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі?» деген сұрақтарға жауап аламын, әр түрлі әдеби ойындарын жүргіземін.
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен мазмұндатуға икемдеу керек. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап етемін. Көркем шығарманы үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргіземін. Күрделі, түсініксіз сөздерге түсінік беремін. Мысалы: қыстау, атан, шам, ру, шариғат бұйрығы, ердің құны. Кейбір диалогтерді оқи отырып, ең басты мәселелерді түсіндіремін. 
- «Арысыңды, ендеше, арыстан жеді» (Бөжейдің сөзі). 
- «Ақ қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан қара бет?!» (Қодардың сөзі). 
Әдеби талдаудың басты мақсаты-оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады. 
Көркем шығарманы талдаудың ғылыми жүйесін жасаған әдіскер ғалымдар: Ә. Қоңыратбаев, Ә.Көшімбаев, Ә. Дайырова, Т. Ақшолақов, т.б. Көрнекті әдіскер, ғалым Төлеутай Ақшолақов көркем шығарманы талдау мәселесіне таза әдеби - эстетикалық жолмен қарауды ұсынды». Біз шәкірттерді сөз сырына бойлатуымыз керек. Бүкіл кілт - осында. Өйткені, көркем әдебиетте сөз -мазмұн да, форма да. Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле білуге үйрету - әдебиет шығармасын танытудың басты жолы. Ақын шығарма құрылымында сөздерді қандай кәдесіне жарата білген, сөз кірпіштерін қаншалықты қиыстыра қалай білген, шығарманың бүкіл бітімін қалай сомдаған, қандай жаңа поэтикалық жаңалықтар әкелген, қандай сом образдар жасаған, мұғалім осыған үнемі, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта шығармашылық тапсырмалар беру арқылы үйретіп, баулып отырса, шәкірттер өнер туындысының қадыр қасиетін танумен, астарлы сырына үңіле білумен қатар, жазушы стилін, шығарма стилін аңғарар еді. Тегінде, баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен білім алуға үйрету -ең ұтымды жол» Ахмет Байтұрсынұлы шығарма тілін ақын тілі және әншейін тіл деп жіктей келіп: «Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтылығын, тазалығын дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті, әуезді болу жағын талғайды» деп жазады. Көркем мәтінді талдаудың жолдары мен бағыттары Рәбиға Сыздықова мен Бердібай Шалабай еңбектерінде жан-жақты сараланады. Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың жолы мен жүйесін айқындайды. Көркем мәтіннің негізгі белгілеріне байласым, тұтастық және эмотивтілік жатады. Байласым-лингвистикалық ұғым, ал тұтастық-психолингвистикалық ұғым. Байласым көмегімен мәтін құрылысының феномендері талданады, ал тұтастық ұғымы арқылы мәтіннің терең қабатындағы орналасқан әрекеттері түсіндіріледі [5].
Көркем шығармаларды оқытудың тиімді де өнімді жолдарын іздеудегі әйгілі ұстаз, әдіскер Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның еңбегі зор. Әдіскер ұстаздың қаламынан М.Әуезов шығармашылығын оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазылған. «Оқулықта... талдаудың бір түрі-образдық талдау жүйесі негізге алынған». Көркем шығарманы талдау жүйесі, ең алдымен алдымен көркем туындыда жазылған, баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне назар аудартады. Мұғалімнің түсіндірме әңгімелерінен кейін, мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысу, мәтінді бөлшектерге бөліп, ат қою, әр бөліміне жоспар құру, құрылған жоспар бойынша тірек сөздерді қолданып мазмұндату, шығарманың басталуы, шығарма ішіндегі уақиғалардың байланысы, уақиғаның шарықтау шегі, шешімі айқындалады. Әр шығармадағы адам тағдыры жеке кейіпкерлер арқылы пайымдалып, іс-қимылы, мінезі, қылығы, әрекеті айқындала түседі. Кейіпкерді танытатын, айқындап, даралап беретін негізгі элементтер: портрет, іс-қимыл әрекеті, тілдік көрінісі, көркемдік детальдар, суреттеме, кейіпкерлер диалогы, жанама сипаттамалар, кейіпкердің өзара қарым-қатынасы, қақтығысы, күресі т.б. Кейіпкерді талдап, тану барысында оқушы көркем шығармадағы кейіпкердің жүйесін нақтылайды, өзара байланысын, жазушының әр кейіпкерге қандай сипаттама бергенін, портретін, кейіпкерлердің диалогтары арқылы олардың мінезін ерекшелеп айқындап, негізгі орталық тұлғаны анықтайды
Оқушы көркем мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады, сөз құдіреті мен қасиетін ұғынады. Сол себептен, ең алдымен көркем тілмен сөйлеуге талаптандыру керек. Әр сөйлемнің негізінде нақты ой, сол ойды анық, айқын кестелейтін сөз оралымдары болу керек. Күнделікті пайдаланатын тілді жақсы меңгерген баланы оны кестелеп, әдемілеп қолдануға дағдыландыру керек. Мағынасыз сөздер, шұбалаңқы сөйлемдер, айтатын ойын нақтылап беруге шорқақтық көркемдеп сөйлеуге зиянын тигізеді. Сондықтан көркемдеп сөйлеуді әр сабақта жүйелі түрде жүргізген тиімді болмақ. Көркем сөйлеу оқып отырған көркем шығармаға да тікелей байланысты. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап ету-осы көркемдеп сөйлеуге баулудың басты жолы. Көркем сөйлеудің негізгі белгілері топтар, фигуралар түрін меңгерту, теңеулер мен баламаларды сөйлемде жиі қолдану болмақ. Көркем мәтінді оқу барысында керекті дәйектемелерді ала білуге, бейнелі оралымдарды теріп алуға баулу. Көркем шығарма тілін талдауда жазушының суреткерлік шеберлігін, эстетикалық мүмкіндігі, тілдік құралдарды поэтикалық деңгейге сай қолданылуы, сөздің, фразаның құдіретін дұрыс танытады [6]. 
Сөйтіп, әдебиет методикасы дегеніміз – нақты оқу-педагогикалық процесте оқушыларға әдеби білім мен коммунистік тәрбие берудің ғылыми және тиімді жолдарын үйрететін оқу пәні. Бұл міндетті мүлткісіз орындап шығуда, бір жағынан, маркстік-лениндік әдебиет тану мен педагогика ғылымдарының табыстарына сүйенсе, екінші жағынан, мектепте әдебиетті оқыту методикасының теориялық қағида – ережелеріне және озат тәжірибеден қорытылып жинақталған практикалық маңызы бар әдіс-амалдарға сүйенеді [7].
Сайып келгенде, осылардың бәріне арқау, тірек болатын негізгі материал – көркем әдебиет. Тек осымен байланысты әдебиет сабақтарындағы және одан тыс уақыттағы оқу – тәрбиелік процесс жүзеге асырылады.
Мектептегі түрлі пәндерден оқушылар білім алумен бірге, сол пәндерге тиісті сөздерді, терминдерді игереді. Тікелей қазақ тілінен алған білімі негізінде өздерінін, сөздік қорын, сөйлеу дағдысы мен жазу шеберлігін арттырады. Сондықтан тіл мүғаліміәрбіржұмыста, білім беруде және сабақ үстінде кездесетін. қиыншылықтарды жою, болдырмау мүмкіндіктерінің алдын алады. Сонын, бірі түсініксіз сөздермен жүмыс істеу. Түсініксіз сөздерді жүйесіне қарай екі топқа бөлуге болады:
1) әдебиет материалдарына байланысты және
2) тіл материалдарына байланысты түсініксіз сөздер. Әдебиет материалдарының тақырыбы мен идеялық мәнін оқушылардын, бірден дүрыс әрі жетік түсінбеуі, көбінесе, сол тақырыптын. ауыр-жеңілдігіне, яғни таңдап алынған мәтіндегі сөйлемдердің молдығына тікелей қатысты. Сондықтан осы сияқты объектілерді түсіндіруде нақты методикалық жұмыс жүйесі талап етіледі [8].
Әдеби шығармалардан алынған текстерде түсініксіз сөздер мынадай орындарда ұшырайды:
а) мәтін ішіндегі жеке сөздер;
ә) мәтін ішіндегі сөз тіркестері;
б) мәтін ішіндегі жеке фразалық тіркестер;
г) мәтін ішіндегі идиомалық тіркестер;
ғ) мәтін ішіндегі кұрмалас сөйлем сыңарлары;
д) мәтін ішіндегі төл сөз бен автор сөзі;
е) прозалық шығармалардан алынған мәтіндегі абзацтар;
ё) поэзиялық шығармалардан алынған мәтіндегі жеке шумақтар;
ж) драмалық шығармалардан алынған диалогтық және монологтық сөйлемдер.
Мәтіндегі түсініксіз сөздерге түсініктеме беру материалды оқыту үстінде жүзеге асырылады. Мүғалім түсініксіз сөздерге түсініктемені көркем шығармалардан алған үзіндіні немесе толық түрін оқу түсында контекспен байланысты ұғындырады. Мүғалім мәтінді оқи оты-рып, түсініксіз сөздерге тоқталады [9]. Мүнда мүғалім бір сөз бен екінші сөзді, бірінші сөйлем мен екінші сөйлемді, бірінші абзац пен екінші абзацты, бірінші бөлім мен келесі бөлімді, алғашқы тарау мен келесі тарауды үнемі қадағалап, ұштастырып отырады. Қөркем шығармалардан алынған үзіндіні оқу үстінде, олардың алдымен жеңіл түрлері ғана бағдарланып, бірте-бірте ауыр объек-тілері түсіндіріледі. Оқу үстінде түсініксіз сөздерді белгілеп сөздік дәптеріне жаздырып қояды. Мәтінді толық оқып болғаннан кейін, дәптердегі жазылған немесе оқу тұсында белгіленіп қойылған сөздерге түсініктеме береді. Мәтіндегі түсініксіз свзді мағынасы сол сөзге жуық сөздер мен тіркестерге және сөйлемдерге қарсы қою арқылы түсіндіруге болады.


    1. Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту жұмыстарының тиімді жолдары

Сөз - тілдің «құрылыс материалы» болғандықтан, онсыз ешқандай тілдік қатысым әрекеті болмайды. Бұл - күрделі құбылыс. Сөзде қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің, т.б. мағыналары бейнеленеді.


Сөздің осындай қызметтеріне орай адамзат сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер арқылы ой-пікірлерін білдіре алады. Сөздер жеке тұрып қолданылмайды, олардың қызметі, мағынасы сөйлеуде және сөйлемде анық көрінеді.
Сондықтан, оқушылардың дұрыс сөйлеу, сөздерді орынды қолдануының барлығы оның сөздік қорының аз-көптігіне тікелей байланысты. Оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алады. Ал бұл мектеп оқушыларының сөздік қорын байытуға арнайы жұмыстар жүргізуді талап етеді. Оқушылардың сөздік қорын молайту жүмыстарының тиімді жолдары деп С.Рахметова мынандай бағыттарды атап көрсетеді: «Мектепте сөздік жүмысы төрт бағытта жүргізіледі:

  • Балалардың сөздігін байыту, яғни оқушыларға олар бұрынғы білмейтін жаңа сөздерді үйрету, олардың мағынасын түсіндіру;

  • Сөздіктерін анықтау, яғни бұрыннан білетін сөздерінің мағына түсініктерін тереңдете түсу (мағыналарындағы түрлі айырмашылықтарды синонимдер, антонимдер арқылы көп мағыналы, басқа мәнділіктерді талдау арқылы т.б.).

  • Сөздіктерін қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, ыңғайына қарай көбірек қосып отыру;

  • Әдеби тілге жатпайтын сөздерді түзету, сөздердің айтылуын дұрыстау;

Әрине бұл айтылған бағыттар бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі» [9]. Демек, жаңа сөздерді меңгерту, сөздік қорын молайту жүмыстары бірнеше бағыттардан тұрады және мүғалімнің арнайы дайындығын қажет етеді. Осы себептен мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту мәселесінде мұғалімнің алдында сөздік қорды молайтуға арналған лексикалық негіздердің мағынасын қалай ашып, қандай амал-тәсілдерді қолдану қажет деген сияқты сұрақтар тууы орынды. Себебі дүрыс таңдалып алынған лексикалық амал-тәсілдер мен жаттығулар жүйесі-жемісті істің нәтижелі болуының кепілі.
Сонымен, мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту, жаңа сөздерді меңгерту, сөз мағынасын ұғындыру мынандай бағыттарда жүргізіледі:

  • Оқушыларға сөз мағынасын ұғындыруға арналған лексикалық жаттығулар проблемалық ахуал сипатында болуға тиісті;

  • Оқушылардың өздері меңгерген сөз мағынасын қолдана алу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру керек [10].

Бұл амал-тәсілдер өзара бірлікте жүргізілуі тиіс, біреуі ескерілмей қалған жағдайда жұмыс нәтижелі болмайды.
Адамдар қандай сөз немесе сөйлем айтпасын, ол адамның ойымен тығыз байланысты. Себебі адам сөздің немесе сөйлемнің мағынасын біле отырып, ойланудың арқасында айтады, жүзеге асырады. Сөз мағынасын үғындыруға арналған лексикалық жаттығулар проблемалық ахуал сипатында болғаны дүрыс. Оқушыларға сөз ұғымын ұғындыру мақсатында түзілген лексикалық жаттығулар:

  • оқушының белгілі бір мөлшерде білімі;

  • өтілген тақырыптарға негізделуі

  • жаңа білімді оқушылар игерген білімдері арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында тану мүмкіндіктері;

  • оқушының жас ерекшеліктерін ескеру;

  • проблемалық сипатта, проблемалық ситуация туғызатындай жағдай жасау керек.

Оқушылар меңгерген сөз мағынасын өз бетінше жүмыс істеу кезінде дұрыс қолдана алу дағдылары мен икемдерін қалыптастыру талаптарына сай болуы керек.
Оқушылар сөз ұғымын игеру барысында:

  • ақыл-ой амалдарын меңгереді;

  • бір құбылысты екінші қүбылыспен байланыстыра салыстыру арқылы өз ойын дәлелдей алады;

  • олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көріп түсінеді, сол арқылы тіл заңдылықтарын меңгереді;

  • оқуға, білуге деген түрткісі жегіледі, істеген ісіне қанағаттанады;

  • тілген материалдарды қолдана алуды үйренеді;

  • жаңа сабақты меңгереді [11].

Жаңа сөздерді меңгерту барысында иллюстрациялық суреттерді пайдалану да өзіндік нәтижесін береді. Сурет арқылы сөз, сөйлем қүрастыруға дағдыландыру - өте тиімді әдіс. Әсіресе әр тақырыпқа іріктеліп жинақталған, тақырыптың топтама суреттердің берері мол.
Сөз тілдік қүбылыстардың бәріне де тікелей қатысты. Оқыту процесінде оқушыларға сөздің мағынасын жете түсіндіру өте қажет. Әсіресе, бастауыш сыныпта оқушыға жаңа сөзді үйрету, мағынасымен таныстыру үшін, оларға қазақ тілінің белгілі бір шамадағы сөздік қорын меңгерту үшін, жаңа сөздерді сауатты жазуға, қорыта айтқанда жаңа сөзді дүрыс қолдануға дағдыландыру керек. Сөздерді меңгерткенде де олардың жеңіл-қиындығын да ескеру керек.
Оқушыларға жаңа сөздерді меңгертуде үсталатын тағы бір басты принцип - ол сөздердің күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Жаңа сөздерді жеке дара емес, белгілі бір жағдаға байланысты тақырып ішінде қолдануға мүмкіндік жасау керек.
Бүл ойға Ахмет Байтұрсыновтың тұжырымы дәлел бола алады: «Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика зандарына үйретіп, не болмаса, сөздерді балаға үйретіп қана емес, сөзді тіршілігінде көрсету барысында ғана шешуге болады».
Профессор НОралбаева жаңа сөздерді меңгертудің тиімді жолдарын төмендегідей саралап көрсетеді:

  • жаңа сөздің мағынасын оқушыға анық түсіндіру;

  • жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету;

  • жаңа сөзді қолданыста меңгеру;

  • жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту;

  • сөздікпен жұмысқа үйрету [12].

Сондай-ақ лексикалық материалдарды оқушыға меңгерткенде ескеретін бір жайт - жеке сөз ешқашан өз бойындағы бар мүмкіншілікті толық бере алмайды. Лексикалық мағынасы бар сөздердің өзін бір мағынасымен шектеу қиын. Өйткені тіліміздегі сөздердің әрқайсысы алуан түрлі мағынаны береді.
Сөздердің тура және ауспалы мағынасын, көпмағыналы сөздерді, омоним, синоним, антоним сөздерді оқушыларға меңгерту - олардың тілінің қалыптасуына, ойын нақты, әрі көркем әсерлі жеткізулеріне, сөйлесу тілінде бірсөздің бірнеше қайталауын болдырмауға, нақтырақ айтқанда шешен сөйлеуге, ойын дәл жеткізуге ықпалын тигізеді.
Оқушыларға жаңа сөзді меңгертуде грамматикалық дағдыларды қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айта білу, сөз тіркестерін дұрыс құрастыра білу, жаңа сөздерді күнделікті қолдана білу, мағынасын меңгеру , жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құру қабілеттерін дамыту - жаңа сөздерді меңгертудің алғы шарттары болып табылады.
Құрғақ сөзді жаттай бергенше, сол сөздермен жазба жүмысын, жаттығулар жүргізген де оқушының есте сақтау қабілеті жақсы дамиды. Байланыстырып жаза білген оқушының жүйелі сөйлеу дағдысы да дүрыс қалыптасады.
Жаңа сөзді түсініп, қолдана білсе, оқушының соғұрлым сөздік қоры бай болып, ойын анық жеткізуге мүмкіндігі мол болады.
Ол үшін төмендегідей жұмыс түрлері жүргізілуі керек:

  • түсінуге қиын жекеленген сөздер, белгілі бір мәтінде кездесетін қиын сөздердің мағынасын түсіндіру;

  • қиын немесе жаңа сөздердің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету;

  • жаңа сөзді қолдану дағдысын қалыптастыру;

  • жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту;

  • сөздікпен жұмысқа үйрету.

Сөз мағынасын түсіндірудің ең бірінші тәсілі сөздік дәптерге қиын және жаңа сөздерді теріп жазып, оны үнемі оқып қайталап отырады, қатыстырып сөйлем құрайды немесе мәтін ішінде қолданып, мағынасын байланыстырады. Мұндай әрекет оқушының жаңа сөзді меңгеруіне, сөздің мағынасын және жазылуын еске сақтап отыруына мүмкіндік туғызады [13].
Жаңа сөзді меңгертудің енді бір тәсілі - заттың өзі немесе заттың суреті көрсетіледі және синоним сөздер пайдаланылады, кейде сипаттамалы түсіндіру тәсілі қолданылады.
Сабақта жаңа сөздерді жеке дара қолданып түсіндіргеннен гөрі мәтін ішінде қолданған орынды.
Жаңа сөздің мағынасын анықтап, оны басқа сөзбен ауыстыру, оның грамматикалық тұлғаларын ажырата білу жаттығуларын жүргізген де орынды. Ол оқушылардың ойын көркем сөзбен жеткізе білуге баулыйды.
Сондай-ақ жаңа сөздерді меңгерту барысында шешендік сөздерді оқып үйретудің де мәні зор, мақал-мәтел, өлең, жүмбақ, жаңылтпаш түрлерін де пайдалануға болады. Мысалы 5-6 сыныптарда ойын элементтеріне сүйенуге болады.
Ойын - жаттығулар да оқушылардың жаңа сөздерді толық меңгеруіне, алған білімдерін бекітулеріне септігін тигізеді. Сондай-ақ ойын жаттығулар арқылы оқушы өздігіне жүмыс істуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры байиды.
“Сөзтізбе”, ребус, жаңа сөзге қатысы бар сурет, аяқталмаған сөйлем, т.б. қатыстырып қолданатын әр түрлі ойын сабақтарды үйымдастыруға болады. Ойын элементтерін пайдалану әрі оқушыны сергітеді, ой-өрісін кеңейтеді, жаңа тақырыпты меңгеруіне де септігін тигізеді. Ойын тәсілдерінің тиімділігі жаңа сөздерді жеңіл меңгеруіне ықпал етеді.
Сөздік диктант - жаңа сөздерді оқушы есінде қалдырудың ең тиімді жолы. Оны төмендегідей тәсілдер арқылы жүргізген тиімді:
Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды, дәптерлеріне жазғызады.
Мәтін ішіне таныс емес сөздерді теріп жазғызады.
Тақтаға жаңа сөзді қолдана отырып сөйлем құрайды.
Жаңа сөздерді мағыналас сөздермен ауыстырады немесе антонимін табады.
Мұндай тәсілдерді қолдану оқушының есіне жаңа сөздерді сақтауын мүмкіндік береді.
Сонымен жаңа сөздерді оқушыға меңгерту дегеніміз - сөздердің лексикалық тұлғасының тізімін жалаң түрде үйрету ғана емес, сондай-ақ үйренген сөздерін сөйлем ішінде қолдана білу. Ол үшін үйге мынандай тапсырмалар беруге болады:
Түбір күйінде берілген сөздермен сөйлем құрату;
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жаздыру;
Сұрақ-жауап арқылы сөйлем құрату;
Орындары ауыстырылып қолданған сөздер арқылы сөйлем құрату;
Оқыған мәтіннен жаңа сөздерді тауып, мағынасын түсінуіне ықпал жасау;
Жаңа сөздерді пайдаланып, мәтін құрастыру;
Сөйлемдерді мағынасына, мазмұнына сәйкес аяқтап жаздыру.
Жаңа сөздерді меңгерту үшін арнайы жаттығуларды орындатуға болады. Ондай жаттығулардың мақсаты: сөз мағыналарына талдау жүргізу; сол арқылы оқушының сөздік қорын байыту; оларға өз ойын жеткізуде дүрыс қолдану амалдарын меңгерту; жазбаша тілдік қатынасты игерту.
1-жаттығу. Берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз. (Астына жаңа сөздер, яғни тірек сөздерді беруге болады).
Мысалы, бұйым -зат. Есік қаласының маңынан табылған алтын... маңызы ерекше.
2-жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстырып бірнеше сөз тіркесін құраңдар: бұйым, таңба, т.б. (сөздер сол уақытта өтілген тақырыппен тығыз байланысты болуы керек).
3-жаттығу тақтаға жазылған сөздерді мүқият оқы. Көшіріп, олар мен сөз тіркесін құрап жаз.
4-жаттығу. Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құра.
Бұл жаттығулардың ұтымдылығы: жаңа сөздердің мағынасын жете меңгере отырып, өз ойын нақты және дұрыс жеткізуге, жаңа сөздерді дүрыс, өз мағынасында қолдана білуге жаттығады. Сөздік қоры молаяды, меңгерген сөздердің белсенді сөздік қорға айналуын іске асырады.
Жаңа сөздердің, лексеманың есте сақталуын қамтамасыз ету, әр сабақ сайын олардың білім деңгейін тереңдету мақсатында сөздердің синонимдік қатары қоса беріліп, қолдану машығындағы айырмашылықтарын түсіндіру - оқушының ойын дәл, анық жеткізуіне, сөздерді тауып қолдана білуіне, мәдениетті сөйлеуіне, сөздік қорының толығуына тигізетін ықпалы мол.
Оқушыларға теориялық білім беруде көбінесе шешендік сөздер, нақыл сөздер, қанатты сөздер жеке дара жіктеліп оқушылардың талдауына ұсынылып отырылуы керек. Бұл жұмыс түрлері оқушылардың дипломатиялық іскерлік әрекеттерін, тұжырымды және шешен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда ерекше роль атқарды [14].
Ал жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, айтыс сияқты тағылым түрлері оқушылардың сөздік қорын молайтуда, ойлау қабілетін дамытуда, байланыстырып мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда таптырмайтын дидактикалық материалдар бола алады. Шешендік сөздер, нақыл сөздер, қанатты сөздерде оқушыға таныс емес сөздер мол. Сондықтан осы аталған тағылым түрлерін әр пән мүғалімі өзінің күнтізбелік жоспарындағы сағаттар санына сәйкестеп жіктеп бөлгені дұрыс.
Ғылыми ізденіс барысында лингвистика саласындағы оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға тілді меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік саралау технологиясы - жеке тұлғаның дамуының ірге тасы, оқу әрекеті құрылымының жаңа тәсілі. Ол бастауыш сынып мүғалімдерінің жұмыстарына серпіліс, шығармашылық пен ізденісті талап етеді.
Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да, мүғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Лексикалық тақырыпты оқытуда деңгейлік тапсырмалар маңызды рөл атқарады. Оқушының тақырыпты жете түсініп, терең меңгеруі үшін әр деңгейде берілетін тапсырмалар өзіндік мәнге иеЛапсырмалар жеңіл қарапайым түрде ұйымдастырылады да күрделене береді. Әр деңгейдегі тапсырмаларға қойылатын талаптардың да өзіндік айырмашылығы бар.Ф.Ш.Оразбаева, Н.Х.Шадиеваның деңгейлік тапсырмаларға байланысты, деңгейлік тапсырмалардың маңыздылығы, тиімділігі жайлы бірнеше еңбектері бар.
Жоғары да айтып өткеніміздей, жаңа сөзді таныстыру үшін ең алдымен оның мағынасын түсіндіріп, меңгерту қажет. Синоним, омоним, антонимдерді қолдану, мағынасын түсіндіру арқылы да белгілі нәтижеге қол жеткіземіз.
Лингвистер тілдік синонимдердің стильдік мәнінің ерекшелігін атап көрсетеді. Тілдің ойды жеткізудегі икемділігі, бейнелілігі мен мәнерлілігі синоним сөздерге байланысты деп анықтайды. «Бір ұғымды айтып, не жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сүрыптап қолдану қажет. Бұл ретте тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады», - дейді ғалымдар. Синонимдердің мағынасын ашу арқылы да оқушыларға жаңа сөздерді меңгертеміз [15].
Жаңа сөздерді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгертудің тиімді жақтары мыналар:

  • жаңа сөздерді тез меңгереді, әрі оқушы өздігінен жүмыс істеуге дағдыланады;

  • оқушының жеке қабілеті айқындалады;

  • іштей бір-біріне қалыспауға тырысады, сондықтан жаңа сөздерді де тез қабылдайды;

  • тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;

  • әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады.

Сонымен, оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту, сөздік қорын байыту - тіл дамытудағы ең маңызды жұмыс. Сондықтан сабақты түрлендіріп отыру қажет. Ал бүл мүғалімнің шеберлігін қажет етеді, әрі мүғалімнің шығармашылықпен еңбек етуін талап етеді. Яғни бүл үрдіс арқылы оқушылардың тілін жетілдіруге жағдай жасалынады.
Сабақты түрлендіру олардың жаңа сабаққа, жаңалықты үйренуіне қызығушылығын арттырады.
Әдіскер ғалым К.Ақбаева шәкірттердің сөздік қорын молайту жөнінде тәжірибелі мүғалімдердің әр алуан әдістерінің қорытындысы ретінде қазіргі қазақ тілінің оқыту әдістемесі:

  • сөздік жұмысын жүргізу арқылы тіл үстарту;

  • мәтінді оқумен байланысты тіл ұстарту;

  • көрнекі құралдар пайдалану арқылы тіл ұстарту деген әдістерге негізделетінін айтады.

Демек, жаңа сөздерді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгертудің басты ерекшелігі - білім беру, оқыту, үйрету процесін топтап, жіктеп бөледі. Әрбір деңгейдің өзінің лексика-грамматикалық минимумы болады. Деңгейлік тапсырмалар оқушының жаңа сөздерді тез меңгеруіне септігін тигізеді.. Оқулықтағы жаттығулар өтілген ереже бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жүмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жүмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар жүйесіне мәтіндер, кроссворд, қызықты грамматика, тестік сүрақтар, оқушыны ойландырып, іздендірілетін іскерлік ойындар мен тренингер жүйесі қамтылады. Оқытудың деңгейіне сәйкес, оқушыны дифференциалды оқытуға ыңғайлы, оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Бірінші деңгейдегі тапсырмалар бойынша жаттап алуға лайықты, өткен сабақтарда меңгерген білімдерін пысықтауға бағытталған болуы керек. Бірінші деңгейде жаттап алуға ыңғайлы қысқа, түсінуге қолайлы тапсырмалар беріледі.
Екінші деңгейде өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар беріледі. Оқушының сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар беріледі. Тірек сөздер арқылы сөйлемдер жазады, екі бағандағы сөздерді сәйкестендіреді. Оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіретін тапсырмалар беріледі.
Үшінші деңгейлік тапсырмаларда танымдық-іздену тапсырмалар орындау арқылы оқушы өз тұжырымын жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушының өзі сөздіктерді пайдаланып, сөз мағыналарын талдауға, мәтінді оқып, сөз мағыналарын өз бетінше түсінуге машықтанады.Төртінші деңгейлік тапсырмаларды да беруге болады. Ол күрделі болады, жаңа сөздердің мағыналарына арнап мәтін құрастырады, жаңа сөздерді пайдаланып сөйлем қүрастырады, шығарма жазады [16].
Сонымен қортындылай келгенде, жаңа технологиялар арқылы шешендік өнерді меңгерту оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен, мүғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызуымен, оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен, ғылыми- теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен тиімді. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлеу - ғалымдар мен тәжірибелі үстаздардың бірлесе отырып атқаратын ісі.



    1. Әдебиет сабағындағы сөздік жұмысының маңызы

Әдебиет сабақтарында көркем мәтінді үйренуге байланысты жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының ішінде сөздік жұмысы басты орын алады. Өйткені әдебиет сабақтарында көркем мәтінді оқып үйренуге тіл дамыту жұмыстарының түпкі мақсаты оқушылардың ауыша тіл байлығын арттыру десек, ол ең алдымен, баланың сөздік қорын молайту арқылы жүзеге асырылады. Мектеп оқушыларының ауызша, жазбаша тілі кедей, сөйлемдері құрылымы жағынан жұпыны болып келеді. Осындай кемшіліктердің болуы неге байланысты деген сұрақтар туындайды. Әрине, мұндай кемшіліктердің әр түрлі себептері болады.


Бұл себептердің бірі түрлі жолмен келіп қосылған сөздерді оқушылар сөйлегенде, жазғанда орынды пайдалану білу үшін мұғалім тарапынан болатын үйрету жұмыстарынң сапасы төмендігінен деуге болады. Мұғалім қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жүргізілетін сөздік жұмысы, көркем мәтінді ауызша, жазбаша мазмұндату, ойтолғау, шығарма жаздырту, іс қағаздарының түрлерін орындату сияқты көптеген жұмыстардың барысында іске асырылады. Сөздік жұмыс көркем мәтінде кездесетін түсінігі ауыр сөздерді синонимдері, антонимдері арқылы түсіндіруге көңіл бөлу қажет. Ол үшін мұғалім сабақта талданатын шығарманың сөздігін жасап, ол сөздерді рет-ретімен тізіп тәртіпке келтіру керек. Олардың қатарында шығарма мазмұнын түсіндіру үшін қажетті сөздер, фразеологиялық сөз тіркестер, мақал- мәтел, көркемдегіш сөздер және әр түрлі түсінігі ауыр сөздер мен жаңа ұғымды білдіретін сөздер болуға тиіс. Жеке сөздерге түсінік бергенде оларды даралап ұғындырмай, шығарманың тақырыбы мен идеясын, көркемдік қасиетін таныту мақсатымен өзектестіре отырған дұрыс. Сөйтіп, сөздік жұмысы кейде оқушылардың әдебиеттен алатын әдеби теориялық ұғымдарын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі [17].
Сөздік жұмысын сабақ мақсатында бөліп алып, сөз мағынасын оқушыларға жекелеп түсіндіруге де болады. Мұндай жағдайда сөздік дәптер көлем жағынан толықсығанмен, оның барлығы оқушы қажетін өтейтін сөздер болмайды. Сөздік жұмысының мақсаты оқушылардың молайту болып табылады. Сөздік жұмысын анда- санда немесе түсінігі қиын жеке сөздер төңірегіде ғана қолданбай шығарманы талдату сабақтарында үзбей қолдану қажет. Оқушылардың сөздік қорын толықтыру жұмыстары көркем шығарманың тақырыбын, мазмұнын, көркемдік ерекшілігін таныту жұмыстарымен ұштастырыла жүргізіледі. Бұл сөздік жұмысын оқушыларға әдебиет теориясынан берілетін білім дағдыларын да есепке ала отырып жүргізу деген сөз. Сөздік жұмысын үнемі бірқалыпта жүргізуден оқушы жалығады. Сол себепті оны мүмкін болғанша күрделендіріп отырған жөн. Сондай тәсілдердің бірі- оқушыларға мәтінде мағынасы көмескілеу болып жүрген сөздердің синонимдері мен антонимдерін тапқызу болып есептеледі. Осындай тапсырмалардың нәтижесінде оқушылар мәтін сөздігін жете түсінуге, тіліміздегі мағыналас немесе қарсы мағынадағы сөздермен жете танысады. Мысалы, Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесінде еңіреп қоя беру,өкіріп қоя беру, өксігін баспау сияқты сөз тіркестерінің түп мағынасы жылау болғанымен, олардың әрқайсысы жылаудың түрлерін білдіреді. Ал олардың арасындағы азды- көпті айырмашылығы оқушылар сол үшеуін бір- бірімен салыстыру арқылы ажырата алады. Яғни, оқушы осы тапсырмалар арқылы жаттығады. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын арттыра келе қимыл, қозғалысты білдіретін тіліміздегі сөздердің бірсыпырасы адамның ішкі жан дүниесін, көңіл күйін білдіретіндігін оқушыларға таныту міндеті қойылады.
Кейіпкерлердің көңіл күйі көркем шығармада диалаг, монолог, автор сөзі, табиғат көріністері және адамның қимыл- әрекеттерін, ішкі сырын білдіретін жеке сөздер арқылы беріледі. Осындай сөздерді оқушыларға мәтіннен тапқызып, мағыналық айырмашылықтарын таныту керек. Олардың мәнін түсіндіргенде, басқа сөздермен байланыстыра отырып қарастырған жөн.
Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:
Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде;
Шығарманы оқу барысында;
Оқып болғаннан кейін.
Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Сөздік жұмысын оқып келе жатқан материалды үзіп тастап жүргізу оқушының зейінін алаңдатып, мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді де, балалардың бірқатары онан әрі оқылған материалды тыңдамайды.Ал өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді. Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды. Оқушылардың ойын, тілін дамытуда синоним сөздерді пайдалануға үйрету керек.
Сөздік жұмысын жүргізгенде мұғалімнің есінде болатын жағдай — сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімей байланыстыру.
Сөздік жұмысын түрлендіріп жүргізуге болады: (INSERT стратегиясы)
«+» — жаңа білдім
«-» — білмедім
«?» — мен үшін жаңалық
«V» — білемін.
Шығарманы оқу.
Мұнда көпшілік мұғалім шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса, оны әуелі өзі дауыстап оқып шығады немесе балаларға оқытады. Шығарма бірінші рет оқылғанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Егер бөлініп оқылса, балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны жақсы. Шығарманың мазмұнын оқушылар жақсы түсінуі үшін, оны мәнерлеп, дұрыс оқи алатын балаға оқытады. Бірақ әсіресе ырғағы қиын немесе жолдары ұзақ, бала демі жетіңкіремейтін өлеңдер, көркем фразалар мен сөз өрнектері кездесетін шығармаларды мұғалімнің өзі оқығаны жөн.
Мәтінді оқушыларға бөліп оқытқанда оны кез келген жерден үзбей, әр бөлімді, белгілі бір аяқталған ойды білдіретін бөлімдерін, кезекпен біршене бала оқығаны жөн.
Шығарманы бір рет тұтас оқып шыққанда балаларда жалпы ұғым ғана қалыптасады. Бірақ қайталап оқуға кіріспес бұрын оқушылардың мәтінді алғашқы қабылдау дәрежесін тексеріп алған дұрыс. Мұғалім мәтіндегі негізгі деректі анықтау үшін екі-үш сұрақ қояды. Жауаптарына қарай, әңгіменің қай жері күштірек әсер етті, баланың ой жүрісі қандай бағытта т.с.с. анықтайды.
Шығармаға жоспар жасау.
Жоспар шығарманың мазмұнын көрсететін оқиғалар жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады:
Әңгімені бөлімдерге бөлу;
Бөлімдерге ат қою. Оны тәртіппен жазу.
Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлу үшін, ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды.
Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та терең түсінуге мүмкіндік жасайды. Бөлімдерге белу процесі шығарманы бір рет тұтас оқып шыққаннан кейін, қайталап оқу кезінде іске асады. Жоспар кейде қкорытынды әңгіме кезінде жасалады, кейде оны жасап келуді үйге де талсыруға болады.
Кез келген шығармаға жоспар жасай берудің кажеті жоқ. Бастауыш сыныпта жоспар жасаудың жай түрі ғана үйретіледі. Мысалы, 2-сыныптағы «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесіне мынадай жоспар жасауға болады:
Балалар мектепке ағылып келіп жатты.
Кенет қоңырау соғылды.
Бөлмеге ақ сары адам кірді.
Ыбырай атаның әңгімесі.
Мұндай жағдайда мұғалім тек «Бұл бөлімде не жөнінде айтылады?» деген сияқты сұрақтар арқылы балаларға бағыт қана беріп отырады. Мысалы, оқулықта: М.Гумердің «Бақшада» әңгімесі берілген. Әңгіме әрі сюжетті, әрі танымдық мәні жоғары. Оқушылар осы әңгімені оқи отырып, әрі не жайында айтылғанын аңғарады да, соған орай, бөлімдерге бөледі, бөлімге ат қояды: 1. Балалардың кездесуі. 2. Олардың бақшаға баруы. 3. Картоп өскен жер. 4. Қоңыр дақ басқан картоп жапырағы. 5. Балалар Кәрім ағамен кездесті. 6. Кәрім ағайдың әңгімесі. 7. Балалардың риза болуы.
Алайда шығарманы бөлімге бөліп оқыған сайын әр бөлімге ат қоя беруге болмайды. Өйткені шығармаға ат қою – күрделі жұмыс, көп ойлауды қажет етеді. Сондықтан қай материалға жоспар жасау керек, қайсыларын бөлімге бөліп, бірақ ат қойғызбай-ақ оқытуға болады, қайсыларын оқушылар өздері бөлімге бөледі, қайсыларын мұғалімнің көмегімен бөледі – олардың барлығын мұғалім алдын ала ойластырады.
Жоспар немесе бөлімдерге ат қою хабарлы сөйлем түрінде, кейін бірте-бірте сұраулы сөйлем түрінде айтылады.
Оқыған шығарманың мазмұнын айту.
Шығарманың жоспарын жасау мазмұнын айтумен тығыз байланысты. Оқылғанның мазмұнын жүйелі, байланысты түрде айтып беру сияқты синтетикалық жаттығудың үлкен мәні бар. Оқушының баяндау барысынан шығарманы қаншалықты түсінгендігін байқауға болады.
5-сыныпта мысал өлең, мақал- мәтелдердің тұсында да жүргізуге болады. Мысалы, А.Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысал өлеңінде, «Боламын сонау мен де өгіздей», «Әлін білмес әлек» тәрізді тармақтары, сол сияқты, «Аяз би» ертегісіндегі «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл!» деген афоризмге айналған сөздер бар. Әр мәтіндегі істің, қимылдың сыр- сипатын жинақтап, қорытып берген түйінді жолдарды тапқызудың өзі де сол шығарманың тақырыбын, идеясын түсіндіруге жетелесе екіншіден, олар оқушылардың сөйлеу, жазу тіліне де әсер бар.
Мұндай сөздер көркем шығармалардың бойындағы нақыл сөздер. Ел аузында жаттанды болып кеткен сөздерді оқушылардың өздеріне іздетіп тапқызуға да болады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың халықтық мәдени мұрасы, түрлі сөз маржандарын өз бетімен іздеп тауып, күнделікті қажетіне жарату дағдыларын қалыптастырады. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттырады. Әдебиет сабақтарында көркем мәтінді үйренуге байланысты жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының ішінде сөздік жұмысы оқушылардың ауызша және жазбаша тіл байлығын арттыруда маңызы өте зор.
Көркем мәтіндердің тақырыбы мен идеялық мәні оқушылардың бірден дұрыс және жетік түсінбеуі, көбінесе сол тақырыптың ауыр- жеңілдігіне, яғни таңдап алынған мәтіндердегі сөйлемдердің молдығына тікелей қатысты болады. Сондықтан да осы сияқты нысандарды түсіндіруде, нақтылы әдістемелік жұмыс жүйесі талап етіледі.
Мәтіндегі түсініксіз сөздерді игерту оқу және сабақ үдерісінің әр басқышында іске асырылады. Сондықтан да мәтін материалдарын оқыту үстінде түсініксіз сөздер мен жұмыс істеу мәтін оқу алдында, оқу тұсында және оқып болғаннан соң алып барылады. Осы тұста тіл мен әдебиеттің байланыстылығы айқындалады. Әдеби мәтіндерде кездесетін сөздердің мағыналық және тілдік мәні еске түсіріліп, оған талдау жасалады.
Мәтіндегі түсініксіз сөздерге түсініктеме беру материалды оқыту үстінде жүзеге асырылады. Мұғалім түсініксіз сөздерге түсініктемені көркем шығармалардан алған үзіндіні немесе толық түрін оқу тұсында контекспен байланысты ұғындырылады. Мұнда мұғалім бір сөз бен екінші сөзді, бір сөйлем мен екінші сөйлемді, бірінші қайырым мен екінші қайырымды, бірінші бөлім мен келесі бөлімді, алғашқы тарау мен келесі тарауды үнемі қадағалап ұштастырып отырады. Көркем шығармалардан алынған үзіндіні оқу үстінде олардың алдымен жеңіл түрлері ғана бағдарланып, бірте-бірте ауыр нысандар түсіндіріледі.
Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түсіндіру мәтінді оқып болғаннан соң іске асырылады. Мәселен, мәтінді мұғалім белгілейді де, оны оқушыға іштей оқуды тапсырады. Оқу үстінде түсініксіз сөздерді белгілеп, сөздік дәптеріне жаздырып қояды. Мәтінді толық оқып болғаннан кейін, дәптердегі жазылған немесе оқу тұсында белгілеп қойылған сөздерге түсініктеме беру жұмысын жүргізеді. Мәтіндегі түсініксіз сөздің мағынасы сол сөзге жуық сөздер мен тіркестерге және сөйлемдерге қарсы қою арқылы түсіндіруге болады. Айталық, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген нәфрәтлі, ғибратлы, ақын-мизам сияқты сөздер кездеседі. Нәфрәтлі – сөзін үлгілі, өнеге, ақын мизам- сөзін таразы, өлшеуіш деген ұғындырған абзал. «Қансонарда бүркінші шығады аңға» деген өлеңінде мына тәрізді түсініксіз сөздер ұшырайды: ғанибет, аңдағанда. Ғанибет – қызық, тамаша, көңіл көтеру мағынасында қолданылады да, ал аңдағанда болса, ол сөз түлкінің ізіне түсушілердің жүріс бағыты мағынасында жұмсалған деп бағдарланған [18].
Сөздердің синонимін табу жолымен түсіндіру; Мәселен, келбет сөзінің мағынасын ашу қиынға соғады. Себебі конкрет-абстракт сөз аралығын айыра алмау жағдаяттары кездеседі. Сондықтан бұл сөздерді дәл түсіндіру үшін сапалық сын есімдерге жалғап, тіркестіре отырып мағынасын анықтаған жөн.
«Қайтқанда» тарауын оқытуда төмендегідей тәсілдерді пайдалануға болады. Бұл кешенді талдаудың бір кезеңі ғана болғандықтан, оған толық бір сабақ арнамаймыз. Тек әрбір сабақта қолданылатын фрагменттер, үзінді сәттер ғана көрсетіледі.
А) Оқушыларға мәтіннен үзінді ұсынылады. Тапсырма жеңілден күрделіге қарай қағидаты бойынша ұсынылады.
Тапсырмалар түрі
1) Мәндес сөздердің астын сызып көрсетіңіз.
2) Мәндес сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп жазыңыз.
3) Мәндес сөздерді жасалу жолына қарай топтастырыңыз.
4) Мәтіндегі асты сызылған сөздерді басқа мәндес сөздермен алмастырыңыз.
5) Мәтінде берілген синоним сөздердің қатарын басқа да мағынасы жуық сөздермен толықтырыңыз.
6) Тұрақты тіркесті синонимдерді табыңыз.
7) Сыңарлары мәндес немесе өзара мағыналас қос сөзді синонимдерді табыңыз.
8) Плеоназмдық қолданыстағы синонимдердің астын сызып көрсетіңіз.
9) Синоним сөздердің қолданылу тәсілі мен мақсатын анықтаңыз.
10) Мәндес сөздер тобын шығарманың идеялық мазмұнымен бірлікте талдаңыз.
В) Мәтіндегі синонимдерге байланысты төрт топқа тест, сөзжұмбақ, ребус құрастырғызамын. Сосын жұмыстарын өзара алмаса отырып шешеді де, нәтижесін өздері тексереді. Бұл арада Қ.Бітібаеваның «өзін-өзі бағалау технологиясы» қолданылады.
С) Топ үшке бөлінеді. Үш қатар шығармадағы синонимдерді айтып жарысады. Мәселен: 1 сотқар 2 тентек 3 бұзақы
Д) Шығарма мазмұнын ашатын тұсты немесе бір оқиға бағаланатын эпизодты тек синоним сөздермен ғана айтуға дағдыландыру. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда», «Шытырманда» тарауларын мектеп оқушыларына оқыту барысында тікелей мәтінмен жұмыс жүргіздік.
Оқушылардың әр 10 минут уақытын тек синоним сөздерге арналды. Сол сәтте оқушылар өздерінің түсінбеген сөздерін сөздіктен қарап, онымен мағыналас сөздерді іздеп біршама жұмыс жүргізді. Бұл олардың шығарманы толығымен түсініп оқуына негіз болды. Әрі көзбен көрген нәрсенің ұмытылмайтыны белгілі. Оқушылар мәндес сөздерді біршама меңгеріп алды. Сабақта синонимдерді табу үшін жоғарыда ойындар қоса қолданылып, оқушылардың сабақ тақырыбын тез арада қабылдауына, «Абай жолындай» күрделі де көркем туындыны жеңіл түсінуіне бірден-бір ықпал етті. Сөйтіп шығармадағы синоним сөздермен жұмыс жасаудың тиімділігіне көз жеткіздік. Көркем сөздің кестесін аса келісті өрнектейтін М.Әуезов шығармасының тілі бай. Бұндағы әрбір мәндес сөз халық тілінің қатынасы болса, оны меңгере білу ұрпақ парызы екені анық.
Сонымен, көркем шығармада синонимдерді, мәндес сөздерді қолдануда көп мән бар. Олар сөз төркінін, сөздің мән – мағынасын, күллі қырын танып, орнымен, қолданған жерде шығарманы ажарлап, әрлендіріп, көріктендіріп жібереді [20].
Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасауы үшін тиімді әдістердің бірі – интерактивтік әдіс. Интерактивтік әдіс бір уақытта бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді. Ол ең алдымен қатысымдық іскерлік пен дағдыны дамытады.
Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде ойын түрінде ұйымдастыру жақсы нәтиже береді.
Баланың дербес мүмкіндігін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына мүмкіндік туғызатын, өз ойын ортаға салып, мәтін құруға үйренуге мүмкіндік жасайтын әдістің бірі – ұжымдық әдіс. Оқытудың ұжымдық түрі балаларға бір мақсатта бірігіп жұмыс істеуіне, қиындықты бірге шешуіне жағдай жасайды. Ұжымдық оқытудың негізін салған В.К.Дьяченко «Білім саласындағы тоқыраудан шығу үшін жоғары сапалы жаңа оқыту әдісі ұжымдық әдісіне көшу керек» деп жазады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет