Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет9/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   369
Готхольд Лессинг
: «Менің пайымдауымша, сурет өнері өзінің құрылымында поэзияға
қарағанда мүлдем бөлек əдістер мен белгілерді, яғни уақытқа қатысты артикуляцияланған
дыбыстарды емес, кеңістіктегі сандар мен түстерді пайдаланады. Егер уақытқа тиісті белгілер
өздері беріп отырған мағынаға тікелей қатысты болса, кеңістіктегі белгілер белгілі бір
нысандарды толықтай немесе жартылай сипаттауға негізделген.
Кеңістіктегі нысандар немесе олардың бөліктері дене деп аталады. Сол денелер көзге көрінетін
қасиеттерімен қоса, бейнелеу өнерінің басты нысандары да болады.
Бірінің ізін бірі басатын қозғалыстағы нысандар немесе олардың бөліктері əрекеттер деп
аталады. Іс-əрекеттер поэзияның басты нысандары болады деуге негіз бар.
Алайда поэзияның символдары тек дəйекті ғана емес, еркін формада да көрініс беретіндігі
жайында пікірлер болды; сондай-ақ еркін символдар ретінде олар ғарыштағы денелерді сол
қалпында толықтай сипаттай алады. Бұған мысалды Гомердің өзінен-ақ алуға болады. Ахиллестің
қалқаны туралы бір үзіндіден-ақ белгілі бір нысанның құрамдас бөліктерін бір мезгілде
дискурстық тұрғыдан да, поэтикалық тұрғыдан да сипаттауға болатынына көз жеткіземіз.
Бірақ Гомер қалқанды толықтай аяқталған, пайдалануға болатын дайын қару ретінде емес,
дайындалу үстіндегі нысан түрінде суреттейді. Ол өзінің субъектісінде қатар өмір сүретін
нысанды қайта жасауда осы тамаша көркемдік əдісті қолданады; соның негізінде зеріктіретін
суреттеуден гөрі ұстаның əрекетін беру арқылы жанды сурет жасайды. Біз қалқанның өзін емес,
хас шебердің құдіретімен оның қалай жасалып, қалқанға айналғанын көреміз. Ұстаның пішінсіз
қатты затты тістеуікпен ұстап, төстің үстіне қойып, балғаның соққысымен телшелерді қалай
шыңдағанына, қалқанды көркемдеуге арналған қоладан оны қалай
 
бедерлегеніне куə боламыз».
Кант өзінің жоғары жəне төменгі саналық қабілеттерімен ерекшеленеді.
Жоғары саналық қабілет дегеніміз – оның таза идеяға, абстракцияға
бейімділігі. Ол неғұрлым нақты пайымдаулар мен түйсінуге байланған
тəжірибелік һəм сезімдік қабілеттерден тұрады. Жоғары сананың əмбебап
идеялары адамның ең таңдаулы мінез-құлқына тəн. Канттың көзқарасы
бойынша, сана ұғымы риясыз əрі заңды болуы тиіс. Адамға қатысты кез
келген əрекетті реттеуде
 
бейтарап ұстанымда болу үшін, ол біреуді
байытуға немесе белгілі бір жеке сезімдік лəззаттарға бой алдыру сияқты
ерекше мақсат-мүддеден аулақ болуы тиіс. Өнер таза себепке емес, тікелей


сезімге əсер ететіндіктен, ол мұндай жоғары деңгейдегі əмбебаптыққа қол
жеткізе алмайды. Оның бар ұсына алатыны – «мақсатсыз мақсатқа
ұмтылу». Кант адам миының қалай дамығанын ескере отырып, одан не
күтуге болатынын болжады. Ол қабілеттердің сəйкестігін, сұлулықты
бағалай білуді жəне ненің жақсы екенін айқындай алатын моральдық əдіске
тоқталды. Мысалы, оның ойынша, əдемілік жайында пікір айту баршаға
ортақ орындалуға тиіс
 
моральға ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет