Әдебиет сабағында жаңа технологияны қолданудың мақсаттары мен міндеттері:
Соңғы жылдардағы әдебиеттерден білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын 50-астам оқыту технологиясы пайдаланылып жүр. Бұл оқыту технологиялардың бәрі де – оқытуда белгілі бір нәтижеге жету мақсатын, яғни оқытуды кепілді нәтиже беретін өндірістік- технологиялық үрдіске айналдыру мақсатын көздеуден туындаған оқыту технологиялары болып табылады. Осы оқу үрдісін “технологияландыру” мәселесіне орай педагогика ғылымының лексиконына “педагогикалық технология, “оқыту технологиясы”, “білім берудегі технология” ұғымдары енді.
Әдебиет сабақтарында қиын сөздер мен түсініксіз сөздерді оқыту шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Сондай-ақ, жаңа оқыту технологияларын әдебиет сабақтарында қолдану оқушыларға мынандай мүмкіндік береді:
1.Мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім игеру қызметін өздері басқаруға;
2. Білім қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
3.Жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;
4. Білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз, дербес атқаруға;
5.Құр мәлімет алумен шектелмей әсерлі сабақтар барысында өз пікірін ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргізуге;
6. Ой өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін-өздері тәрбиелеп дамытуға;
7.Сабақтың сапасын арттырып, балалардың таным белсенділігі мен дербестігін арттыруға ықпалын жоғарлатуда.
Әдебиет сабағындағы сөздік жұмысына жазылуы қиын сөздер мен екі түрлі жазылу қаупі бар сөздерді де жазғызған орынды болады. Мұғалімнің басты мақсаты балаларды ойлауға, шығармашылдық ізденуге баулу болса,мұның өзі оқушыларды жаңа сөзбен таныстыру жұмысында да ескерілуі тиіс және әрбір сабақта оқушылардын қай сөзді түсінбегенін,қандай жаңа сөз кездестіргенін сұрап отырған жөн.
Сол сияқты бір оқушыға түсініксіз көрінген сөзді әуелі оқушылар талқысына салған ұтымды, Мұның өзі балалардың белсенділігін арттырады. Түсініксіз сөздерді тақтаға жазып,оны оқушылардың сөздік дәптерлеріне дұрыс көшіруін кадағалап отыру керек.
Сабақ үстінде сыныптан тыс оқуда үйретілген сөздерді оқушылардын сабақ айтқан уақытында кірістіруін талап етіп,ауызша берген жауапқа ғана қанағат етпей, тақтаға жаздырып, қалай жазылатынын да үзбей тексерген орынды.
Сонымен қорытындылай келгенде, жаңа технологиялар арқылы әдебиет сабақтарында қиын сөздер мен түсініксіз сөздерді меңгерту оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы арқылы жүзеге асатын тиімділігімен, мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызуымен, оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен, ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен тиімді.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген ынтасын артып, шығармашылықпен жұмыс істеуге, берілген тақырыпты жан-жақты ашуға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, өз ойын ашық айтып жеткізуге, өзгенің пікірін сыйлауға қол жеткіздім.
Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлеу – ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлесе отырып атқара ісі.