Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет15/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   369
Карл Маркс
: «Санадағы идеялар мен тұжырымдамалар, алдымен, материалдық белсенділік
пен адамдардың материалдық
 
қарым-қатынасына, шынайы өмірдегі орнына тікелей байланысты
шығады. Аспаннан жерге түскен неміс философиясына тікелей қарама-қайшы ұғымдар ұсынамыз,
яғни жерден аспанға көтерілеміз; адамның тəнін ажырата алуымыз үшін ол адамның не айтатыны,
нені армандайтыны, сондай-ақ ол адам туралы басқалардың не айтатыны, не ойлайтыны маңызды
емес. Нақты белсенді адамдардан жəне олардың
 
нақтылы өмірлік үдерістері негізінде
идеологиялық рефлекстердің дамуын, өмірлік үдерістің жаңғырығын көреміз. Адам миында пайда
болатын ғажайып құбылыстар, сонымен бірге, эмпирикалық тұрғыдан тексерілетін жəне
материалдық жағдайға тəуелді өмір процестерінің сублиматтары
 (sublimates).
Мораль, дін, метафизика, өзге идеологиялардың барлығы – тағы соған сəйкес сананың
формалары бұдан əрі өзара ұқсас тəуелділікті сақтамайды. Оларда тарих жоқ, даму жоқ; алайда
адамдар өздерінің материалдық игілігі мен өндірістік қатынастарын дамыта отырып, шынайы
тіршілігін, ойлау қабілетін əрі дүниетанымының аясын өзгерте алды. Өмір санамен емес,
керісінше, сана өмірді танумен анықталады. Бірінші əдісте бастапқы шығу нүктесі тірі адам
ретінде қабылданған санадан бастау алады; нақтылы өмірге сəйкес келетін екінші əдісте бұлар
нақтылы тірі
 
тұлғалардың өздері, ал сана олардың
 
өздеріне ғана тəн болып саналады.
Билеуші таптың идеялары əр дəуірде де үстемдікке ие; қоғамның материалдық байлығын
иеленген тап бірден оның үстемдік етуші зияткерлік күші болып қалады. Өз меншігінде
материалдық өндірісті иеленген тап, сонымен бірге, оның ақыл-ой өндірісі құралдарын
 
да
бақылауына алады, ақыл-ой өндірісі құралдарын иеленбегендердің идеялары оған бағынышты
болады. Үстем идеялар материалдық қатынастарға үстемдік құрушылықтың мінсіз көрінісінен
басқа ештеңе де емес, идея ретінде ұғынылған үстем материалдық қатынастар бір тапты үстемдік


құрушы ретінде жасайды, сондықтан оның идеялары үстемдікке негізделеді. Үстемдік құрушы
тапты құрайтын тұлғалар бұларды өз мүддесі тұрғысынан пайымдайды. Сондықтан да олар тап
ретінде билікті иеленіп, заманның ауқымы мен бағдарын айқындайды, осының барлығын олар өз
мүддесіне лайықтап жасайтындықтан, өз заманындағы идеяларды өндіруші жəне өндірісті
реттеуші ойшылдар ретінде əрекет етеді. Мысалы, корольдік билік, аристократия мен буржуазия
бір заманда
 
һəм бір елде билік үшін күреседі, нəтижесінде билік бөліске түседі, билікті бөлісу
доктринасы үстем идеяға айналып, «мəңгілік заң» ретінде көрініс табады. Айталық, аристократия
үстемдік құрған кезеңде абырой, адалдық ұғымы жоғары тұрды деуге болады. Үстем таптың
жалпы түсінігі осыған саяды».
Əдебиет теориясын кері бағытта қабылдаған француз символистерінің
алдыңғы сапында Стефан Малларме тұрады. Бұл қаламгер мінсіз рухани
шынайылыққа қол жеткізудегі поэзияның ерекше қабілетіне назар аударды.
Поэзия моральдық мақсатқа қызмет еткен жоқ, оған қоса, əлеуметтік
қолданысқа да ие болмады. Есесіне, бұл идеалды жаулап алудың айрықша
үстем тəсілі болды. Əдебиетте оның шебер қиыстырылған құрылымына,
тіліне жəне мазмұн байлығына зейін аударылуы тиіс. Нағыз табиғи
гүлдердің орнына ақынның «барлық гүлшоқтарына тəн қасиетті бір гүлге
жинақтап суреттеуі» жайында жазады.
Фридрих Ницше өнер теориясына қарағанда өзінің эпистемологиясымен,
түбегейлі танымдық
 
теориясымен көбірек танымал болды, алайда
«Трагедияның тууы» (
The Birth of a Tragedy)
(1872) атты еңбегінде ол
трагедия теориясын қарастырып, онда белгілі бір мөлшерде
 
ХХ ғасыр
философиясының қайшылықты əрі күтпеген өзгерулер жағдайын алдын ала
анықтаған 
теориясын 
ұсынды. 
Философтардың 
көпшілігі
 
сана
категориясын қолданып, болмысты
 
болымсыз түсініктегі əлдене деп
санады. Алайда Ницше болмысты қалыптасу барысында сипатын анық
танытпаған жалынды ағынға көбірек ұқсайтын үдеріс
 
ретінде көрді.
Дəстүрлі философия бұл радикалды қалыптасуды басып-жаншып, əлемнің
тұрақсыздығын жасыру үшін жалған ұстанымға барды. Ницше Грекияда
пайда 
болған 
балама 
дəстүрге 
оралды 
жəне 
тұжырымдамалық
тұрақтылыққа бағынбайтын өмірдің асау ағынын оның белсенді
 
қалыптасу
барысында көрсетті.
«Трагедияның тууы» атты еңбегінде осы философиялық айырмашылық
тақырыбына орала отырып, өнердегі аполлондық үдерісті, философиялық
ізденіс көзқарасы тұрғысынан танылған тіршілік иесін оқиғадан кейінгі
бірлік 
негізінде 
дəйектілікпен 
сипаттайды. 
Дионистің 
принципі
тұрақтылық пен бірлік принципіне қарама-қайшы сипатта болды, қай
нəрсені де уақытша, өзгеріске бейім, қалыптасу үдерісі үздіксіз жалғасады
деп тануға шақырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет