Зерттеу мақсаты. Әдебиет пәнінен қиын сөздер мен түсініксіз сөздерді оқыту жолдарын талдау.
Міндеттері:
Түсініксіз сөздерді меңгерту тәсілдерін қарастыру;
Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту жұмыстарының тиімді жолдарын анықтау;
Әдебиет сабағындағы сөздік жұмысының маңызын талдау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі – ғалымдардың әдеби тіл нормалары мен сөз мәдениетіне қатысты тұжырымдары, тіл туралы заң, ереже, қағидалар болып табылады.
Зерттеудің әдістері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.
Зерттеудің ғылыми теориялық және практикалық мәні. Жұмыс нәтижелері лингвистикалық теория мен әдеби тіл нормаларын зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердегі оқулық, оқу құралдарын жазуға пайдалануға болады.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Түсініксіз сөздерді меңгерту тәсілдері
Әдебиет методикасы – педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері педагогикалық процесс, яғни мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбиелік процестегі өз ара қарым-қатысы болып табылады [1]. Демек, әдебиеттік материалдарды оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім мен коммунистік тәрбие беру жөніндегі туатын заңдылықтарды қарастырады. Бұл мақсат-міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда, сөз жоқ, педагогика ғылымының, оның теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет методикасы педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін өз шеңберінде ғана алып баяндайды.
Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын көптеген негізгі және көмекші әдістер бар. Бұлардың кейбіреулері барлық оқу пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысалы, көркем сөз текстін мәнерлеп оқу, түсініктеме бере, талдау жасай отырып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі вариантта ауызша мазмұндау т.б.
Енді әдебиетті оқытуда қолданылатын кейбір әдіс-амалдарға қысқаша тоқталу, олардың әдебиетті оқып үуренудің қандай мәселелерімен байланысты қолданылатынын әңгімелейік. Алдымен баяндау әдісіне тоқталайық. Бұл – әдебиетті оқытуда қолданылатын негізгі әдістердің бірі. Әдебиет сабақтарында баяндау әдісі арқылы ірілі-ұсақты көптеген мәселелер (оқу материалдары) түсіндіріледі.
Әдебиетті оқытуда қолданылатын сұрақ-жауап түріндегі әңгіме әдісіне келсек, бұл да әдебиет сабақтарында жиі кездесетін негізгі әдістердің бірі. Мысалы, бұрын өтілген материал мен жаңа өтілген матеиалды қайталап пысықтап бекіту, қорыту оқылған шығарманың мазмұнын қаншалықты ұққандығын байқау, шығарманы талдау, ауызша, жазбаша тіл дамыту сияқты жұмыстармен байланысты қолданылып отырады. Бұл IV-X кластардың бәрінде қолданылады.
Әдебиетті оқытуда қолданылатын тағы бір әдіс бар, ол – көркем сөз тексін мәнерлеп оқу әдісі. Бұл әдісте әдебиет сабақтарында әсіресе IV- VII сыныптарда, көбірек қолданылады. Мысалы, көлемі шағын шығармаларды (қысқа өлең-жырлар, әңгімелер, үзінділер, мысал өлеңдер т.б.), ақын, жазушының өмірбаяны мен творчестволық жолын айқын түсінуге көмектесетін шығарма тексттерін, сондай-ақ жоғары кластарда тарихи-әдеби шолуларды өткенде, дәуір әдебиетінің өзгешелік сыр-сипатын түсінуге жәрдемі тиетін үзінділерді т.б. мәнерлеп оқу. Ретіне қарай тексты мұғалім де, оқушыларда кітап бойынша да, қажеттілігіне қарай жатқа да мәнерлеп оқиды.
Әдебиетті оқытуда қолданылатын ендігі бір әдіс – түсініктеме бере отырып оқу әдісі. Бұл әдіс көлемі шағын шығармаларды немесе қысқа үзінділерді текстің мазмұн жігіне қарай бөліп оқи отырып, жол-жөнекей талдау жасап отыру мақсатымен қолданылады. Бұл әдіс көбінесе IV- VI кластарға қолайлы [2].
Әдебиетті оқытуды қолданылатын негізгі әдістің бірі - лексикалық әдіс. Бұл әдіс негізінен ІХ-Х кластарда қолданылады. Алайда ретті жерінде VIII класта да қолданылады. Мысалы, тарихи-әдеби шолулар, ақын, жазушының өмірі мен творчестволық қызметіне сипаттама, әдебиеттің тарихы мен теориясына байланысты мәселелерді жинақтар қорту, көркем шағарманы талдау т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |