Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет14/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   369
Уолтер Патер
: «Философия мен таза мəдениетке, адам рухына қатысты қызмет – ояту, өмір
құбылыстарын ұдайы бақылау арқылы оны жандандыру. Əр сəтте қолыңдағы немесе бет
əлпетіңдегі қандай да бір форма мінсіздене түседі; жотадағы немесе теңіздегі қандай да бір үн
басқаларына қарағанда ерекше болып естіледі; əлдебір құштарлық немесе түсіну, интеллектуалды
толқу сезімі бізге сондай ыстық, соншалықты тартымды болып көрінеді – мұның бəрі сол бір
сəтке ғана бағынышты. Тəжірибенің жемісі ғана емес, сол тəжірибенің өзі де нəтиже. Драманы,
сан алуан өмірді сезіне білу үшін бізге берілген жүрек лүпілінің соғысы шектеулі. Олардың
ішінен ең ізгі сезіммен көруге болатын барлық нəрсені тұтас күйінде қалай көре аламыз? Өмірлік
қуат-күшімізді өзінің таза энергиясында тоғыстыратындай жігермен бір нүктеден екінші нүктеге
дейін қалайша жылдам жеткізе аламыз?
Дəл осылайша жалындап жану, сол лəззатты ұстап тұру – өмірдегі жетістіктің кілті. Тіпті біздің
өмірдегі сəтсіздіктеріміз əдетке айналады деуге болады: ал əдет таптаурындылықты
 
туындатады,
егер əрбір нəрсеге терең үңіле қарамасаң, екі адам, екі зат, екі оқиға бір-бірінен ажырағысыз ұқсас
болып көрінеді. Бəрі құрдымға кетті деп жүрген кезімізде бұрын-соңды байқамайтын əсерімізді,
жаңалықтарды, сезімімізді, түс пен иісті, суретшінің ғажап туындысын, қасымыздағы
досымыздың бет-əлпетін рухымыз бір сəтке көкжиектен биіктеп көтерілгендей шынайы бейнеде
көруге бейім боламыз. Мұндай кезде əрбір сəтті жете сезіне алмасақ, ол сəттердің осындай қиын
кезде ұсынып тұрған тосын сыйын түйсіне алмасақ, бұл – аяздан кейін күн шуағы сезілетін
уақытты күтпей, ерте ұйықтап қалумен тең. Осындай басымыздан өткен сезімдерімізді
жинақтамай, ол сезімді нақты сезініп көрмей, дəл сол сезім туралы өз теориямызды
қалыптастыруға мүмкіндігіміз болмайды. Қолымыздан келетіні – сезім туралы жаңа пікір
қалыптастырып, жаңа əсер алу; бірақ Кант, Гегельдің немесе өзіміздің жеңіл ортодоксті
(orthodoxy)
ұстанымымызға назар аудармаймыз.
Руссоның «Мінажат» (
Confession
) атты туындысының
 
алтыншы кітабындағы ең əдемі
үзінділерінің бірінде ол өзінің бойында əдеби түйсіктің оянғанын сипаттайды. Күтпеген жерден
жабысқан
 
беймəлім ажал індеті оның жанын жегідей жеді, енді өзін жалындаған жас шағында
айықпас дертке шалдыққан жандай сезінді. Ол өзінің алдында болжаусыз өмірінің қалған бөлігін
қалайша ұзартуға болатыны, ол үшін не істей алатыны туралы сұрақ тұрғанын түсінді. Оның
шешімін зияткерлік пайыммен Вольтердің жаңа еңбектерінен тапты. Олай болса ше?! Виктор
Гюго айтқандай, біз бəріміз де сотталғандармыз,
 
бəрімізге өлім үкімі алдын ала шығарылып
қойылған, алайда ол
 
белгісіз мерзімге шегерілгендігі себепті, осы аралықтағы біздің орнымыз
уақытша бос тұрады…; кейбіреулер бұл аралықты əрекетсіздікпен өткізеді, кейбіреулер
 
тым
əуесқойлыққа салынады; ең парасаттылары, тым болмағанда,
 
«осы дүниедегі қауыммен» бірге
өнер мен əннің ортасында өткереді. Біздің қолымыздағы жалғыз мүмкіндігіміз – тамырдың
соғуын ерте тоқтатпай, осы уақыт аралығын барынша
 
ұзарту. Бізге осы өмірдің
 
қуанышын сезіну,
шексіз шабыт пен махаббат
 
мұңы, көпшілігіміздің бойымыздан табылатын табиғи қасиеттер,
түрлі-түрлі риясыз жəне басқа да құлшыныс ұлы құштарлық арқылы беріледі. Тек осы құштарлық
жалындаған, сөнбес сезімнің жемісін беретінініне сеніңіз. Мұндай даналықтан туындайтын
поэтикалық құштарлық, əдемілікке ұмтылыс, өнерге деген сүйіспеншілік аса зор мəнге ие болады.
Өйткені өнер сізге, турасын айтқанда, мінсіз сападан басқа ештеңе берместен, бір сəтке жай ғана
келіп-кетеді».
ХІХ ғасырда құрлықтың басым бөлігін билеген реакциялық монархияға
қарсы революциялар бас көтерді. Табысқа кейбіреулер ғана жеткенімен,
əдебиетпен айналысатындардың ой-пікірі əдебиеттің əлеуметтік жəне саяси
рөлі туралы ойларға ойысты. Эмиль Золя сияқты реалистік жəне
натуралистік жазушылар əдебиет ғылымның жаңа əдістерін пайдалану


арқылы жəне бұрыннан келе жатқан нормалар мен қалыптасқан
заңдылықтарға күмəнмен қарай отырып, өзгерістермен бірге өзгеруге тиіс
екенін сезінді. Виссарион Белинский сияқты орыс сыншылары елді
неғұрлым ілгерілету үшін əдебиет белгілі бір рөл атқаруы керектігін
сезінді.
Карл Маркс шығармашылық, саяси қызмет жолын философ ретінде
бастағанымен, 1840 жылдары Еуропадағы радикалды саясатқа ауысты.
Еуропаутопиялық социализм идеяларымен қаруланған болатын, сондықтан
олар Еуропадағы монархияға қарсы көтеріліске қосылып, ақыр соңында,
посткапиталистік демократиялық қоғамды құруға ұмтылды. Сөйтіп,
жұмысшылар капиталистерге құл болудан босатылып, байлық теңдей
бөлінетін коммунистік жəне анархиялық
 
қозғалыстың туындауына
себепкер болды. Маркс қуғынға ұшырап, Англиядан кетуге мəжбүр болады.
Мұнда капиталистер құрған, индустрияландырылған еркін экономикалық
нарық арқылы пайда болған əлеуметтік тəртіпті талдау мүмкіндігіне ие
болды. Ол əдебиетті өзінің əлеуметтік, тарихи, саяси һəм экономикалық
сипатында таныды. Əдеби шығарманың мəнін түсіну үшін оны құрған
əлемге əрі туындаған əлеуметтік жағдайларға назар аудару керек. Əдебиет
көбінесе саяси мақсатқа қызмет етіп, «билеуші таптың билеуші идеяларын»
білдірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет