Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет10/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   369
Иммануил Кант
: «Енді мен адамгершілік ізгіліктің символы əдемілік
 
екенін айтқым келеді.
Тек осы тұрғыда (барлық адамдар арасында табиғи түрде, сондай-ақ басқа адамдардан міндет
ретінде талап етілетін қатынас), ішкі қарсылығына қарамастан, басқалардың келісіміне
мойынсұнғандықтан, сана қарапайым əсерлерден лəззат алуда сезінуден биік тұрады: 1) əдемілік
бірден қызықтырады (бірақ адам түйсігіндегі бейнесінде ғана, моральдық тұжырымдамада емес);
2) ол ешқандай тартымды болмаса да қуантады; 3) қиял еркіндігі (біздің қабілетіміздің
сезімталдығы) ұғыну заңына сай (моральдық түсінікте ерік-жігер бостандығы оның өз-өзімен
сананың əмбебап заңдарына сəйкес келісімде болуы тұрғысында қарастырылған) əдемілік туралы
түйсіну түрінде көрініс табады; 4) сұлулықты бағалаудың субъективті қағидасы əмбебап; демек,
барлық адам үшін ортақ болады».
Георг Гегель табиғат əлемі менталды жəне физикалық немесе біртұтас
деп пайымдады. Гректердің логикасы бойынша, «диалектика» деп атаған
ақылдың логикалық үдерістерін адамзат тарихы мен адамзат қоғамынан да,
сондай-ақ табиғаттан да кездестіруге болады. Табиғи жəне əлеуметтік əлем
де логиканың менталды əлемі сияқты даму жолын басынан өткерді. Адам
логикалық диалектикалық үдерісте қарапайым нақты бақылаудан («Сократ
– адам»/
Socrates is a man
) əмбебап идеяға біріктіретін тұжырымға («Барлық
адам о дүниелік» /
All men are mortal
) көшті де, соның негізінде
 
нақты
мысал мен əмбебап идеяны бір синтетикалық пайымға («сондықтан Сократ
о дүниелік» / тherefore, Socrates is mortal) біріктіретін шешімге келді.
Адамзат тарихында əділетті қоғам туралы идея бастапқыда ішінара жүзеге
асырылады; олар мағлұмат алуға болатын, қандай да бір дəйекті ақиқат
идеяның қарапайым ережелерден тұратын формасын қабылдайды. Адамзат
тарихының осы кезеңіндегі ақиқат диалектикадағы нақты қарапайым
пайым болған сияқты. Алайда тарихтың ілгерілеуіне қарай əмбебап идея
көбіне-көп заң институттарымен біте қайнасып кетті. Бұл – шындықтың
əмбебап идеясы мен нақты институттардың əлеуметтік-тарихи жəне
логикалық дамуы ұзақ уақытқа созылатын бірігу сатысынан өтіп, бір
бүтінге айналғаннан кейін, жалпыға ортақ қолданылатын əмбебап
қағидаларға негізделген шынайы заңға айналуын қамтамасыз ететін
күрделі үдеріс. Үкімет немесе мемлекет мүддесі тұрғысынан қалыптасқан
мұндай 
нақты 
тəжірибелік 
институттар 
ақыл-ой 
идеяларымен


қанықтырылған.
Осыған ұқсас құбылыс өнерде де орын алды. Ерте кезеңдегі өнер əмбебап
мағынаға ие болмаған қарапайым бейнелерден тұратын. Олар тек нақты
нысандардың ұқсас суреттері ретінде көрінді; ешқандай көркемдік
мағынаға ие болған емес. Бірақ уақыт сынағында өнер өзінің логикалық
үдерісіне тəн даму жолын басынан өткере келе, жалпыға ортақ идея мен
сезімдік объектіні, сананы жəне нақты қауымдық форманы біріктіретін
күрделі құбылысқа айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет