Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет8/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   369
Данте Алигьери
: «Жазбалар, ең алдымен, түсінікті тілде жазылуы тиіс жəне негізгі төрт түрлі
мағынаны қамтуы керек. Алғашқысы – тура мағына. Мұнда сөздер тек тура мағынасында ғана
қабылданып, сол мағыналық шектің аясынан шықпайды. Екіншісі – аллегориялық мағынадағы
ауыспалы түрі. Бұған ақындардың шығармалары мысал бола алады. Айталық, Овидий
шығармасында өзінің кейіпкері Орфейдің ішекті-шертпелі музыкалық аспабының сүйемелдеуімен
жабайы аңдарды қолға үйретіп, ағаштар мен тастарды өзіне қарай жылжытқанын суреттейді.
Сөйтіп, ол қатыгез жүректі жан дүниені тебірентерлік əннің құдіретімен жұмсартып, ізгілендіру
арқылы адамның бойындағы білім мен өнерге деген құштарлығын оятуға болатынын астарлап
жеткізеді. Ал өз өмірінен саналы мəн-мағына таба алмаған адамды автор жансыз тасқа теңейді.
Ойшылдың неліктен бұлай жұмбақтағаны соңғы кітабында көрсетіледі екен. Шынында,
құдайшылдар бұл мағынаны ақындарға қарағанда мүлдем басқаша тұрғыдан қабылдайды; мен
ақындардың шығармаларына сүйеніп, олардың қолданысына сəйкес аллегориялық мағынаны
қарастырамын.
Үшіншісі ғибраттық мағына деп аталады; яғни ұстаздардың Библия мəтіндерінен өздеріне жəне
оқушыларына пайдалы мəліметті алуына мəн беріледі; мысалы, Інжілде Иса пайғамбардың тау
басына сиынуға барғанда, он екі шəкіртінің тек үшеуін ғана өзімен бірге ерткені белгілі. Мұндағы
ғибраттың мəні маңызды мəселеде серік болатын адамдардың аз болғаны абзал деген ойды
аңғартады.
Төртінші мағынасы – аналогтік, яғни сезімнен тыс деген мағынаға саяды; Библия рухани
мағынада түсіндірілгенде, ол дəлме-дəл мағынасында да қолданысқа түседі. Бұл Библияның бір
бөлігі саналатын «Пайғамбар жырында» 
(song of the Prophet) 
көрініс тапқан. Онда Израиль халқы
Мысырдан шыққанда, күллі яхудейдің біртұтас əрі еркін болғандығынан ақпарат беріледі.
Шығарманың хатқа тікелей байланыста жазылғандығы, сонымен қатар рухани дүниеге


арналғандығы айқын сезіледі. Əсіресе жан күнəдан тазарғанда оның рухы биіктеп, бүтін əрі еркін
қалыпқа түседі. Осындай сөз қолданыстарында əрқашан тура мағына алдыңғы қатарда болуы
тиіс. Өйткені өзге мағыналардың барлығы осы алғашқы тура мағынаның тасасына жасырылады
һəм онсыз сөздің өзге мағыналық
 
сипатын аллегориялық тұрғыдан
 
қарастыру мүмкін емес».
Жан-жақты білім беру жүйесі орныққан Италиядағы Қайта өрлеу
дəуірінде адамның танымдық қабілеттерін дамытуға, əдеби теориядан
саяси теорияға дейінгі соны ойлардың бірнеше тармақтарын қайта
жаңғыртуға мүмкіндік туды. XVIII ғасырға дейін жалғасын тапқан Қайта
өрлеу дəуірі əдебиетінде грек идеялары басым болды, өйткені жастарды
тəрбиелеуде, білім беру жүйесінде ескі грек мəтіндеріне баса назар
аударылды. Дінбасылары əдебиетті оқу дегеніміз – моральдық тəрбиенің
формасы екеніне күмəн келтірмеді. Филипп Сидней сынды жазушылар
əдебиет шынайы өмірдегі кейіпкерге қарағанда, əлдеқайда мінсіз
суреткерлікке бой алдырады деген көзқараста болды. Əдебиет көркем
мысалдар арқылы үйретеді.
Осы кезеңдегі эстетика мəселесі төңірегінде туындаған тағы бір
пікірталас классицизм деп аталды. Мұндағы басты идея өнер Платон мен
Аристотель бекіткен ережелерге сəйкес болуы керек деген ұстанымға
құрылды. Аристотельдің өмірді имитациялау тұжырымынан туған мимесис
ұғымы жалпы өнер атаулының барлығы тек шынайы өмірді немесе
табиғатты имитациялау негізінде баяндалуы тиіс деген ереженің
туындауына себепкер болды. Жазушы табиғатты негізге ала отырып, өз
тарапынан көркемсөзге иелік бермей, мүмкіндігінше қарабайыр тілге
сүйенуге тиісті болды.
Гуманистік дəуірдің ең жаңашыл ойшылдарының бірі ретінде
Джамбаттиста Виконы атауға болады. Оның жаңа ғылымы ХХ ғасырдың
тілдік философиясын зерделейді жəне бұл ұғымның тілдің барлық
метафоралық сипатында мойындалатындығын көрсетеді.
XVIII ғасырда жаңа ойлау тəсілі алға шықты, сонымен қатар ол көп
жағдайда рационализм деген атауға ие болды. Өйткені ол ақыл-ойдың
(сананың) əрекеттерін тұжырымдауға негізделді. Ұтымды идеялар
трансцендентті (олар біз күнделікті қабылдайтын қарапайым дүниеден тыс
тұрады) əрі əмбебап (олар біздің көз алдымызға жалғыз қызғалдақтың
бейнесін ғана алып келмейді, барлық қызғалдақтарға тəн ортақ қасиеттерді
жинақтап беруге мəн береді) болады. Сол себептен Сэмюэл Джонсон
сынды теоретиктер əдебиет жеке оқиғалар мен кейіпкерлерді қалай
бейнелей алатындығымен емес, «əрдайым ұқсас болатын ортақ
трансценденттік шындықтарға» қалай жете алатындығымен маңызды деп


пікір таластыра бастады.
Осы 
кезеңде 
Германияның 
білім 
беру 
жүйесі 
айтарлықтай
күрделенді.Рационалистік 
əдебиет 
теориясын 
жетілдіруде 
Готхольд
Лессинг, Иммануил Кант пен Гегель сынды бір топ неміс ойшылдарының
орны ерекше болды. Сол кезеңдегі жазу мəдениетіне
 
классикалық
 
грек
жəне рим үлгілері əлі де ықпал етіп тұрғандықтан, Лессинг поэзия мен
сурет өнерінің маңызды сипаттамаларын қарастыруға назар аударды.
Көптеген ғалымдар поэзияны оқығанда, адам сурет көріп отырғандай күйге
енуі керек деген пікірде болды, бірақ Лессинг басқаша көзқарасты ұстанды.
Ол поэзия құрылымының жүйелілікке негізделетінін, сонымен бірге
уақытқа баса мəн беретінін, ал сурет өнерінің бір сəттік көрініске
негізделіп, кеңістікке құрылатын ерекше сипатына тоқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет